Нишанбаева сабира зетбековна



Pdf көрінісі
бет36/101
Дата07.01.2022
өлшемі3,49 Mb.
#17692
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   101
Байланысты:
отбасы

Жүйелілік-құрылымдық  тұғыр  –  біртұтас  бүтіндікті  құрайтын  өзара 
байланысты  бөлшектердің  ретке  келтірілген  жиынтығы  мен  олардың 
арасындағы қатынасы. Жүйелілік жалпы ғылыми әдіснамалық зерттеудің бір 
құралы  ретінде  оқу-тәрбие  үдерісін  және  бір-бірімен  байланысты 
құбылыстарды  жүйелі  зерттеуге  қажет  сапалы  ғылыми  тұғыр  болып 
табылады. 
Ұсынылып 
отырған 
тұғыр 
педагогикада 
(В.В.Краевский, 
Г.П.Щедровицкий 
т.б.), 
пихологиялық 
зерттеулерде 
(А.А.Бодалев, 
В.А.Ганзин,  Е.А.Климов,  А.Н.Леонтьев,  Б.Ф.Ломов,  К.К.Платонов  т.б. 
еңбектерінде нақтыланады) пайда болып белсенді түрде қарастырылады.  
М.С.Мацковский 
құрылымдық-функционалдық 
және 
жүйелілік 
тұрғыдан  қоғамның  экономикалық  жағдайлары  мен  отбасы  орындайтын 
функциялар  сипаты,  олардың  иерархиясы  арасындағы  байланыстарды  ашып 
көрсетеді.  Ғалым  қоғамға,  оның  отбасына,  сонымен  бірге  қоғам  мен 
отбасының  индивидке  қарым-қатынасы  ретінде  функцияны  белгілейтін 
отбасы институтындағы құрмет, беделді, қоғамның сұранысы мен отбасылық 
топқа  тиістіліктегі  тұлғаның  қажеттіліктері  арасындағы  диалектикалық 
байланысты ашып көрсетеді [50, с. 7]. 
Жүйелілік-құрылымдық  тұғыр  педагогикалық  құбылыстарды  олардың 
өзара  байланысы  түрінде  қарастыруға  бағдарлайды.  Отбасылық  қатынастар 
типін  ашып  көрсетеді.  Біздің  пайымдауымыз  бойынша,  педагогикалық 
жоғары  оқу  орындары  студенттердің  отбасы-адамгершілік  құндылықтарды 
қалыптастырудағы  аталмыш  тұғырдың  жиынтық  ретінде  қарастыратыны, 


 
 
олар: білім беру мақсаты, студенттерге отбасы-адамгершілік құндылықтарын 
қалыптастырудағы  педагогикалық  үрдіс  субъектілері(оқытушы,  болашақ 
мамандар),  ЖОО  студенттерінің  отбасы-адамгершілік  құндылықтарын 
қалыптастыру  жағдайында  білім  беру  мазмұны  (білім,  білік,  дағды,  отбасы-
адамгершілік  құндылықтар,  өмірлік  іс-әрекет  тәжірибесі,  психологиялық 
ұлттық  мінез,  отбасылық  тәжірибе  жүйесі),  студенттерге  отбасы-
адамгершілік  құндылықтарын  қалыптастыру  үрдісін  ұйымдастыру,  әдістері 
мен  түрлері,  мәліметтер  қоры.  Педагогикалық  жоғары  оқу  орындары 
студенттерінің  отбасы-адамгершілік  құндылықтарын  қалыптастырудағы 
теориялық және практикалық зерттеулердің жүйелілік сипаттамалары жайлы 
білімнің  қажеттігін  көздейді.  Ал  бұл  тұстағы  жүйелілік-құрылымдық  тұғыр 
отбасын, 
отбасындағы 
құндылықтарды, 
отбасы-адамгершілік 
құндылықтарын қалыптастырудағы жекелеген үрдістер мен сапаларды басқа 
жүйелермен  байланыса  отырып,  олардың  әсерінен  отбасы-адамгершілік 
құндылықтарының 
прогрессивті 
дамуын 
қамтамасыз 
етеді 
және 
педагогикалық  жоғары  оқу  орындары  студенттерінің  отбасы-адамгершілік 
құндылықтарын қалыптастыруды жүйе ретінде зерттеуге мүмкіндік береді.  
Іс-әрекеттік  тұғыр  тарихи-педагогикалық  және  психологиялық-
педагогикалық  зерттеулерде  нақты  ғылыми-әдіснамалық  ұстаным  ретінде 
танылады.  Педагогикалық  үдерісті  қайта  құру  немесе  өзгерістер  енгізудің 
алғашқы  формасы  еңбек.  Адамның  материалдық  және  рухани  байлықтарды 
жасаудағы  іс-әрекеттері  еңбек  барысында  атқарылып,  айналасын  қоршаған 
дүниені  шығармашылықпен  өзгеріске  түсіреді.  Сондықтан,  оқушыларды 
өмірге  және  жан-жақты  іс-әрекеттерге  дайындауда  олардың  мүмкіндіктерін 
ескеріп,  өмір  тіршіліктеріне  қажетті  істерге  тартып,  олардың  өмірін 
әлеуметтік және адамгершілік тұрғыдан ұйымдастыру қажет [142]. 
Отбасының  қоғаммен  өзара  белсенді  әрекеттесуі,  онда  адам  субъекті 
рөлін  атқарып,  объектіге  мақсатты  бағытталған  ықпал  жасайды  және  өзінің 
қажеттіліктерін  қанағаттандырады.  Тұғыр  қойылған  зерттеу  міндеттерін 
шешудің  негізгі  жолы,  ол  осы  шешімдердің  бағыттары  мен  стратегиясын 
айқындайды. Сонымен бірге тұғыр (тәсіл, тұрғы) педагогикалық іс-әрекеттің 
өзара  байланысты  идеялары  мен  ұғымдарының  сапалық  жиынтығын 
пайдалануда әдіснамалық бағдар ретінде мазмұндалады.  
Е.Н. Степанов тұлғалық-бағдарлық тұғырды педагогикалық қызметтегі 
әдістемелік  бағдар  ретінде  анықтап,  өзара  байланысты  түсініктер,  идеялар 
және әрекет ету тәсілдері жүйесіне тірек болу арқылы тұлғаның өзін-өзі тану, 
өзін-өзі  көрсету  және  өзін-өзі  жүзеге  асыру,  өзінің  қайталанбас  даралығын 
дамыту  үдерістерін қамтамасыз  етуі  және  қолдауы  мүмкін.  Оның  пікірінше, 
тұлғалық  бағдарлық  тұғыры  студенттермен  әрекеттесетін  мемлекеттік  және 
қоғамдық  институттардың  емес,  көп  жағдайда  олардың  қызығушылықтары 
мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған [143].  
Жалпы  бұл  тұғырды  қолданған  кезде  профессорлық-оқытушылар 
құрамы  студенттерде  әдеттегі  әлеуметтік  қасиеттерді  қалыптастыруға  емес, 
олардың  әрқайсысында  әмбебап  тұлғалық  қасиеттерді  дамытуға  негізгі  күш 
салады,  бұл  оқытушылар  мен  студенттер  арасында  субъекті-субъектілік 


 
 
қатынастардың пайда болуына әсер етеді  
Іс-әрекет  тұғыры:  Г.Гегель  теориялары  бойынша  заттық  әрекет 
категориясының  негізінде  психиканы  зерттеу  қағидасы  [68,с.134]; 
А.Н.Леонтьевтың теориясына сәйкес индивидтің әрекетіндегі психологиялық 
бейненің құрылымы және қызметі болып табылады [142, с. 304]. 
Педагогикалық  жоғары  оқу  орындары  студенттерінің  отбасы-
адамгершілік  құндылықтарын  қалыптастырудың  әдіснамалық  негіздерін 
талдауда мәдениеттанымдық тұғырдың маңызы ерекше. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет