«Ниет еттім Алла разылығы үшін бүгінгі таң намазының парызын оқуға, жүзімді қараттым құбылаға»


«Аллаһумма салли алә Мухаммәдин уа алә әәли Мухаммәд, кәмәә саллайтә алә Ибраһимә алә әәли Ибраһим, иннәкә хамидум мәжиид»



бет4/4
Дата18.05.2023
өлшемі0,54 Mb.
#94562
1   2   3   4
«Аллаһумма салли алә Мухаммәдин уа алә әәли Мухаммәд, кәмәә саллайтә алә Ибраһимә алә әәли Ибраһим, иннәкә хамидум мәжиид».
Мағынасы: «Я,Алла! Ибраһимге және ұрпақтарына рахмет еткеніңдей Мұхаммедке және Мұхаммедтің ұрпақтарына да рахмет ет. Шын мәнінде Сен аса мақтаулы, әрі жоғарысың».
Сосын «Аллаһумма барик» дұғасын айтады:«Аллаһумма бәрик алә Мухаммәдин уа алә әәли Мухаммәд, кәмәә бәәрактә алә Ибраһимә алә әәли Ибраһим, иннәкә хамидум мәжиид».
Мағынасы: «Я, Алла! Ибраһимді және ұрпақтарын мүбәрәк еткеніңдей Мұхаммедті және Мұхаммедтің ұрпақтарын да мүбарак қыл. Шын мәнінде Сен аса мақтаулы, әрі жоғарысың».
Содан кейін «Раббәнә әтинә» дұғасы айтылады:«Раббәнә әәтинә фид-дүния хасанатән, уа фил-аахирати хасанатән, уа қинәә азәбән-нәр».
М ағынасы: «Я,Алла! Бізге дүниеде де жақсылық бер, ақыретте де жақсылық бер. Және тозақ отынан сақтай көр».

  1. Соңында бірінші оң иыққа қарап «Әс-сәләәму аләйкум уа рахматуллаһ» деп сәлем береді.






  1. Сосын сол иыққа қарап «Әс-сәләәму аләйкум уа рахматуллаһ» деп сәлем береді.


  1. Н амаз аяқталған соң, екі қолды кеуде деңгейіне қойып мына дұғаларды оқиды: «Әстағфируллах! Әстағфируллах! Әстағфируллах! (мағынасы: Аллаһтан кешірім сұраймын!). Сосын «Аллаһумма әнтәс-сәләәм уә минкәс-сәләәм тәбәәрактә иәә зәл-жәләәли уәл-икрәәм» (мағынасы: «Аллаһым! Сен - сәлемсің. Сәлем сенен. Сен күллі нұқсандық атаулыдан пәксің. Дүние мен ақырет сәлеметі мен бейбітшілігі сенің көмегіңмен ғана болады. Нағыз қасиетті - Сенсің. Ей, құдірет пен жомарт иесі Раббым») деген дұға айтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет