Нишанбаева сабира зетбековна



Pdf көрінісі
бет63/101
Дата07.01.2022
өлшемі3,49 Mb.
#17692
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   101
Байланысты:
отбасы

 
Сурет  13  Анықтау эксперименті бойынша бақылау және эксперимент 
топтарындағы көрсеткіштерінің диаграммасы 
 
Осыдан  зерттеуіміздің  анықтау  экспериментінің  мәліметтері  мен 
олардың  нәтижелерін  өңдеу  педагогикалық  жоғары  оқу  орындары 
студенттерінің 
отбасы-адамгершілік 
құндылықтарының 
қалыптасу 
деңгейінің  төмендігі  осы  бағыттаға  оқу-тәрбие  жұмыстарының  жеткілікті 
дәрежеде  жүргізілмегендігін  сипаттайды.  Зерттеу  нәтижесі  бойынша 
байқағанымыздай,  жастардың  отбасыға  деген  көзқарастары,  отбасы-
адамгершілік  құндылықтар  әлі  де  болса  жеткіліксіз  деңгейде  толық 
қалыптаспаған.  
Сондықтан  отбасын  құндылық  ретінде  жете  түсінуі;  отбасының  ұлттық 
және  мәдени дәстүрлерін сақтауы  және  нығайтуы; отбасымен,  туыстарымен 
араласуы;  отбасылық  қатынастарды,  отбасындағы  кикілжіңді  жағдаяттарды 
реттеу  қабілеті,  отбасылық  мәселелерді  шешуге  белсенді  қатысуы,  отбасы-
неке  қатынастары  мәселесі  жөніндегі  білімді  меңгеруі  және  толықтыруы; 
ерлі-зайыптылық  және  ата-аналық  әлеуметтік  рөлдерінің  және  жауапты  ата-
аналық  ұстанымының  қалыптасуы;  педагогикалық  сауаттылығы  дамытуы 
қажет.  Отбасылық  құндылықтың  ерекшеліктері  эмоция,  сезім,  сенім  және 
-10%
0%
10%
20%
30%
40%
50%
60%
Бақылау тобы
Эксперименттік топ
23%
24%
46%
47%
32%
29%
Жоғары
Орта
Төмен


 
 
мінез-құлық  көріністерінің  жиынтығының  мәнін  сипатталады.  Сондықтан 
отбасы  феноменін  зерттеуде  сондай-ақ,  отбасы  қазақстандық  менталитеттің 
басты  құндылығы  ретінде  сабақтастықты  үзбей,  мәдени  дәстүрді  сақтап, 
тасымалдайды,  ұрпақтардың  әлеуметтену  үрдісін  жүзеге  асыруына  ерекше 
мән беріледі.  
Қорыта  келгенде,  диагностика  арнайы  жасалған  ғылыми  әдістер 
көмегімен игерілетін «педагогикалық»  үдерістердің, құбылыстардың сандық 
бағасы мен  сапалық сараптамасы болып  табылады.  Осыдан  диагностиканың 
негізгі  мақсаты  әртүрлі  салалардағы  әрекеттер  факторларының  әлеуметтік 
мазмұнын  анықтау,  адаммен,  топпен  жүргізілетін  әлеуметтік,  әлеуметтік-
педагогикалық  жұмыстардың  әдіснамасы  мен  әдістемесінің  жасаудың 
ғылыми  негіздерін  құру  болып  табылады.  Ол  бүгінгі  студент  үшін  өте 
маңызды  отбасылық  (өмірлік  құндылықтарға  басшылық  жасаушы) 
құндылықтарды  анықтауға  мүмкіндік  береді.  Педагогикалық  жоғары  оқу 
орындары 
студенттерінің 
отбасы-адамгершілік 
құндылықтарын 
қалыптастырудың  бастапқы  диагностикасы  әлеуметтік  -  кәсіби  іс-әрекетке 
жүйелі  дайындығын  қалыптастырудың  тиімділігін  анықтауға  және  осы 
бағыттағы тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарының келесі кезеңдерін іске 
асыруға  мүмкіндіктер  береді.  Сондықтан  зерттеу  нәтижелеріне  сүйене 
отырып,  ПЖОО  студенттерімен  отбасы-адамгершілік  құндылықтарын 
қалыптастыруға  бағытталған  элективті  курс  бағдарламасын  жасап,  түзету 
жұмыстарын  жасау  жұмыстары  жүргізу  қажеттілігі  туындады.  Демек 
педагогикалық  жоғары  оқу  орындары  студенттерінің  отбасы-адамгершілік 
құндылықтарын  қалыптастыруда  әдістеме  маңызды  рөл  атқарады,  оның 
тиімділігі келесі параграфта тәжірибелік тұрғыдан дәлелденеді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет