Топырақтану ғылымының қалыптасуы орыстың аса дарынды табиғаттанушы ғалымы В. В. Докучаевтың (1846-1903) есімімен тығыз байланысты. В. В. Докучаевтан кейін оның енбегін көптеген талант- ты шəкірттері жалғастырды. Генетикалық топырақтану ХХ ғасырдың басында табиғаттанудың жаңа бір саласы ретінде қалыптасты. Генетикалық деген түсінік «генезис», яғни топырақтың пайда болуы, дамуы деген ұғымды білдіреді.
Топырақ комиссиясы
1888 жылы Ерікті экономикалық қоғам жанынан В. В. Докучаевтың басқаруымен арнайы топырақ комиссиясы құрылды. Бұл комиссия жұмысына тек ғалымдар ғана емес, топырақтануға қатысы бар басқа меке- мелер қызметкерлері де тартылды. Ко- миссия, алдымен Ресейдің Еуропалық бөлігінің топырақ картасын жасады. 1889 жылы Топырақтану комиссиясы «Топырақтану» журналын шығарды. Ол журнал күні бүгінге дейін Ресей Ғылым академиясының осы саладағы жалғыз басылымы.
1892-1895 жылдары В.В. Докучаев Ново-Александр ауыл- шаруашылық институтында (қазір ол Польша жерінде) директор болып қызмет атқарды, ауыл шаруашылығы жүйесіне дұрыс білім беруге біршама үлес қосты. Институтта əлемде бірінші болып топырақтану кафедрасын ұйымдастырды. Кафедраны В.В. Докучаевтың шəкірті Н. М. Сибирцев (1860-1900) басқарды. Ол 1900 жылы Докучаевтың топырақ жайындағы идеяларын жүйелі етіп баяндаған алғашқы «Топырақтану» оқулығының авторы болды. 1898-1900 жылдары Докучаев Кавказ тауларының топырақтарын, Түркістан, Каспийдің шығысын, тіпті, Қарақұмдағы Чарджау аймағындағы Репетек құмдарын, гипсті топырақтарды зерттеді. Докучаевтың бұл əртүрлі аймақтарды зерттеу, оның топырақтану жайындағы ілімінің аясын кеңейте түсті.
Топырақтану ғылымының XX ғасырда Ресейдегі дамуы
XX ғасырда Ресейде топырақ зерт- теу жұмыстары негізінен топырақтың географиялық жұмыстарымен байла- нысты болды. Топырақтану саласында кейін аса белгілі тұлғаларға айналған В. В. Докучаевтың шəкірттері Л. И. Пра- солов, С. С. Неуструев, А. И. Безсонов, Н. А. Димо, Б. А. Келлер, М. М. Фи- латов сияқты ғалымдар шықты. 1908 жылы Ресейдің бас көші-қон басқармасы Сібір мен Орта Азияға (Қазақстанды қоса) топырақ-ботаникалық экспедиция- лар ұйымдастырды. Бұл жұмыстарды К.
Д. Глинка басқарды. Экспедицияның мақсаты – Ресейдің Еуропалық бөлігінен халқы аз Азиялық бөлігіне көшіру, топырақ жер жағдайын зерттеу еді. Бұл материалдардың бастапқы есептері арнайы енбек- терде, ал ең соңғы нəтижелері 1920 жылдары К. Д. Глинканың авторлы- ғымен бірнеше монографияларда жарияланды (К. Д. Глинка, 1923).