Нұғыманова Н. Дүниежүзi



бет7/18
Дата06.10.2023
өлшемі0,55 Mb.
#113069
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Байланысты:
9 Д.Т. Жұмыс дәптері

жұмыс. Картаны пайдаланып талдау жасаңдар.

  1. Гитлердiң “қауырт соғыс” жоспарын күйреткен кеңес әскер-

лерiнiң қарсы шабуылына сипаттама берiңдер.



  1. “Қазақстан тарихы” (9-сынып) оқулығын пайдаланып, қа- зақстандықтар ерлiкпен ұрыс жүргiзген аудандарды атаңдар.



II БӨЛIМДI ҚАЙТАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Жапон милитаризмiнiң негiзгi ұйымдастырушысы кiм болды: а) Император;

ә) Танака;
б) Князь Каноэ?

  1. 1937 жылы 7 шiлдеде Жапония қай елге қарсы “үлкен соғыс” бас- тады:

а) Қытайға; ә) Кореяға;
б) Үндiқытайға?

  1. “Үштiк пакт” аталған соғыс одағын қай елдер құрды:

а) Венгрия, Италия, Жапония; ә) Жапония, Италия, Германия;
б) Германия, Венгрия, Жапония?

  1. Қытайда 1919 жылы “4 мамыр қозғалысы” неден басталды: а) саудагерлердiң ереуiлдерiнен;

ә) студенттердiң ереуiлдерiнен;
б) жапон тауарларына бойкот жариялаудан?

  1. 1921 жылы сәуiрде кiм Қытай Республикасының президентi болып

жарияланды:
а) Ли Дачжао; ә) Дэн Сяопин; б) Сунь Ятсен?

  1. Қандай оқиға 1925—1927 жылдары Бүкiлқытайлық революцияға

түрткi болды:
а) “30 мамыр қозғалысы”; ә) “4 мамыр қозғалысы”;
б) Чан Кайши террор жүргiздi?

  1. Моңғол Халық партиясының ұйымдастырушысы болған кiм:

а) Чойбалсан; ә) Цеденбал; б) Сухэ-Батор?

  1. Моңғол Халық Республикасы қай жылы құрылды:

а) 1921 ж.;
ә) 1924 ж.;
б) 1928 ж.?

  1. Үндi Ұлттық конгресiнiң белгiлi жетекшiсi болған кiм: а) Б.Тилак;

ә) М.Ганди;
б) Д.Неру?

  1. 1916 жылы Үндiстанда:

а) мемлекеттiк төңкерiс болды;
ә) М.Ганди “Тұз жорығын” бастады;
б) ұлт-азаттық қозғалыс басталды.

  1. Азаматтық бойсұнбаушылық қозғалысы екiншi рет қай жылы болды:

а) 1922 ж.;
ә) 1930 ж.;
б) 1933 ж.?

  1. Иранда Көшек хан төңiрегiне жиылған партизан жасақтарын кiм деп атады:

а) шляндар; ә) энземилер;
б) жыңғылдықтар?

  1. 1920 жылы 5 маусымда қай ел республика болып жарияланды:

а) Гилян республикасы; ә) Хорасан республикасы; б) Парсы республикасы?

  1. Иранда Реза хан Пехлеви үкiметi қай салаға көп көңiл бөлдi:

а) темiржол мен тасжолдар салуға;
ә) жұмыссыздықты жоюға; б) шекараны нығайтуға?

  1. Түркияның тәуелсiздiгi жарияланған жыл:

а) 1920 ж.;
ә) 1918 ж.;
б) 1922 ж.

  1. 1921 жылы Сакария өзенiнiң бойындағы шайқаста түрiк ар- миясы ... талқандады.

а) ағылшын басқыншыларын; ә) грек басқыншыларын;
б) болгар басқыншыларын.

  1. 1905 жылы М.Кемал ... саяси үйiрмесiн құрды. а) “Жас түрiктер”;

ә) “Ватан”;
б) “Құқық қорғау қоғамы”.

  1. Мандат тәртiбi сақталған Сирия республикасы қай жылы өмiрге келдi:

а) 1925 ж.;
ә) 1930 ж.;
б) 1927 ж.?

  1. 1930 жылы тәуелсiздiгiн жариялаған Араб елi: а) Ливан;

ә) Иран; б) Ирак.

  1. 1939 жылы кеңес әскерi қай елге соғыс әрекетiн бастады:

а) Финляндияға;
ә) Эстония, Литва, Латвияға;
б) Польшаға?

  1. Не себептен Ұлттар Лигасы КСРО-ны өзiнiң құрамынан шығарып

тастады:
а) Германияны қолдады;
ә) Батыс Украинаның жерiн өзiне қосып жiбердi;
б) Финляндияға қарсы соғыс әрекетiн бастады?

  1. “Азат Франция” патриоттық қозғалысын кiм құрды:

а) Эррио; ә) Петен;
б) де Голль?

  1. 1941 жылдың жазына қарай Германия мен Италия қанша елдi

басып алды:
а) Еуропаның 10 мемлекетiн; ә) Еуропаның 12 мемлекетiн; б) Еуропаның 15 мемлекетiн?

  1. “Барбаросса” жоспары бойынша КСРО-ны гитлершiлдер қанша

уақытта жаулап алуға жоспарлады:
а) 1 жыл iшiнде;
ә) жарты жыл iшiнде; б) 8—10 апта iшiнде?

  1. Мәскеу түбiндегi шайқас қашан болды: а) 1941 жылы желтоқсанда;

ә) 1942 жылы қазанда; б) 1941 жылы шiлдеде?

  1. 1942 жылы 1 қаңтарда 26 мемлекет қандай құжатқа қол қойды: а) Бейтараптық туралы келiсiмге;

ә) Бiрiккен Ұлттар Декларациясына;
б) Әскери көмек туралы келiсiмге?

  1. Сталинград түбiндегi шайқаста қанша фашистiк дивизия тал- қандалды:

а) 150 фашистiк дивизиясы; ә) 80 фашистiк дивизиясы;
б) 100-ден астам фашистiк дивизиясы?

  1. 1945 жылы ақпанда қандай тарихи оқиға болды:

а) Мәскеу конференциясы; ә) Тегеран конференциясы; б) Қырым конференциясы?

  1. Фашистiк Германияның сөзсiз тiзе бүгуi актiсiне қашан қол

қойылды:
а) 1945 жылы 9 мамырда;
ә) 1945 жылы 2 қыркүйекте;
б) 1945 жылы 8 мамырда?

  1. Екiншi дүниежүзiлiк соғыс Жапонияның тiзе бүгуiмен аяқталды. Қай жылы:

а) 1945 жылы 2 қыркүйекте;
ә) 1945 жылы 2 қазанда;
б) 1945 жылы 2 шiлдеде?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет