Несіпбаев Іөлеутай биология гылымдарының докторы, профессор, Кдзақстан



Pdf көрінісі
бет55/157
Дата10.04.2022
өлшемі13,53 Mb.
#30525
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   157
123-сурақ.  Куйіс қайыру деген не,  ол қалай атқарылады және қан- 
дай жануарлар куйіс қайырады?
Мал қабылдаған жем-шөптің азықтандыру аральпъщда мес қарын- 
нан ауызға қайтарылып,  мүқият шайналып,  қайта жұтылуын куйіс 
қайыру деп  атайды.  Мал  бір лоқсыған  кезде  мес  қарыннан  ауызға 
оралған жын мөлшерін куйістік,  оны шайнау процесін -  куйсеу, ал 
осы процестің атқарылу мерзімін - куйістеу кезеңі дейді.  Күйіс ма- 
лына  аша түяқ жануарлар  (ш ош қа мен бегемоттан  басқа)  мен  сірі 
табандылар (түйе, лама) жатады.
Күйіс қайыру күрделі рефлекс түрінде атқарылатын процесс. Ол 
жынның ірі бөлшектерінің жүмыршақ (тоғайрақ), қарын сағасы (мес 
қарын кіре берісі) мен өңеш тесігінің кілегей қабьпъш тітіркендіруінен 
басталады. Аталған аймақтар механо-, баро-, тангио- (жанасу) жөне 
тензио-  (керіду)  рецепторларына  бай  келеді.  Осы  аймақтардан 
тітіркеніс кезеген нерв арқылы сопақш а мидағы күйіс орталығына 
беріледі.  Орталықтан қозу толқыны кезеген нервпен қары н қабыр- 
ғасының еттеріне, жүлын арқылы кокет пен кеуде етгеріне бағытга- 
лады да, олардың үйлесімді өрекетгерін тудырады.
Күйіс қайыру процесі көмекей пердесінің жабық жағдайыңда мал- 
дьщ дем алуга жасаған өрекетінен басталады. Осы кезде қабырғалар 
көтеріліл, көкет жиырылады да, мес қарын мен жұмыршақ қысыла- 
ды.  Көкірек қусының  көлемі  үлкейгендіктен  ондағы  теріс  қысым 
деңгейі с.б.  15-20 мм-ден 50-60 мм-ге дейін артады. Осының салда- 
рынан өңештің қарынмен жалғасқан бөлігі ш анақ төрізді кеңейеді 
де,  оған  жүмыршақ  пен  мес  қарындағы  жынның  белгілі  бір  үлесі 
сорылады. Осыдан өрі өңештің қарсы толқынды (антиперисталтика- 
лы қ)  жиырылуының  өсерінен  жынның  өңешке  өткен  үлесі  ауыз 
қуысына қайтарылады.  Осы сөтге көмекей пердесінің ж абық жаг- 
дяйында мал пөрменді дем шығарады да, көкірек қуысындағы қысым
103


жоғарылап, өңештің төменгі бөлігінде басталған толқынды (перистал- 
тикалық) жиырылудың саддарынан ондағы жынның қадцығы қайта- 
Дан мес қарынға қайтарылады. Ауыз қуысындағы күйістіктің сұйық 
бөлігі  сығылып,  кері жұтылады да,  қою  бөлігі  мұқият шайналады. 
Сілекеймен шыланып, қайта жұтылған күйістік мес қарынның  дор- 
сальдық қапшығындағы  жынмен араласады. Бірнеше секундтан кейін 
баяңдалған құбылыстар қайтадан қайталанады.
Мал азық қабылдасымен бірден күйістемейді. Ірі қара 30-70, май- 
Д а  
тұ яқ  - 20-40 минуттан соң күйістей бастайды. Түнде мал күйісті 
жиі  қайырады  да,  төулігіне  6-8  рет  күйістейді.  Әрбір  күйіс  кезеңі 
40-50 минутқа созылады.
124-сурақ.  К уйісм алы  қарнының қандай ерекшеліктері болады?
Күйіс малы қарны ны ң қүрылысы өте күрделі,  ол төрт бөлімнен 
тұрады.  Олар  мес  қарын,  жұмырш ақ  (тоғайрақ),  қатпаршақ жөне 
үлтабар.  Түйеде қатпарш ақ болмайды,  оның қарыны үш бөлімнен 
тұрады.  Қары нның алдыңғы  үш  бөлімін  қосалқы  немесе  алдыңғы 
қарын, ал ұлтабарды — нағыз қарын дейді (22-сурет). Алдыңғы қарын- 
ның кілегей қабығы көп  қабатты жалпақ эпителиймен қапталады, 
оңда без болмайды, сөл бөлінбейді.
Мес қарын - алдыңғы қарынның ең үлкен бөлімі.  Оның сыйым- 
дылығы ірі қарада 100-300 л, түйеде де осы шамалас, қой мен ешкі- 
де  -  12-20 л,  кілегей қабығы  көптеген еміздікшелер түзеді.
Түйенің мес қарны өзгешелеу болады  (23  -  сурет).  Түйе  мес  қар- 
ныңда кілегейлі қабығы ұяшықтарға бөлінген қарын қалтарысы (ди­
вертикула) пайда болған.  Ол оң жөне сол бөлімдерден (бірінші жөне 
екінші реттік бөлімдерден)  тұрады.  Бұл  құрылым  “сулы қапш ы қ” 
деп  аталып  кеткен.  Оны  су  қоймасы  деп  есептеген.  Бірақ  қарын 
қалтарысыньщ көлемі (5 л шамасында) мен құрылымы оның су алма-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет