Нишанбаева сабира зетбековна


Кесте  6  –  Педагогикалық  жоғары  оқу  орындары  студенттерінің



Pdf көрінісі
бет38/101
Дата07.01.2022
өлшемі3,49 Mb.
#17692
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   101
Байланысты:
отбасы

Кесте  6  –  Педагогикалық  жоғары  оқу  орындары  студенттерінің 
отбасы-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру тұғырлары 
 
№  Тұғырлар 
Сипаттамасы 



1  Аксиологиялық 
тұғыр
 
Отбасының  микро,  мезо  және  макрофакторлармен 
өзара  әрекеттестігінің  аксиологиялық  әлеуетін  ашып 
көрсетеді.  
2  Әлеуметтік-
гуманистік тұғыр 
Отбасының  әлеуметтік  мәнін  және  оның  басқа 
әлеуметтік  институттармен  өзара  әрекеттестігін 
қарастырады.  
3  Жүйелілік-
құрылымдық 
тұғыр
 
Отбасылық қатынастар типін ашып көрсетеді. 
 
4  Іс-әрекеттік 
тұғыр  
Отбасының  қоғаммен  өзара  белсенді  әрекеттесуі, 
онда  адам  субъекті  рөлін  атқарып,  объектіге 


 
 
 
мақсатты  бағытталған  ықпал  жасайды  және  өзінің 
қажеттіліктерін қанағаттандырады.
 
5  Мәдениеттаным 
дық тұғыр 
Студенттердің  отбасы-адамгершілік  құндылықтарын 
құрылымдауда  мәдениетпен  объективтік  байланысы 
негізінде  студенттің  мінез-құлқындағы  құндылықтар 
жүйесін зерттейді. 
 
Кестеде  көрсетілген  тұғырлар  педагогикалық  жоғары  оқу  орындары 
студенттерінің 
отбасы-адамгершілік 
құндылықтарын 
қалыптастыруда 
маңызды рөл атқарады. Бұлардың ішіндегі ең маңыздысының бірі құндылық 
тұғыры, оның мәні отбасын құндылық ретінде қарастырумен сипатталады.  
Құндылықтың  белгілі  бір  тарихи-мәдени  жағынан  шоғырланған  және 
жалпыадамзат пен жеке этнос мәдениетінің мәнін көрсететін адамның өзінің 
мінез-құлық нормалары мен мақсаты туралы жалпы түсінігі екенін ескеретін 
болсақ,  әлеуметтік  қоғамдық  қатынастар  институты  формасындағы 
заттандырылған  элемент  ретінде  отбасында  қалыптасады.  Демек, 
құндылықтардың  пайда  болуы,  біріншіден,  адам  мен  қоғамның 
қажеттіліктерін  қанағаттандыратын  заттар,  құбылыстар  мен  олардың 
сапаларымен  байланысты  болса,  екінші  жағынан,  құндылық  адам  мен 
қоғамның заттарды, құбылыстарлы бағалауымен байланысты пайымдаулары 
ретінде қатысады [150].  
Жалпы  алғанда,  «құндылық»  ұғымы  объективтік  және  субъективтік 
тұрғыдан  қарастырылады.  Объективтік  тұрғыдан,  объективтік-идеалистік 
теорияларға  сүйене  отырып,  құндылық  кеңістік  пен  уақыттан  тыс  мән 
(Лосский,  1994);  материалистік  теория  бойынша  қоғамдық  қатынастың 
көріну  белгісі  және  қоғамдық  сананың  нормативтік-бағалану  жағы 
(Анисимов,  1988;  Архангельский,  1978;  Здравомыслов,  1986;  Каган,  1997; 
Тугаринов,  1988)  ретінде  анықталады.  Субъективтік-идеалистік  теория 
тұрғысынан,  құндылық  сананың  құбылысы  ретінде  адамның  бағалайтын 
нысанаға  субъективті  қатынасы  деп  түсіндіріледі;  натуралистік  теория 
тұрғысынан  құндылық  адамның  табиғи  қажеттіліктерін  немесе  табиғи 
заңдылықтарын  көрсету  ретінде  қарастырылады  (Маслоу,  1987;  Олпорт, 
1998). 
Экзистенциалдық-гуманистік 
парадигма 
аясында 
құндылық 
адамзаттың  тарихта  қалыптасқан  жағдаяттарын  талқылаудың  мәні  (Ницше, 
1994;  Франкл,  Э.Фром,  1992).  Бұл  ғалымдар  социологиялық  ғылымында 
құндылықты  жасаудың  қажеттілігін  негіздеп,  қоғамды  құнды  –  нормативтік 
жүйе ретінде түсіндіруге үлес қосты.  
Т.Парсонстың құрылымдық-функционалдық тұжырымдамасына сәйкес 
құндылықтар  кез  келген  әлеуметтік  жүйе  және  оның  құрамдас  бөліктерінде 
өзінің  бірлігі  мен  тұтастығын  сақтау,  өзін-өзі  реттеу,  ортақ  келісімге  келуді 
жүзеге асыру үшін қалыптастырылған ең жоғарғы ұстанымдар [151]. 
Отбасын  талдауда  құрылымдық-функционалдық  теория  тұрғысанн 
ұсынған  талаптар  маңызды.  Олар  отбасы  қызметтерінің  әмбебаптығын 
қолдайды,  бірақ  әртүрлі  мәдениеттегі  өзіндік  ерекшелігін  теріске 


 
 
шығармайды.  Бұл  теория  отбасы  мәртебесі  мен  рөлінің  біріншілік  идеясын 
басшылыққа алады.  
С.Е.Нұрмұратов  құндылықтар  типтерінің  жіктемесін  бөліп  көрсетуде 
мынадай 
тұжырымдамаларға 
сүйенеді: 
натуралистік 
психологизм, 
аксиологиялық  трансцендентализм,  персоналистік  онтологизм,  мәдени-
тарихи релятивизм, әлеуметтанушылық [21, б.89-94]. 
Н.Л.Москвичеваның  психологиялық  зерттеуінде  студент  тұлғасының 
құндылық  бағдар  жүйесінің  оның  тұлғалық  ерекшеліктері  мен  әлеуметтену 
факторларының  байланысында  отбасына  құндылық  бағдары  зерттелінеді 
[152]. 
Отбасын әлеуметтік тұрғыдан зерттеу кешенділік сипатқа ие. Отбасын 
әлеуметтік  зерттеудің  күрделілігі  «респондент-топ»  ретіндегі  өзіндік 
айырмашылықтарымен  түсіндіріледі.  Ол  әлеуметтік  қатынастар  мен 
әлеуметтік  өзара  әрекеттесу  жүйесінде  екіжақты  функцияны:  бір  жағынан, 
отбасы  –  кіші  (тіпті  микро)  топ  ретінде;  екінші  жағынан,  қоғам,  сондай-ақ 
мемлекеттің  өмір  сүру  формасын  өндіретін  маңызды  дәстүрлі  әлеуметтік 
институт  ретінде  ерекше  міндеттерді  (адамдардың  мобилділігі  мен  өзара 
әрекеттестігінің әлеуметтік жүйесі - тұлға, топ, қауымдастық) атқарады.  
Отбасының  құрылымы  оның  негізгі  элементтерінің  (өмір  салты, 
дәстүрі,  өзге  отбасымен  және  қоғаммен  өзара  қарым-қатынасы)  тұтастығын 
қамтамасыз  етеді.  Сондықтан  алдымен  отбасының  сандық  құрамы 
(құрылымы),  соған  қарай  типологиясын  анықтайтын  мәселелерді  зерттеу 
қажет.  
Неке  отбасындағы  қатынастарды  қалыптастырушы  болып  табылады. 
Некелік серік саны бойынша отбасы моногамиялық (бір ер адам мен бір әйел 
арасындағы неке) және полигамиялық (бір индивид пен бірнеше индивидтің 
арасындағы неке) деп ажыратылады.  
Моногамиялық  отбасының  басқа  да  сипаттамасында  отбасыішілік 
қатынастарда  және  олардың  құқығын  реттеуде  әртүрлі  культтік  вариация 
сақталады.  Полигамиялық  отбасының  екі  нұсқасы  бар:  полиандрия  (көп 
некелік)  және  полигиния  (көп  әйел  алушылық).  Зерттеушілердің 
пікірлерінше,  отбасының  полигамиялық  формасы  бұрыннан  болған  және 
оның  өзіндік  тарихи-мәдени,  этникалық,  діни  ерекшеліктері  бар.  Ал 
моногамиялық отбасы салыстырмалы тұрғыдан кейінірек пайда болды [153].  
Бүгінгі  таңда  отбасы  саласындағы  келеңсіз  құбылыстардың  (ажырасу 
санының  артуы,  көптеген  отбасының  дүниеге  бір  нәрсете  әкелу  бағытын 
ұстануы,  жалғызбастылық)  орын  алуы  көпшілікті  алаңдатып  отыр. 
Сондықтан  индустриалды  дамыған  мемлекеттерде  ажырасулар  мен  екінші 
рет  некеге  тұрушылар  санының  көбеюіне  байланысты  көбінесе, 
моногамиялық отбасы,  яғни  ер адам  (әйел)  бір  серіктеспен  некеге  тұратыны 
жөнінде сөз қоғалады.  
Ұрпақтар  саны  бойынша  отбасының  төмендегідей  түрлері  бөліп 
көрсетіледі:  
а)  күрделі  (кеңейтілген)  отбасы,  онда  бірнеше,  кем  дегенде  үш  ұрпақ: 
ата-баба,  ата-ана  және  балалар  бірге  өмір  сүреді.  Қазақстанның  көптеген 


 
 
аймақтарында  бұл  тип  сақталған,  ол  ауылдық  өмір  сүру  салтының  мәнімен 
анықталады.  Бірақ  соңғы  жылдары  экономикалық  қажеттіліктерге 
байланысты күрделі отбасылар саны азаюда;  
б)  қарапайым  (нуклеарды)  отбасы,  оның  мүшелері  екі  ұрпақтан  (ата-
анасы мен балалары) тұрады. Отбасының бұл типі қазіргі уақытта басымырақ 
болып  келеді.  Бірақ,  кейбір  авторлар  «Қайта  өрлеу»  дәуіріндегі  кеңейтілген 
отбасының  өзіндік  әлеуметтік-психологиялық  модификациясы  туралы 
қарастырады,  онда  тұлғаралық  қатынасты  (мысалы,  бірлескен  бос  уақытты, 
отбасылық мерекелерді ұйымдастыруда, телефонмен хабарласуда) қолдайды, 
бірақ әртүрлі ұрпақтардың жеке өмір сүруі сақталады.  
Нуклеарды  отбасының  екі  түрі  болады:  екі  ата-анасының  да  болуы 
(толық  отбасы)  және  ата-анасының  біреуінің  болмауы  (толық  емес  отбасы). 
Толық  емес  отбасының  ажырасу  немесе  жесір  қалуына  және  некесіз 
туылғандықтан,  ананың  өзінің  тәрбиелеуіне  байланысты  да  жіктейді  [25, 
б.74-79].  
Сонымен  бірге  бинуклеарды  деп  аталатын  отбасы  типіне  келетін 
болсақ,  ажырасқан  соң  екі  ерлі-зайыпты  да  жаңа  отбасын  құрады, 
нәтижесінде  баланың  төрт  ата-анасы  (екіден  туған  және  тумаған)  болады, 
олардың  арасындағы  қарым-қатынастың  жалғасуына  байланысты  бала 
кезекпен  екеуімен  де  бірге  тұрады.  Кейде  екі  отбасы  да  бос  уақытты  бірге 
өткізуі  мүмкін.  Баланың  жақын  туыстарымен  үй  ішімен,  соның  ішінде,  аға-
іні,  әпке-сіңілі  арасындағы  қатынастың  кеңеюі  бала  тұлғасының 
әлеуметтенуіне қолайлы немесе кері ықпал етуі мүмкін.  
Отбасының  педагогикалық  типологиясы  үй  ішінің  дәулеті,  әлеуметтік 
жағдайы секілді белгілеріне бағытталған тәрбиелік қызметтеріне негізделеді.  
Некелік-отбасылық қатынастардың (билік формасына қарай) қоғамдық 
нормаларға сәйкестілігі тұрғысынан отбасының типтері бөліп көрсетіледі: 

 
 патриархалды  (дәстүрлі)  отбасы,  қатынастары  бұрынғы  үлгіге 
бағдарланған:  күйеуі  (әкесі  –  асыраушы)  отбасын  материалдық  жағынан 
қамтамасыз  етеді,  оны  қоғамға  шығарады,  отбасы  мүшелеріне  қатысты 
негізгі  шешімдерді  қабылдайды;  әйелі  жұмыс  істемейді  (немесе  оның 
жұмысының  лауазымы,  табатын  еңбек  ақысы  күйеуінен  төмен  болады),  үй 
шаруасын  жүргізіп,  бала  тәрбиесімен  айналысады;  балалар  пікірі  аз 
ескеріледі немесе бағыныштылық мәнге ие; 

 
 заманауи  (эгалитарлық)  отбасы,  оның  барлық  мүшелері 
арасындағы  қатынас  сүйіспеншілікке,  эмоционалдық  жақындыққа,  өзара 
сыйластыққа негізделген. Заманауи отбасының подтиптері бөліп көрсетіледі: 
 -  ұжымдық  отбасы  (батыстық  авторлар  терминологиясында  «екі 
карьералық»),  ерлі-зайыптылардың  екеуі  үшін  де  кәсіби  және  қоғамдық  іс-
әрекет  бірдей  маңызды.  Ерлі-зайыптылар  (немесе  ер  адамның  белсенді 
қатысуы  барысында)  үй  іші  міндеттерін  бөліп  алады,  бос  уақытты  бірлесіп 
өткізеді, ұжымдық шешім қабылдайды, т.б.;  
 -  жеке  отбасы,  ерлі-зайыптылар  үшін  отбасынан  тыс  іс-әрекет 
маңызды,  қоғамдық  жұмысқа  қарағанда  отбасына  көңіл  аз  аударылады, 
маңызды шешімдерді талқылау барысында кикілжің туындауы мүмкін.  


 
 
Н.С.Әлқoжaeвa  өзінің  «Қaзipгi  кeздeгi  бiлiм  бepy  пapaдигмaлapы 
кoнтeкciндe  тұлғaның  pyxaни  дүниeciн  қaлыптacтыpyдың  ғылыми-
пeдaгoгикaлық  нeгiздepi»  атты  мoнoгpaфиясында  жаcтapдың  мiнeз-құлық 
тәpтiбiнiң дe caпacын, pyxaни-aдaмгepшiлiк тәpбиeciнe әcep eтeтiн фaктopлap 
ретінде  қopшaғaн  opтacы,  тaбиғaт,  дeнe  eңбeктepiнiң  түpлepi,  экoнoмикaлық 
жaғдaйлap  мeн  ұлттық  caлт-дәcтүpлep,  әдeт-ғұpыптapды  зерделейді. 
Ғалымның пікірінше: «...жacтapдың мiнeз-құлқының, тәpтiбiнiң жәнe қapым-
қaтынacы  мeн  ic-әpeкeтiнiң  өзгepyiнe,  aдaмгepшiлiк  жaғынaн  қaтaюынa 
мүмкiндiк  жacaйды.  Бacқaшa  aйтқaндa,  oның  қaлыптacyынa  caяcи, 
экoнoмикaлық,  pyxaнилық,  aдaмгepшiлiктiк  фaктopлap  мeн  биoлoгиялық, 
физиoлoгиялық  фaктopлap  дa  әcep  eтeдi,  aл  oның  мәнi,  нәтижeci  pyxaни- 
aдaмгepшiлiк  құндылық  cипaтынaн  көpiнeдi.  Нeгiзiнeн  pyxaни  құндылықтap 
бiлiм  бepy  пpoцeciндe  қaлыптacтыpылaды.  Мұндaғы  бiлiм  бepy  –  жaлпы 
aдaмзaттық 
құндылық 
бoлып 
тaбылaды. 
Aлaйдa, 
бiлiм 
бepy 
жaлпыaдaмзaттық құндылықтapмeн қaтap индивидyaлды- тұлғaлық дeңгeйдe 
әpтүpлi  дәpeжeдe  тaнылaды»  делінген.  Н.С.Әлғожаеваның  пікірінен  бізге 
белгілі  болғандай,  әpбip  oтбacының  қaлыптacқaн  әдeт-ғұpпы,  caлт-дәcтүpi 
бoлaды. Coнымeн бipгe жaлпы қaзaқ  oтбacынa тән opтaқ дәcтүpлeрді негізге 
алған [154]. 
Көптеген  зерттеушілер  (А.И.Антонов,  Э.К.Васильева,  С.И.Голод, 
М.С.Мацковский,  А.Г.Харчев,  т.б.)  отбасының  кіші  топ  ретіндегі 
функцияларын негізге ала отырып, әлеуметтік рөлдерді бөліп көрсетеді. Онда 
отбасының  функционалдық-рөлдік  құрылымына  сәйкес  рөлдерді  бөлумен 
байланысты  отбасы  мүшелері  арасындағы  қатынасқа  ерекше  көңіл  бөледі. 
Егер  отбасының  функциясы,  тұтас  алғанда,  отбасылық  рөлдердің  мазмұнын 
анықтаса, онда рөлдік құрылым рөлді бөлумен сипатталады, яғни отбасында 
оның  әрбір  мүшесі  қандай  міндеттер  орындайды  және  рөлдік  қатынастар 
қандай  қағидаларға  сүйеніп  құрылған  (кооперация  немесе  функцияларды 
бөлу, т.б.).  
Зерттеушілер  шаруашылық-тұрмыстық  және  тәрбиелік  функцияларға 
сәйкес  рөлдерді  (тұрмыс-тіршілікті  орындау,  үй  иесі,  баланы  тәрбиелеуші, 
сонымен  бірге  отбасын  материалдық  қамтамасыз  етуші  немесе  асыраушы) 
орындауға басты  назар аударады. Бірақ отбасы әлеуметтік ұйымның ерекше 
формасы  ретінде  оның  өмір  сүруін  материалдық  ресурстармен  (жалақы, 
табыс деңгейі, әртүрлі игілік) ғана емес, адамгершілікті, қоғамдық нормалар 
мен  отбасылық  моралды,  адамзаттық  қарым-қатынас  әдебін,  тұрмыстық 
мәдениет  деңгейін  және  отбасы  мүшесі  ретінде  тұлғаның  мәдениетін 
қамтамасыз  етеді.  Бұл  әлеуметтік-педагогикалық  зерттеулер  контестінде 
ерекше белгіленеді.  
Сонымен  қатар  отбасы  әлеуметтік  жүйенің  орталығы  функциясын 
атқарады,  мемлекеттің  барлық  міндеттері  оны  және  тұлғаны  дамытуға 
қажетті  әлеуметтік  шартттарды  құруға  бағытталған.  Сондықтан  отбасын 
әлеуметтік институт, кіші әлеуметтік топ, әлеуметтік ұйым ретінде қарастыра 
отырып,  оның  функцияларын  анықтайтын  отбасы  типологиясы,  сандық 
құрамы,  рөлдік  құрылымы  және  т.б.  мәнді  сипаттамаларына  назар 


 
 
аударылды. Отбасы көптеген, соның ішінде, материалдық, рухани, қоғамдық 
және  тұлғалық,  ұжымдық  және  жекелік,  адамгершілік  және  құқықтық, 
биологиялық және психологиялық функциялар атқарады [155].  
Н.Я.Соловьеваның  пікірінше,  отбасының  қызметі  оның  тұрақты 
формасында  қанағаттандырылатын  қажеттіліктер  түрі  қанша  болса, 
соншалықты  болады.  Осы  аспектісі  отбасылық  қажеттіліктерді,  отбасының 
қызметтерін  басқасынан  бөліп  көрсетуге,  сонымен  бірге  оларды  кеңейтіп, 
талқылап қорытындылауға мүмкіндік береді [156]. 
Т.Парсонс  барлық  әлеуметтік  жүйе,  соның  ішінде,  отбасы  негізгі  төрт 
функцияны  атқарады  деп  есептейді:  біріншісі  –  адаптациялық,  кез  келген 
әлеуметтік  жүйе  ішкі  және  сыртқы  тәртіп  өзгерістеріне  икемделеді  немесе 
бейімделеді;  екінші  әмбебап  қызметі  мақсатқа  жетумен  байланысты,  жүйе 
қойылған  мақсатты  анықтайды  және  соған  жеткізеді,  өзін-өзі  дамыту 
жүйесін,  оның  әрекет  қабілеттелігін  қамтамасыз  етеді;  үшінші  қызметі 
интеграциялық,  ол  жүйедегі  барлық  компоненттер  мен  қызметтер  арасын 
байланыстырады;  төртіншісі  үлгіні  ұстап  қалу  қызметі,  әлеуметтік  құбылыс 
өзгерістері  барысында  тұрақтылығы  үшін  мінез-құлық  үлгісін,  мәдениет 
қағидалары  мен  құндылықтарын  сақтап  қалуы.  Бұл  қызметтер  отбасын 
ұрпақтан  ұрпаққа  оның  сабақтастығын  сақтай  отырып,  мәдени  салт-дәстүр 
мен  әдет-ғұрыптарды  беру  агенті  ретінде  қалыптпастырады.  Отбасының 
әлеуметтік  жүйе  ретінде  басқа  жүйемен  бірлесіп  әрекет  етуін 
ұйымдастырады.  Оның  жіктемелік  сызбанұсқасында  туыстық  жүйе, 
әлеуметтендіру алғашқы орынға ие [31, с.14]. 
А.В.Мудрик  педагогикалық  талдау  тұрғысынан,  отбасы  адамды 
әлеуметтендірудің  маңызды  факторы  болып  табылады  деп  есептей  отырып, 
олардың  әлеуметтенуінің  жеке  кезеңдерінде  ажыратылатын  және  өмір 
жолында  болатын  отбасының  маңызды  әлеуметтендіру  функцияларын 
анықтайды:  адамды  физикалық  және  эмоционалдық  қамтамасыздандыру; 
адамның  психологиялық  өрісін  қалыптастыру  және  жыныстық  рөлін 
әлеуметтендіру; баланың ақыл-ойын дамыту; тұлғаралық және этникааралық 
қатынастар  саласында  негізгі  құндылық  бағдарын  қалыптастыру;  адамның 
отбасылық  рөлдерді  орындау  нормалары  мен  стилдерін  меңгерту;  адамға 
әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету [157 ].  
Отбасы  функциясы  отбасы  мүшелерінің  белгілі  қажеттіліктерін 
қанағаттандырумен  тікелей  байланысты  тіршілік  әрекеті  саласы  болып 
табылады.  Отбасының  негізгі  функциялары  ретінде  мыналарды  атауға 
болады: 
репродуктивтік, 
тәрбиелік, 
шаруашылық 
– 
тұрмыстық, 
экономикалық, алғашқы әлеуметтену, әлеуметтік-статустық, демалыс пен бос 
уақытты ұйымдастырушылық, т.б. 
Отбасы  қоғамда  бірнеше  қызметтер  атқарады:  қоғам  мүшелерін 
биологиялық  өндіру;  жас  ұрпақты  әлеуметтендіру;  қоғам  мүшелерінің 
физикалық  денсаулығына  қолдау  көрсету;  қоғамның  еңбекке  жарамсыз 
мүшелеріне  қолдау  көрсету;  пайдалы  бос  уақытты  ұйымдастыру,  бос  уақыт 
саласын  әлеуметтік  бақылау;  жыныстық  бақылау;  әртүрлі  саладағы  отбасы 


 
 
мүшелерінің  мінез-құлық  тәртібін,  ата-аналардың  балалар  алдындағы 
жауапкершілігі мен міндеттерін белгілеу. 
Отбасының  әлеуметтік  функциялары  қоғамға  пайда  келтіруден  басқа 
адамның  жеке  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  функциясын  да  атқарады: 
балаға 
сұранысын 
қанағаттандыру; 
ата-аналық 
қажеттіліктерін 
қанағаттандыру;  отбасының  бір  мүшесінің  басқасынан  шаруашылық  – 
тұрмыстық  қызмет  көрсетуі  алуы;  отбасының  бір  мүшесінің  басқасынан 
(еңбекке  жарамсыз  немесе  көрсеткен  қызметін  ауыстыру  жағдайында) 
материалдық  құралдарды  алуы;  отбасы  мүшелері  арасындағы  өзара  қарым-
қатынастың  моралдық  нормаларын  бұзуы  мен  орынсыз  мінез-құлқы  үшін 
құқықтық  және  моралдық  норма  санкциясын  қалыптастыру  және  қолдау;  
отбасы  мүшелерінің  рухани  өзара  байытуы;  некелік  одақтың  достық  негізін 
бекіту;  әлеуметтік  қозғалудағы  қажеттіліктерді  қанағаттандыру;  отбасында 
индивидтің психологиялық қорғалуы, эмоционалдық қолдау табуы. тұлғалық 
бақыт мен сүйіспеншілігі қажеттіліктерін қанағаттандыру [158]. 
Жоғарыдағы  әлеуметтендіру  функциялары  күрделі  әлеуметтік  жүйе, 
әлеуметтік 
институт 
және 
кіші 
әлеуметтік 
топ 
ретінде 
оның 
жалпыпедагогикалық  функциялармен  арақатынас  орнатады.  Ғалымдар 
отбасы функциясын әртүрлі тұрғыдан бөліп көрсетеді (7 - кесте). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет