Нишанбаева сабира зетбековна



Pdf көрінісі
бет35/101
Дата07.01.2022
өлшемі3,49 Mb.
#17692
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   101
Байланысты:
отбасы

гуманистік  тұғыр,  жүйелілік-құрылымдық  тұғыр,  іс-әрекеттік  тұғыр, 
мәдениеттанымдық  тұғыр.  Бұдан  әрі  қарай  зерттеу  жұмысымыздың 
шеңберінде  басшылыққа  алынған  негізгі  әдіснамалық  тұғырларға 
тоқталайық. 
Аксиология  түрлі  өркениеттер  жетістіктерін,  рухани-адамгершілік 
құндылықтардың  қалыптасуын,  нақтылы  даму  тетіктерін  және  барлық 
бағдарларын  айқындайтын  білімдердің  нақтылы-тарихи  жүйесі  ретінде 
көрініс  табады.  Отбасының  микро,  мезо  және  макрофакторлармен  өзара 
әрекеттестігінің  аксиологиялық  әлеуетін  ашып  көрсететін  тұғыр  – 
аксиологиялық  тұғыр.  Демек,  педагогикалық  жоғары  оқу  орындары 
студенттерінің 
отбасы-адамгершілік 
құндылықтарын 
қалыптастыруға 
байланысты  реттелетін  аксиологиялық  тұғыр  –  әлемге,  адамдарға,  өзіне 
қатысты  әмбебап  жалпы  адамзаттық  құндылықты  қамтиды;  әлеуметпен, 
мәдениетпен  болып  жатқан  қарым-қатынасындағы  отбасы-адамгершілік 
мәндерді  тәрбиелеуде  білім  алушы  өз  білімінің,  өмірінің  мәніне  ие  болуына 
бағытталуы  болады.  Аксиологиялық  тұғыр  қызметі  үшін  білім  беру 
үдерісінде  жеке  адамды  тәрбиелеу  жолында  академиялық  пәндер,  отбасы 
педагогикасы,  отбасы  психологиясы  және  т.б.  отбасы  тәрбиесіндегі 
академиялық адалдықты және т.б. қолдау мен дамуы іске асырылады, сонымен 
қатар,  тұлғаның  негізгі  құндылықтары  –  кәсібилік,  өзіне  сенімділік, 
жауапкершілік т.б. тәрбие қалыптасады [140].  
Осы  тұрғыда  О.И.Воложинаның  пікіріне  сүйенсек,  аксиологиялық 
тұжырымдама  отбасының  құндылық  статусының  трансформациясы 
мәселесін  талдауда  және  оған  мақсатты  бағытта  ықпал  ету  мүмкіндіктерін 
зерттеуде 
қолданылады. 
Әлеуметтік-мәдени 
құндылықтар 
тұжырымдамасында 
индивидтің 
отбасылық 
қатынастар 
моделін 
айқындайтын,  адамдардың  іс-әрекеті  мен  бірлескен  өмірі  нәтижесінде 
қалыптасқан  мәдениет  элементтерінің  белгілі  жиынтығы  қарастырылады. 
Бұл  элементтер  отбасы,  оның әлеуметтік  -  мәдени мәні  туралы  қалыптасқан 
түсініктерді қолдайтын қоғамдық құрылымның алмасу үрдісінде әлеуметтік-


 
 
мәдени сәйкестілікті сақтау механизмдерінің функциясын орындайды [81, с. 
109-115]. 
Педагогикалық  жоғары  оқу  орындары  студенттердің  отбасы-
адамгершілік  құндылықтарды  қалыптастырудағы  басшылыққа  алынатын 
тұғырлардың бірі – әлеуметтік-гуманистік тұғыр болады. 
Әлеуметтік-гуманистік  тұғыр  үшін  білім  берудің  адамға,  тұлғаға 
бағытталуы,  білім  мазмұнының  жариялылығы  заман  талабына  сай  білім 
қорымен  қаматамасыз  ету  және  ұлттық  оқу-тәрбие  процесінің  гуманистік 
сипаты жаңаша оқытудың әдіснамалық негізі ретінде қызмет ете алады.  
Әлеуметтік-гуманистік  тұғырдың  негізгі  бағдарын  сипаттауда  біз, 
гуманитарлық  парадигма,  гуманистік  тәрбие  ғылыми  тіркестеріне  тоқталып 
өтейік.  Мәселен,  бүгінде  гуманитарлық  парадигма  ғылыми  зерттеулерге 
«адами  өлшем»  ұғымын  ендірді.  Егер  ғылыми  жаратылыстану  парадигмасы 
ғылымның мұраты ретінде ақиқат, өлшем және экспериментке бағытталса, ал 
танымның  гуманитарлық  типі  жеке  тұлғаға,  даралыққа,  адамның  жеке 
тұлғалық  қасиеттеріне  сүйеніп,  адами  құндылық  әлеміне  бағытталған 
«субъективтік»  бағытты  жақтайды.  Гуманистік  түсінік  сипаттамасына 
жататындар: адамның сананы құнды-мағыналы игеруі, оның салыстырмалы, 
өзгерісті болатынын түсінуі және т.б. [141]. 
Гуманистік  тәрбие  –  рухани  құндылықтардың  әдіснамалық  негізі. 
Жоғары  мектеп  педагогикасы  бүгінгі  күні  көптеген  жалпы  ғылымилық, 
әлеуметтік-философиялық; 
әлеуметтік-мәдени 
және 
адамгершілік-
эстетикалық  үдерістердің  тоғысуына  тап  келіп  отыр,  өйткені  қоғамдық 
өмірдің  күрделі  талаптарына  сәйкес  тәрбиенің  құндылық  сипаттарын  қайта 
анықтау  өзекті  мәселе  ретінде  қарастырылуда.  Ал  оның  алғышарты  ретінде 
басты  әлеуметтік-гуманистік  құндылықтарды  дамыту,  яғни  жеке  тұлға 
бойында 
қайырымдылықты, 
шыншылдықты, 
әділдікті, 
еркіндікті 
қалыптастыру  педагогика  ғылымының  прогрессивті  ұстанымдарының  бірі 
болып  табылады.  Олар  әсіресе,  тәрбие  практикасында  бүгінгі  күні 
жалпыадамзаттық  негізгі  құндылықтарды  анықтау,  бекіту  үшін  аса  қажет. 
Педагогикалық  жоғары  оқу  орны  студенттерінің  отбасы-адамгершілік 
құндылықтарын қалыптастыру барысында негізгі ой – отбасы мүшесі ретінде 
гуманистік  көзқарасы  мен  сенімдері  қалыптасқан  тұлғаны  дамыту  және 
қалыптастыру. 
Демек, 
студенттердің 
отбасы-адамгершілік 
құндылықтарын 
қалыптастыруда  әлеуметтік-гуманистік  тұғырдың  өзіндік  ерекшеліктері 
отбасын бірегей әлеуметтік ағза ретінде қарастырумен, оның қалыптасуы мен 
дамуын  қоғамның  экономикалық,  әлеуметтік,  рухани  және  саяси 
салаларының  өзара  әрекеттесуімен,  нәтижесінде  тұлғаның  өзін-өзі  таныту 
мүмкіндігін,  шарттарын,  тұтас  алғанда,  қоғам  мен  отбасының  өмір  сүру 
салтын анықтаумен сипатталады.  
Заманауи 
отбасын 
зерттеудің 
әдіснамалық 
тұғыры 
ретінде 
позитивизмнің  ерекшелігі  онда  отбасы  өз  маңызын,  жетістігін,  меншігін 
тасымалдаушы және сақтаушы ретінде қатысады деген талаптар сақталған.  


 
 
Бүгінде 
әлеуметтік 
ғылымдарда 
(А.И.Антонов, 
В.В.Бодров, 
М.С.Мацковский,  В.А.Медков,  З.А.Янкова)  отбасын  әлеуметтік  институт 
ретінде,  отбасының  қоғамдағы  орны  мен  рөлі,  оның экономикалық жағдайы 
мен  мәртебесі,  демографиялық  тәртібі  тұрғысынан  зерттеу  отбасының 
институционалдық дағдарысы жөніндегі прициптік талаптарға негізделеді.  
Ғалымдар (В.С. Соловьев, А.Г.Харчев, т.б.)  «отбасы» ұғымын анықтау 
мәселесін  дайындаудың  негізгі  бағыттарын  мына  тұғырлармен  түсіндіре 
отырып,  отбасының  әлеуметтік  мәнін  және  оның  басқа  әлеуметтік 
институттармен  өзара  әрекеттестігін  қарастырады.  Адам,  отбасы,  еңбек, 
білім,  мәдениет,  отан,  жер,  әлем  сияқты  ұғымдармен  жалпыадамзаттық 
құндылықтарды  ұсынады.  Педагогикадағы  әлеуметтік-гуманистік  тұғыр 
отбасын  адамзатпен  жасалған  әлеуметтік-мәнді  құбылыс  ретінде  және 
бірмезгілде  отбасыға  субъектілік  (тұлғалық)  құндылық  ретінде  дамитын 
социум деп қарастыруға мүмкіндік береді.  
Біз  әлеуметтік-гуманистік  тұғырды  тұрақты,  қайталанатын  белгілер 
жиынтығын  игерген  әлеуметтік  феномен  отбасының  өзіндік  ерекшеліктерін 
анықтауға  бағдарланған  деп  санаймыз.  Бұл  тұрғыдан  отбасы  топтық  өзегі 
«ана-бала»,  «әке-бала»,  «ана-әке»  қатынасынан  тұратын  некелік  одақ, 
әлеуметтік  институт  және  жауапкершілік,  парыз  және  басқа  әлеуметтік 
нормаларды  институциализацияландыру  формасы  ретінде  қарастырылады. 
Басқаша айтқанда, отбасы  - бұл нәтижесі  «жаңа өмір» болатын дүние [41, с. 
75]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет