Несіпбаев Іөлеутай биология гылымдарының докторы, профессор, Кдзақстан



Pdf көрінісі
бет42/157
Дата10.04.2022
өлшемі13,53 Mb.
#30525
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   157
Байланысты:
nesipbaev t adam zhne zhanuarlar fiziologiiasy

96- 
сурақ.  Оттегімен  қосылган  гемоглобин  (оксигемоглобин)  неге 
тотыгып кетпейді?
Көп жағдайда заттардың оттегімен қосылуын тотығу деп санайды. 
Электрондық теорияға сөйкес тотығу  -  атомның,  молекуланың не 
ионның электронды беруі. Тотығу нөтижесінде өдетте энергия бөлінеді. 
Ал гемоглобин құрамында темір молекуласы болуымен байланысты 
ол оттегімен тұрақсыз, қайтарымды қосылыс - оксигемоглобин түзеді. 
Гем құрамындағы темірдің өрбір атомы оттегінің бір молекуласы- 
мен байланысады, басқаша айтқанда гемоглобиннің бір молекуласы 
оттегінің  төрт  молекуласын  қосы п  алады.  Бұл  құбылысты  мына 
реакция түрінде бейнелеуге болады:
Нв4 +   0 2  =   Нв40 2 
Нв40 2+  0 2  =   Нв4  ( 0 2)2 
Нв4( 0 2)2+   0 2 =   Нв4  ( 0 2)3 
Нв4( 0 2)3+   0 2  =   Нв4 ( 0 2)4
Бұл  реакциялардағы  оттегінің  гемоглобинмен  қосылуы  тотығу 
процесіне жатпайды, себебі реакция кезінде темір атомы электрон жо- 
ғалтпайды, темір екі валентгі күйінде қалады. Сол себепті бүл процесс 
тотығу (оксидация) емес, отгегімен қанығу (оксигенация) деп аталады.
97- 
сурақ.  Тыныс  алу га  муқтаждық  қалай  туындайды? Д ем   алу 
және дем иіыгару процестері қалай алмасып отырады?
Организм өзінің тіршілік  өрекетін сақтау, құрылымдарын өзгертіп, 
ж аңары п  отыру  үш ін  көп   м өлш ерде  қу ат  ш ы ғы ндайды .  Ал, 
организмнің шығындаған қуаты белокгардың, көмірсулардың, май- 
лардың тотыгуы нөтижесінде толықтырылып отырады. Өз кезегінде 
тотығу  процесін  жүргізу  үшін  отгегі  қажет.  Денеде  оттегі  қоры 
болмайтындықтан организм оны өзіне қажетті мөлшерде қоршаған 
ортадан алып отырады. Бүл қызметті тыныс алу мүшелері атқарады.
Ал ұлпалар мен мүшелердің оттегіне сұранысынан жөне денеде 
жиналған көмір қы ш қы л газдың организмге өсерінен тыныс алуға 
мұқтаждық туындап отырады.  Бұл құбылыстың мөнін ұғыну үшін 
тыныс алу процесінің реттелу механизмін талдап өткен жөн.
Жоғары сатыдағы омыртқалылардың тыныс алу процесі үш түрлі 
рецепторлық (сезімтал) қүрылымдардың қатысуымен атқарылады. 
Оның  бірі  -  тыныс  орталығына өкпенің  керілу жөне  солу деңгейі 
жайлы ақпарат жіберіп отыратын өкпедегі сезімтал нерв  ұштары  - 
рецепторлар.
Мида тыныс орталыгының болатыны жайлы алгашқы болжамды 
1812 жылы Легалуа айтқан.  Осыдан отыз жыл өткен соң 1842 жылы
79


Флуранс сопақша миға ине қадау арқылы төжірибе үстіңде тынысты 
тоқтатып,  малды өлтіруге болатынын дөлелдеген.  Сопақша мидың 
осы  нүкгесі  “өмір  түйіні”  деген  атқа  ие  болған.  1885  жылы  орыс 
физиологы Н. А.  Миславский тыныс орталығының сопақша мидың 
торлы қүрылымының (ретикулярлы формация) төріінші қарыншасы- 
нъщ түбіңде орналасатынын анықтады. Бұл орталық дем алуды  жөне 
дем шығаруды реттейтін  бөлімдерден түрады.  Олардың өрекетін 
ми  көпірінде  орналасқан Лумсден аш қан  пневмотаксистік орта- 
л ы қ  реттейді.  Бұл орталық дем алынған кезде дем шығару орталы- 
ғы н,  ал дем  ш ығарылған  кезде  — дем  алу  орталығын  қоздырып, 
дем алу жөне дем шығару процестерінің ы рғақты түрде алмасып 
отыруына мүмкіндік береді.
Өкпе ұлпасынан тыныс орталығына рефлекстік эсер болатынын 
1868 жылы  Э. Геринг пен И. Брейер дөлелдеді. Кезеген нерв окпеде 
екі түрлі  механорецепторлар түзеді.  Олардың бір түрі өкпе  ұлпасы 
керілгенде, екінші түрі — солғанда тітіркенеді. Олар орталыққа қай 
кезде дем алу немесе дем шығару процесін тоқтатып, оларды қарама- 
қарсы  өрекетпен алмастыру қажеттігін хабарлап отырады. Дем алу 
кезеңінде өкпедегі механорецепторлар қозу толқынын орталықтың
экспирациялық бөліміне бағытгайды, сондықтан инспираторлар өрекегі 
тоқтап,  дем  шығару кезеңі  басталады.  Ал  дем  шығарылған  кезде 
механорецепторлардың екінш і түрі тітіркеніп,  қозу орталықтың 
и н сп и р ац и ял ы қ   бөлім іне  бағы тталады  да,  эксп и р ац и я  то қтап , 
и нспирация басталады. Сонымен, дем алу рефлекстік жолмен дем 
шығаруды,  ал дем шығару - дем  алуды тудырады.  Тынысты реф- 
лекспен реттеуде плевра,  көкірек жөне қү р сақ ерттерінің механо- 
рецёпторлары да қатысады.
Тынысты  рефлекстік  жолмен  реттеуде  күре  тамыр  мен  қолқа 
түйіндеріндегі хеморецепторлар да маңызды рөл атқарады. Бұл хемо-
рецепторлар қанны ң газдық 
қүрамын бақылап отырады, 
қ а н д а   о ттегі  м ө л ш е р ін ің  
азаюы  салдарынан  қозады. 
С о н д ы қ т а н   қ а н д а   оттегі 
мөлшері  төмендесе,  тыныс 
рефлекс түрінде жиілейді.
Хеморецепторлар  тыныс 
орталығының өзінде де бола- 
ды.  Олар  қан   қүрамындағы 
көмір қышқыл газ мөлшерін 
қадағалап отырады. Егер қан- 
да  көмір  қы ш қы л  газының


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет