Нишанбаева сабира зетбековна



Pdf көрінісі
бет65/101
Дата07.01.2022
өлшемі3,49 Mb.
#17692
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   101
Байланысты:
отбасы

кешеннің басты мақсаты болып саналады. 
Сонымен педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің отбасы - 
адамгершілік  құндылықтарын  қалыптастыру  үшін  дайындалған  әдістемелік 
кешені  «Қазіргі  заманғы  отбасының  құндылықтары»  атты  элективті  курс 
бағдарламасы  мен  «Студенттердің  отбасы-адамгершілік  құндылықтарын 
қалыптастыру  негіздері»  атты  оқу-әдістемелік  құралынан,  сонымен  бірге 
отбасы-адамгершілік  құндылықтарының  қалыптасу  деңгейін  анықтауға 


 
 
мүмкіндік беретін және осы бағытта ұйымдастырылатын  «Отбасылық өмірге 
дайындаудағы психологиялық тренингтер» топтамасынан тұрады.  
Зерттеу  барысында  дайындаған  әдістеменің  ««Қазіргі  заманғы 
отбасының  құндылықтары»  элективті  курс  педагогикалық  жоғары  оқу 
орындары студенттеріне арналады. Ол элективті курс бағдарламасы бойынша 
оқу-тәрбие  жұмыстарының  жүйесі  құрастырылып,  оқу-тәрбие  үдерісінде 
студенттердің  отбасы-адамгершілік  құндылықтарын  қалыптастыруға  ықпал 
ететін жүйелі педагогикалық іс-әрекеттер белгіленді. 
Жастарды  отбасылық  өмірге  дайындаудың  әртүрлі  формалары  бөліп 
көрсетіледі: 
-  кешенді,  пәнаралық  тұрғыдан  нақты  пәнді  оқыту  арқылы  отбасылық 
өмірге дайындауды ұйымдастыру (В.И.Барский, К.К.Баздырев, Б.Т.Лихачев); 

отбасылық  мәдениет  пен  ұлттық  университет  лекториясы 
(К.К.Баздырев); 
-  отбасы  қызметі  мен  әлеуметтік  институттардағы  отбасы  сұрақтары 
бойынша ақыл-кеңес; 
-  арнайы  пәндерді  оқыту:  «Отбасылық  өмірдің  этикасы  мен 
психологиясы»  (И.В.Гребенников,  С.В.Ковалев,  Т.А.Флоренская);  «Әйелдер 
әлемі» (С.И.Зырянова); «Отбасылық өмір этикасы» (М.В.Шепель) [214]. 
Сонымен  бірге  бүгінде  «Отбасынтану»,  «Отбасылық  қарым-
қатынастың  этикасы  мен  психологиясы»,  «Отбасылық  өмірдің  адамгершілік 
негіздері»,  «Отбасылық өмірге дайындау» факультативтік курстарды мектеп 
қабырғасында,  ал  жоғары  оқу  орындарында  «Отбасы  педагогикасы  мен 
психологиясы» пәндерін оқыту тәжірибесі қалыптасқан.  
«Қазіргі  заманғы  отбасының  құндылықтары»  элективті  курсын  оқыту 
тәжірибесі, 
практикалық 
тұрғыдан 
студенттерді 
отбасылық 
өмір 
құндылықтарына 
тартудың 
және 
отбасылық 
мәселелерді 
шешуге 
араластырудың  тиімді  технологияларын  оқу-тәрбие  үдерісіне  ендіру  және 
апробациядан  өткізу  студенттерді  отбасылық  өмірге  араластырудың 
шығармашылық  формасы  мен  әдістерін  өзектендіру  педагогикалық  жоғары 
оқу  орындары  студенттерінің  отбасы-адамгершілік  құндылықтарын 
қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.  
«Қазіргі  заманғы  отбасының  құндылықтары»  элективті  курсының 
мақсаты  -  отбасылық  құндылықтар  негізінде  студент  жастарды  отбасылық 
өмірге дайындау, отбасын құруға конструктивтік қатынасын және ата-аналық 
жауапкершілігін, 
отбасылық 
құндылықтарға 
позитивті 
қатынасын 
қалыптастыру. 
Элективті курстың міндеттері: 
- пәнаралық категория ретінде отбасы, құндылық феномендерінің мәнін 
ашып көрсету; 
 -  отандық  және  шетелдік  философия,  әлеуметтану,  психология, 
педагогика  ғылымдарында  отбасы  мен  құндылықты  зерттеудің  теориялық 
тәсілдеріне мазмұндық талдау жасау; 
-  адамның  тұрақты  және  табысты  дамуы  үшін  отбасының  маңызы, 
отбасылық құндылықтар жөніндегі түсініктерін қалыптастыру; 


 
 
- отбасылық құндылықтарды зерттеудің негізгі әдістерімен таныстыру. 
-  қазақстандық  қоғамның  негізі  ретінде  отбасына  қарым-қатынасты 
нығайту; 
-  ата-анаға,  үлкендер  мен  кішілерге  сыйласымдық,  қамқорлық  қарым-
қатынасын нығайту; 
-  отбасылық  өмірдің  адамгершілік  құндылықтары:  сүйіспеншілік, 
жақсы  көретін  адамына  қамқорлық,  тұқымды  жалғастыру,  отбасы 
мүшелеріне  рухани  және  эмоциялық  жақындық,  өзара  түсіністік  пен  өзара 
көмек, туыстық қарым-қатынас, т.б. жайлы түсініктерін кеңейту; 
-  өз  отбасының  әлеуметтік-психологиялық  әл-ауқаты  жөніндегі 
қамқорлығының алғашқы тәжірибесін қалыптастыру; 
- өз отбасының дәстүрін, өз халқының мәдени – тарихи және этникалық 
дәстүрін,  сондай-ақ  Қазақстанның  басқа  да  халықтарының  отбасылық 
дәстүрін білуі;  
- отбасылық мәселелерді шешудегі құзыреттілігін қалыптастыру; т.б.   
 «Қазіргі 
заманғы  отбасының  құндылықтары»  курсын  оқыту 
нәтижесінде студент білуі керек:  
-  отбасы,  құндылық  категориясының  негізгі  философиялық  және 
психологиялық, педагогикалық тәсілдерін; 
- отбасылық құндылықтың мазмұнын; 
-  қоғамдағы  және  тұлғаның  әлеуметтік-психологиялық  мәселелерінде 
отбасылық құндылық категориясын пайдалануды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет