БАҚ (бұқаралық ақпарат құралдары): баспасөз, радио, теледидар,
сияқты көптеген каналдардың біртұтастығы, олар журналистика мен
аудиторияның арасындағы байланыстырушы болып табылады және
журналистиканың басты құралы ақпарат беруді пайдалана отырып, көптеген
міндеттерді шеше алады [212].
Жоғарыдағы бөлімде айтылғандай, педагогикалық жоғары оқу
орындары
студенттерінің
отбасы-адамгершілік
құндылықтарын
қалыптастырудың бастапқы деңгейін айқындау жоғары оқу орнының тұтас
педагогикалық үдерісінде жүзеге асырылды.
Осыған орай зерттеу контекстімізде педагогикалық жоғары оқу
орындары
студенттерінің
отбасы-адамгершілік
құндылықтарын
қалыптастырудың
әдістемелік кешенін жасау міндет етіп алынды.
Әдістемелік кешен болaшaқ ұрпaқты тәрбиелеу мен оқыту үдерісінің
зaңдылықтaрын зерттейді.
«Кешен» комплекс (лат. complexus – байланыс, үйлесім) –
біртұтастықты құрайтын заттардың, құбылыстардың, белгілердің жиынтығы,
сондай –ақ, жекеленген психологиялық және педагогикалық үдерістерді
біртұтас етіп біріктіру деген мағынаны білдіреді [213].
Сондықтан әдістемелік кешен педагогикалық үдеріс және оның
тұтастығын құрайтын логикалық байланысты әрекеттер жиынтығын түсінуге,
игеруге бағытталады.
Осы орайда педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің
болашақ маман және ата-ана ретінде ғылым салаларынан алған білімдеріне
сүйеніп, дүниетанымдық көзқарастарын, сенімін сақтай отырып, ой-
тұжырымдары мен пікірлері, әлеуметтік тәжірибесін жетілдіру арқылы
отбасы-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру
әдістеме дайындаудың
мәнін айқындайды.
Бұл ұсынылып отырылған әдістемелік кешенін педагогикалық жоғары
оқу орындары студенттерінің отбасы-адамгершілік құндылықтарын
қалыптастыруда
студенттің қоршаған ортаға, соның ішінде отбасын, отбасы
мүшелеріне қатынасы бойынша жаңа құндылық бағдарды игеруге,
отбасылық әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін әлеуметтік
тәжірибесін қалыптастыруға бағытталады.
Сондықтан педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің
отбасы-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда
оқу және оқудан тыс
іс-әрекет түрлерінің диалектикалық бірлігін саналы түсінуін және
қамтамасыз ету, практикалық іс-әрекетте, атап айтқанда, отбасылық
мәселелерді шешудегі әлеуметтік құзыреттілігін қалыптастыру
әдістемелік
Достарыңызбен бөлісу: