Жасы мен жыныстық тиістілігі
Нұр-Сұлтандағы дәмханалар мен мейрамхана- лардың негізгі аудиториясы 25-тен 34 жасқа дейінгі жастар және 35-тен 44 жасқа дейінгі ересектер болып табылады. Олар барлық мей- рамханалар мен дәмханаларға келушілердің 53% дан астамын құрайды. Жалпы алғанда, соңғы 3 айда Нұр-Сұлтан халқының шама- мен 3/5 бөлігі дәмхана мен мейрамханаларда уақыт өткізді.
Әлеуметтік мәртебесі
Мейрамханаларға келушілердің жартысы үй- ленген/тұрмысқа шыққан адамдар, 27% үй- ленбеген/ тұрмысқа шықпаған, 11% өз жар- тысымен бірге тұрады. Бір қызығы, ажырасқан немесе өз жартысымен азаматтық некеде тұрған ер адамдар отбасылық жағдайы бар әйелдерге қарағанда мейрамханаларға жиі ба- рады. Бірақ мейрамханаларға баратын бос ер адамдар тұрмыста емес әйелдерге қарағанда 12% ға артық.
Мейрамханада уақыт өткізгісі келетіндер көп
жағдайда өзінің материалдық әл-ауқатына сенімді адамдар. Негізінен бұл әр түрлі ма- мандар (23%), білікті жұмысшылар мен қыз- меткерлер (34%). Зерттеу көрсеткендей, мей- рамханаға келушілердің 41% ы орташа айлық жеке табысы 50-ден 100 мың теңгеге дейін, ал олардың орташа айлық отбасылық табысы 100 мың теңгеден жоғары. Бұл ретте соңғы уақытта мейрамханаларға барған адамдардың басым көпшілігі (68%) азық-түлікке орта есеп- пен 30-дан 70 мың теңгеге дейін жұмсайды.
Келушілердің көпшілігінің (52%) соңғы жылда өзгермеген тұрақты материалдық жағдайы бар. Бұл ретте келушілердің 64% ы олардың материалдық жағдайы алдағы 12 айда жақ- саратынына сенімді. Егер мейрамханалар келушілердің білім профиліне қарайтын болса, бұл нәтижелер таңқаларлық емес. Олардың жартысынан астамының (52%) жоғары неме- се аяқталмаған жоғары білімі бар. Айта кету керек, бір немесе одан да көп жоғары білімі бар мейрамханаларға келушілер көбінесе әй- елдер қауымы, ал орта, орта-арнайы, толық емес орта білімі бар келушілер, негізінен, ер адамдар.
Андерсон кафесінің ұстанымына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласындағы тікелей бәсекеле- стер балалар бөлмесі бар отбасылық үлгідегі кафелер мен мейрамханалар болып табыла- ды, олар негізгі қызметтен басқа (қоғамдық тамақтандыру қызметін көрсету) кондитерлік және нан-тоқаш өнімдерін өндірумен және
оларды бөлшек саудада сатумен айналысады. Нарыққа кірудің негізгі кедергілері мен тәуе- келдері
Жобаны іске асыру шеңберінде нарыққа кіру- дің негізгі кедергілері болып мыналар есепте- леді:
Қаржыландыру көздеріне қол жеткізу.
Ұзақ мерзімді келісімшарттар және іскерлік байланыстар.
Белсенді маркетинг
Әкімшілік кедергілер
Достарыңызбен бөлісу: |