Несіпбаев Т., Исхан Қ. Ж., Несіпбаева А.Қ. ҚҰс физиологиясы


– тарау. Орталық жүйке жүйесінің жалпы физиологиясы



бет79/103
Дата25.11.2023
өлшемі0,92 Mb.
#126940
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   103
Байланысты:
Ќан жїйесі физиологиясы-emirsaba.org

12тарау. Орталық жүйке жүйесінің жалпы физиологиясы
Орталық жүйке жүйесінің құрылымдық сипаты және қызметі. Орталық жүйке жүйесі ішкі және сыртқы әсерлерді қабылдап, оған жауап беру нәтижесінде организмді қоршаған ортаның өзгерген жағдайларына бейімдейді. Сонымен қатар, жүйке жүйесі әртүрлі органдардың, ұлпалардың, торшалардың қызметін реттеп, оларды өзара үйлестіріп, организмнің біртұтастығын қамтамасыз етеді. Демек, жүйке жүйесі жеке органдар мен бүкіл организмнің күрделі әрекетін басқарып, түрлі физиологиялық процестердің үйлесімді жүруін қамтамасыз етеді.
Құстардың жүйке жүйесі орталық және шеткей бөлімдерге бөлінеді. Жүйке жүйесінің орталық бөлімін жұлын мен ми құрайды да, шеткей бөлігі жүйке торшаларының өсінділілерінен пайда болады.

Жүйке жүйесінің негізін – нейрондар құрайды. Нейрон деп жүйке торшасы мен оның өсінділерінің жиынтығын айтады. Әрбір нейронда төрт құрама болады: жүйке торшасының тұлғасы (денесі), қысқа өсінділер - дендриттер, ұзын өсінді - нейрит, аксон және аксон ұштары, немесе терминалдар (18-сурет).



Нейрон тұлғасы, немесе сома, талдау - синтездеу процестерін жүргізеді. Оның құрамында ядро, рибосомалар, эндоплазмалық тор және басқа қосындылар болады. Нейрон денесінде медиаторлар, торша белоктары және басқа компоненттер түзіледі.

А

ксон - жүйке торшасының ұзын өсіндісі, ол жүйке импульстерін басқа құрылымдарға (жүйке, ет, без) жеткізеді. Сезімтал (сенсорлық) нейрондар аксоны тітіркеністі шеткі рецепторлардан ОЖЖ-не бағыттайды. Қозғағыш (моторлық) нейрондар аксоны жүйке импульстерін ОЖЖ-нен дене еттеріне, ішкі ағзаларға жеткізеді.


18-сурет. Нейронның құрылым принципі:
1 – дендрит тікенектері, 2 – нейрон тұлғасы (сома), 3 – аксонның бастапқы сегменті, 4 – коллатераль, 5 – миелин қабығы, 6 – үзілімдер, 7 – аксон ұшы.
Аксон аяқталар жерінде тарамданып, жіңішке тармақтар (терминалдар) түзеді де, әрбір терминал өздері жалғасатын торшалармен арнаулы жалғамалар (синапс) құрады.

Дендриттер жүйке торшасының бұтақтана тармақтанған қысқа өсіндісі. Олар басқа нейрондар әсерін синапс арқылы қабылдайды. Әрбір жүйке торшасының дендриттерімен жүздеген немесе мыңдаған нейрондар аксонының терминалдары жалғасады.
Нейрондар атқаратын қызметіне қарай үш топқа бөлінеді. Олардың бір тобы тітіркеністі рецепторлардан ОЖЖ-не жеткізеді. Бұл сезімтал, афферентік, немесе сенсорлық нейрондар. Олардың тітіркеністі өткізетін ұзын өсінділерін орталыққа тепкіш жүйке талшықтары дейді.
Нейрондардың екінші тобы қозуды ОЖЖ-нен торшаларға, ұлпаларға, органдарға жеткізеді. Оларды эфференттік немесе қозғағыш нейрондар деп атайды. Олардың шеткей жүйке құрамына кіретін ұзын өсінділері орталықтан тепкіш жүйке талшықтары деп аталады.
Нейрондардың үшінші тобына сезімтал және қозғағыш нейрондарды бір-бірімен жалғастыратын аралық немесе жалғаушы нейрондар жатады. Жалғаушы нейрондар тек ОЖЖ-сі аумағында орналасады.
Аксон ұшының басқа жүйке торшасының денесімен немесе өсінділерімен жалғасқан жерін орталық синапс деп айтады. Синапс – күрделі құрылым, ол қозуды немесе тежелуді біржақты өткізетін торшааралық үзілмелі байланыстың ерекше түрі. Синапс үш бөліктен: алдыңғы шептік (пресинапстық), артқы шептік (постсинапстық) мембраналардан және синапс саңлауынан, тұрады.
Аяқталар жерінде аксон ұшы миелин қабығын жоғалтып, сәл жуандайды да, көптеген тарамдар түзеді. Осы тарамдар мембранасы пресинапстық мембрана деп аталады. Оның ішінде митохондриялар және медиаторлы көпіршіктер орналасады. Аталған тармақтар басқа нейронмен түйіскенде, онда көптеген ойыстар мен қатпарлар пайда болады. Атқарушы орган не қабылдаушы нейрон мембранасының осы бөлігін постсинапстық мембрана деп атайды. Пресинапстық және постсинапстық мембраналар арасында ені 50 нм кеңістік - синапстық саңлау орналасады.


Синапсқа бірнеше физиологиялық қасиет тән. Олар қозуды бір бағытта өткізеді, қозу толқынының таралу шапшандығын баяулатады (қозуды бөгейді). Синапсқа қажу құбылысы тән, себебі онда зат алмасу процесінің қарқыны жоғары болады.
Қоздырғыш синапстар қозу толқынын ацетилхолин медиаторын бөлу арқылы таратады. Аксон ұшына жеткен жүйке импульсі әсерімен синапс көпіршіктерінен медиатор бөлінеді. Бөлінген медиатор пресинапстық мембрана арқылы синапстық саңлауға өтеді де, одан әрі постсинапстық мембрананың белгілі бір бөліктеріне - рецепциялық учаскелеріне, бекиді. Осының нәтижесінде постсинапстық мембрананың натрий иондарына өтімділігі күрт жоғарылап, олар синапстық саңлаудан постсинапстық мембранаға өте бастайды да, мембрана үйексізденіп, қоздырушы постсинапстық потенциал туындайды. ҚПСП шектік деңгейге жеткенде әрекет потенциалы пайда болады да, ол постсинапстық нейронды қоздырады. Бөлінген ацетилохин холинэстераза әсерімен өте шапшаң холин және сірке қышқылына ыдырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет