«no name» кофеханасын ашу үшін банктік несие алуға арналған бизнес жоспар



бет1/13
Дата11.03.2022
өлшемі0,72 Mb.
#27621
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
БЖ Кофехана


«NO NAME» КОФЕХАНАСЫН

АШУ ҮШІН БАНКТІК НЕСИЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН БИЗНЕС ЖОСПАР

Жобаның сипаттамасы және оны іске асырудың орындылығы. Осы бизнес-жоспарда мүлдем жаңа форматтағы кофехана ашу көздел- ген: кофехана және кітап дүкенінің симбиозы

    1. Жобаның түйіндемесі:


Аты-жөні

Тілеуханов Нұрсұлтан Болысханұлы

Азаматтығы

Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан

Мекенжайы

ХХХХХХХХ

жеке куәліктің №

ХХХХХХХХ

Туған күні және туған жері

ХХХХХХХХ

ЖСН

ХХХХХХХХ

Мамандығы

ХХХХХХХХ

Мүгедектіктің болуы

Жоқ

Байланыс деректері

ХХХХХХХХ


Қарыздың нысаналы мақсаты:

Жоба кофеханаға арналған жабдықтарды сатып алуды, үй-жайды жөндеуді және кофехананы ашуға арналған өзге де шығыстарды көздейді

Валюта:

Теңге

Жобаның жалпы сомасы, теңге:

16 655 000

Оның ішінде қарыз/гранттық қаражат, теңге:

16 655 000 теңге мөлшеріндегі банктік кредит

Оның ішінде меншікті қаражат, мың теңге:




Жобаның құны



Атауы


Сомасы, теңге

Кредиттік / гранттық қаражат

Меншікті қаражат

Сомасы, теңге

%

Сомасы, теңге

%

Күрделі шығындар

5 000 000

5 000 000

30

-

-

Шикізат сатып алу және айналым қаражаты

300 000

300 000

1,8

-

-

Негізгі құралдарды сатып алу

11 355 000

11 355 000

68,2

-

-

Барлығы

16 655 000

16 655 000

100

-

-

Қарыздың нысаналы мақсатын толтырыңыз


Атауы

Құны

Жөндеу: 200 м2

дизайн жоба 500 000 тг




құрылыс материалдары 2 500 000 тг




жұмыс 2 000 000 тг

Жабдық

жылу 405 000 тг




тоңазытқыш 740 000 тг




бар 1 245 000 тг




қосымша 1 155 000тг




ыдыс және ас үй керек-жарағы 1 500 000 тг

Жиһаз

бар үстелшесі – 500 000 тг




бар шкафтары / стеллаждар 500 000 тг




дивандар, орындықтар, креслолар 1 750 000тг

үстелдер – 960 000 тг




кітап сөрелері – 500 000 тг

Декорациялар

300 000 тг

Жарықтандыру

400 000 тг

Санитарлық торап

400 000 тг

Өнімдерді бастапқы сатып алу

300 000 тг

Кітаптар

1 000 000 тг

Жиыны:

16 655 000 тг




    1. Өнімнің немесе қызмет көрсету сипаттама- сы

Кофехана басқа қоғамдық тамақтану орында- рынан кофе мен кофе сусындар сұрыптарының әр түрлілігімен ерекшеленеді Негізгі тармақ болып табылатын кофеден басқа кофехана мәзірінде көптеген кондитерлік өнімдер, суық және ыстық тағамдар ұсынылады.

«No name» кофеханасы кофехананың және Америкадан келген «workshop café» форма- тындағы орынның симбиозы. Ол жердің негіз- гі өнімі кофе және шай сусындары, десерттер, сендвичтер, сорпалар мен салаттар болады. Сондай-ақ, іскерлік әдебиетті жақсы көретін- дер үшін кітап дүкені жұмыс істейді. «No name» бұл достық, романтикалық және іскерлік кез- десулердің орны, жұмыс істеу, ойлау, оқу

немесе жай ғана өзімен өзі болуға арналған орын. Кофеханаға келушілер – кәсіпкерлер, фрилансерлер, студенттер, кеңсе қызметкер- лері. Біз адамдар жұмыстан немесе үйдегі күй- бің тірліктен бос уақытта келе алатын «үшінші орын» құрғымыз келеді. Ыңғайлы және өнімді жағдай жасау үшін, жұмыс істеуге келген адамдар үшін ондай орында жылдам ұтқыр вайфай болады және әрбір үстелге жақын ро- зеткалар орнатылады.

Нарық пен бәсекелестерді талдау Қазақстанның қоғамдық тамақтану нарығы Тұрақты кофехана үшін нарықта үлкен бәсеке- лестік бар. Кофехананың бәсекелестері еуро- палық тағамдармен қатар кофе сусындарының кең ассортиментін ұсынатын дәл сондай меке- мелер ғана емес. Бұл кафе де, мейрамханалар





да, бизнес-ланч өткізу кезінде тіптен асхана- лар. Сауда орталықтарында орналасқан шағын кофеханалар бәсекелестер емес, өйткені олар басқа аудиторияға бағытталған. «Кофе өзімен бірге» нүктелері мекеменің жекелеген қызметі

  • кофені сыртқа тасудың бәсекелестері ғана бол алады. Алайда, бұл кофехананың қосым- ша қызметі болып табылады, сондықтан осы қызмет түрі бойынша бәсекелестікті төменде- ту үшін арнайы шаралар жүргізу орынсыз.

Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының саны бойынша Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары көшбасшы болып табылады.

Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық тамақтану нарығы қарқынды өсіп келе жатыр, бұл бірінші кезекте халық санының күн санап көбеюімен және ауқаттылық деңгейімен байланысты, бұл осы саладағы сұраныстың артуына алып келеді. 2018 жылдың соңындағы жағдай бой- ынша осы нарықтың көлемі 30 673 400 000

теңгені құрады. Қоғамдық тамақтану нарығы- ның динамикасы төменде көрсетілген.

Нұр-Сұлтан қаласындағы мейрамхана на- рығының әлеуеті халықтың өсуі болмаған жағдайда ақшалай баламада жылына 45 000 000 000 теңгеден асады. Халық өсуінің оң сер- піні сақталған жағдайда ол жылына 60 000 000 000 теңгеден астам сомаға жетуі мүмкін.



Нұр-Сұлтан қ. Қоғамдық тамақтандыру нарығы көлемінің динамикасы, млн.тг


  1. кесте Нұр-Сұлтан қ. 2018 жылғы мамырдағы қоғамдық тамақтану қызметтерінің көлемі (млн тг.)




Нұр-Сұлтан қ. 2018 жылғы мамырдағы қоғамдық тамақтану қызметтерінің көлемі (млн. тг.)

Барлығы

Нәтижеге қарай өсу

Тұрғынға орташа чек (теңге)

2018/05

2018/04

2018/05

2018/04

2018/05

2018/04

2018/05

2018/05

2018/05

2 791,9

2 580,0

2 623,9

108,2%

106,4%

211,8

168,0

3 273,1

3 221,8




Бұл нарықта мыңнан астам мекеме бар және осы мекемелердің 10-нан астам түрі бар.

Негізгі бәсекелестік fast-food және free-flow сегменттерінде байқалады, өйткені мекеме- лердің осы типтері негізгі массасын орташа деңгейден төмен мемлекеттік қызметшілер құрайтын тұтынушылардың негізгі массасына неғұрлым қолайлы жағдайлар жасайды. На- рықтың жалпы көлемінен осы сегменттердің көлемі 2018 жылдың соңына жылына 17 145

043 000 теңгеден асты.

Fast-food сегменті төмендегідей бірнеше желілерден тұрады: KFC, Нardеe‘s, Burger King және Пицца Блюз, Dodo пицца, McDonalds және т.б.

Астана қаласының кофеханаларында бір адамға орташа чек 600 теңге мен 10 000 теңге

аралығында және одан да көп. Бұл сегментте, сондай-ақ, төмендегідей желілік мекемелер бар: Мадлен, Brioche, Бауырсакофф, Сладкая сказка және т.б.

Нұр-Сұлтан қаласындағы желілік мейрамхана бизнесі екі мекеме түрінде ұсынылады, бірін- шісі – тез тамақтану жүйесі, екіншісі бір ұйымға тиесілі немесе бірыңғай сауда маркасымен байланысты әртүрлі үлгідегі мекемелер.

Жылдам тамақтану желілері әртүрлі сау- да маркалары, бірақ Americana Group, KFC, Нardеe‘s, Pizza Hut және Costa Coffee сияқты сауда маркаларына ие бір компания түрінде жұмыс істейді. QSR компаниясы Burger King ұсынады.

Осылайша, Нұр-Сұлтан қаласында екі ірі ком- пания бар, олар 4 тез тамақтану брэндін және бүкіл қала бойынша орналасқан 19 мекемеден тұрады. Деңгейі жоғарырақ мекемелер келе- сі компаниялар мен сауда маркалары түрінде ұсынылған:

Americana Group та Costa Coffee кофеханалары түрінде ұсынылған;

Good Project сауда белгісі – Бархат, Chivas





Lounge, Dim Sum, На Крыше, Kyoto Bar, Мясо и Запой мекемелері түрінде ұсынылған;

Assorti сауда белгісі бірдей атауы бар 4 меке- меден тұрады;

Pucha сауда белгісі Приют бодливой козы, Бу- хара, Эпоха және қала сыртындағы «Разгуляй» демалыс үйі түрінде ұсынылған;

AB сауда белгісі – Del papa, Бочонок, Клава Давай, Augustin және Дареджани мекемелері түрінде ұсынылған;

Арка ЖШС келесі мекемелерден тұрады – Tre Kronor, Фархи, Сатти және Изуми Тай;

Coffee Boom сауда маркасы 5 аттас мекеме- лерден тұрады;

Traveler‘s Coffee ресейлік сауда маркасы 3 ат- тас мекемелерден тұрады;

Ресейлік Шоколадница сауда маркасы 2 меке- ме түрінде ұсынылған;

Осылайша, бізде әртүрлі бағыттағы және дең- гейдегі 9 мейрамхана желісі бар.

Нарықта 3 республикалық оператор және 3 шетелдік оператор бар.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет