Бұрынғы КСРО топырақтанушылары шынымен терориялық про- блемаларды дамыту жəне практикалық мəселелерді (Топырақты тиімді пайдалану жəне оның құнарлығын көтеру) шешуде көптеген еңбек сіңірді, олардың халықаралық қатынасында кеңіді. Орыс ғалымдары көптеген Азия мен шығыс Еуропа елдері Топырақтан зерттеуді аталған орыс ғалымдарымен қатар, ҚР-ның топырағын зерттеуге А. Безсонов, А. Мухля, И. Герасим, С. Соколов, М. Глазов- ская, В. Боровский, П. Грабаров, М. Руубинштейн, т.б. үлес қосты. 1974 ж. Мəскеуде топырақтанушылардың Х халықаралық конгресі өтті, оған оқулықтың бірінші авторы да қатысты.
Топырақтану ғылымының алдына қойған жауапты мақ- саттары:
– Топырақ ғылымының табыстарын тыңайтқыштар жүйесін құруға, агротехнологияға, суармалы жəне құрғату мелиорациясын тиімді пайдалану;
– ТМД-ның жер қорын тиімді пайдалану, басқа шаруашылық мақсатына құнарлы топырақты пайдалануға шек қою;
– Топырақ құнарлығын жəне егіншілік мəдениетін көтеруге ғылыми негізделген агромелиоративтік шараларды қолдану;