«Аллаһумма салли алә Мухаммәдин уа алә әәли Мухаммәд, кәмәә саллайтә алә Ибраһимә алә әәли Ибраһим, иннәкә хамидум мәжиид». Мағынасы: «Я,Алла! Ибраһимге және ұрпақтарына рахмет еткеніңдей Мұхаммедке және Мұхаммедтің ұрпақтарына да рахмет ет. Шын мәнінде Сен аса мақтаулы, әрі жоғарысың».
Сосын «Аллаһумма барик» дұғасын айтады:«Аллаһумма бәрик алә Мухаммәдин уа алә әәли Мухаммәд, кәмәә бәәрактә алә Ибраһимә алә әәли Ибраһим, иннәкә хамидум мәжиид». Мағынасы: «Я, Алла! Ибраһимді және ұрпақтарын мүбәрәк еткеніңдей Мұхаммедті және Мұхаммедтің ұрпақтарын да мүбарак қыл. Шын мәнінде Сен аса мақтаулы, әрі жоғарысың».
Содан кейін «Раббәнә әтинә» дұғасы айтылады:«Раббәнә әәтинә фид-дүния хасанатән, уа фил-аахирати хасанатән, уа қинәә азәбән-нәр». М ағынасы: «Я,Алла! Бізге дүниеде де жақсылық бер, ақыретте де жақсылық бер. Және тозақ отынан сақтай көр».
Соңында бірінші оң иыққа қарап «Әс-сәләәму аләйкум уа рахматуллаһ» деп сәлем береді.
Сосын сол иыққа қарап «Әс-сәләәму аләйкум уа рахматуллаһ» деп сәлем береді.
Н амаз аяқталған соң, екі қолды кеуде деңгейіне қойып мына дұғаларды оқиды: «Әстағфируллах! Әстағфируллах! Әстағфируллах! (мағынасы: Аллаһтан кешірім сұраймын!). Сосын «Аллаһумма әнтәс-сәләәм уә минкәс-сәләәм тәбәәрактә иәә зәл-жәләәли уәл-икрәәм» (мағынасы: «Аллаһым! Сен - сәлемсің. Сәлем сенен. Сен күллі нұқсандық атаулыдан пәксің. Дүние мен ақырет сәлеметі мен бейбітшілігі сенің көмегіңмен ғана болады. Нағыз қасиетті - Сенсің. Ей, құдірет пен жомарт иесі Раббым») деген дұға айтылады.