Нысаналы оқыту барысы
Байқап көру және толықтыру кезеңі -"Байқап көру" дегеніміз оқушылардың жаңа білімді үйренуге қажетті даярлық білімін тексеріп көру деген сөз.
«Толықтыру» дегеніміз "байқап көру негізінде анықталған кемшіліктерді түрлі формалармен (оқулықты оқыту, өзара пікір алмасу, түсінік беру) толықтыру барысын көрсетеді.
Оқыту мазмұны жалғастылыққа ие болатыны белгілі. Жаңа білімді үйрену оқып кеткен білім негізінде қалыптасады, басқашада айтқанда, белгілі бір жаңа білімді игеру үшін, сөзсіз даярлық шарты болуға тиісті.
Блум көзқарасы бойынша оқушының игерген білімі оның жаңа үйренуіне 50% - дық ықпал жасайды. Міне бұл оқушының үйрену нысанасына жету-жетпеуі оның алған біліміне байланысты екенін көрсетеді.
Нысананы көрсетіп түсінік қалыптастыру - Нысаналы оқытудың ең басты ерекшелігі оқыту нысанасын белгілеп, оны оқыту мазмұнының темірқазығына айналдыру.
Жаңа сабақтың нысанасы оқушыға айқын болғаннан кейін, бүкіл бір сағаттық оқу қимылы сол білім төңірегінде өрбиді.
Оқыту нысанасы мұғалім мен оқушының окыту және оқу қимылының әрі шығар жері, әрі тиянақтар жері болады.
Мұғалім мен оқушыда ортақ нысанаға жету сезімі болғандықтан, сыныптағы оқыту үйлесімді де саналы түрде реттеліп, оқыту мен оқу өзара сәйкестік табады.
Оқыту нысанасы жаңа сабақты бастаған кезде немесе оқыту барысында жеке-жеке көрсетілуі қажет.
Нысананы қосымша тақтаға алдың -ала жазып әкеліп көрсетуге де, сабақ үстінде жазып көрсетуге де немесе бейне магнитофон, кодоскоп арқылы көрсетуге де болады. Нысананы көрсету уақыты әдетте 1-2 минуттан аспауы керек.
Нысанаға жету - Жаңа сабақ өткізу - сыныпты оқытудың ең өзекті мәселесі. Ол алдың - ала жоспарланады да, нысанаға мұғалім мен оқушы болып ортақ кимыл арқылы қол жеткізеді. Бүған әдетте 15-20 минуттай уақыт кетеді.
Нысаналы оқытуда нысана белгілеу, бағыттау және бағалау сынды әрекеттер бүкіл оқыту кимылының негізі болады. Сондықтан мұғалім оқыту барысында саналы түрде оқушыларды нысанаға қарай жетектеп, нысана төңірегінде үйрену ұйымдастыру арқылы, нысанаға жету үшін белеенді түрде ортақ кимылдауы қажет. Бұл нысаналы оқытудың дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы болып табылады.
Нысаналы оқытудың тағы бір ерекшелігі - кері байланыс пен толықтырудың бүкіл оқыту барысында бастан аяқ қайталанып отыруы. Кері байланыс пен толықтыру сәтті жүргізілсе, оқыту барысында жасалған әрбір қадамның нәтижелілігін тексеріп, мұғалім мен оқушының уақытын үнемдеп оқытудың өнімділігін арттырады.
Сондықтан кері байланыс толыққанды оқыту барысын меңгеру мен үздіктендірудің маңызды кұралы саналады.
Оқыту нысанасының нақты мазмұнына жету мәселесіне келетін болсақ, оған жаңа сабақ өту барысында әр түрлі оқыту формасын пайдаланып жетуге болады. Мысалы, "түсіну" мазмұныңда оқушыларға оқуға тиісті мазмұнды көрсету, оқыту, түсіндіру арқылы "түсіну" нысанасына жетуге болады; "есте сақтау" мазмұныңда оқушыларға лайықты уақыт бөліп оқытып, онан соң сұрақ қойып жауап алу арқылы "есте сақтау" нысанасына жетуге болады; "игеру" мазмұныңда оқушы түсінігін қиындық туғызатын мазмұнды мұғалім бір жағынан түсіндіріп, бір жағынан талқылап, жинақтап, қорытындылау формаларымен нысанаға жетуге болады; "қолдану, талдау және жинақтау" нысанасына оқушыларға нақты сұрақтар кою, жаттығулар мен есептер беру арқылы жетуге болады.
Оқушы өзінің алған білімін мұғалім көрсеткен нысанаға салыстыру арқылы жүйелеп есте сақтайды.
Мұғалім бұл жағдайда оқушының ұғымды түсінуіне, қателескен жерін түзеуіне көмектеседі және оқулықтың қай бөлігін тиянақтап оқу керектігін, қосымша қандай материал қарау керектігін көрсетеді. Бұған 5 минуттай уақыт кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |