(1872-1932) 1925 жылы Докучаев атындағы топырақтану комитеті, КСРО Ғылым академиясының В. В. Докучаев атындағы топырақтану институты болып қайта құрылды. Оның директоры болып академик К. Д. Глинка тағайындалды. Кеңестік заманның əр кезеңдерінде КСРО-ның əр республикаларында да ар- найы топырақтану жəне агрохимия ин- ституттары ұйымдастырылып, жемісті зерттеу жұмыстарын бастады. Бұлардың барлығына В. В. Докучаев атындағы Топырақтану институты методикалық
жетекшілік етті. КСРО-ның кең байтақ территорияларында топырақ- географиялық зерттеулер өріс алса, кейбір республикаларда топырақты мелиорациялау бағыттарында зерттеулер жүргізіле бастады. Ылғалы мол батыс аймақтарында топырақты құрғату, ал Орта Азия, Оңтүстік Қазақстан, Кавказдың оңтүстігінде топырақты суару мелиорациялары дамыды. Осы кезде топырақтанудағы ірі тұлға К. К. Гедройц (1872-1932) еді. Ол топырақтану химиясы саласында, дəлірек айтсақ топырақтың сіңіру комплексін, сор топырақтар мен сортаң топырақтарды зерттеу- де аса ірі теориялық жетістіктерге жетті.
Жер қыртысы геохимиясы
Топырақтану, жалпы жер қыртысы геохимиясы саласындағы ірі ғалым Б. Б. Полынов (1877-1952) болды. Бұл екеуінің кейінірек академик болып сайлануы кездейсоқ емес екені анық. Кеңестік заманда топырақтың органикалық бөлігі ту- ралы ірі жетістіктерге академик И. В. Тюрин жетсе, топырақтың гео- графиясы саласында академиктер Л. И. Прасолов, И. П. Герасимов, топырақ агрохимиясы саласында академиктер Д. Н. Прянишников пен Я. В. Пейве терең зерттеулер жүргізіп, көптеген жаңалықтар ашты. В. В. Докучаевтың шəкірті академик В. И. Вернадскийдің айтуынша топырақ – аса күрделі, əрі өлі, əрі тірі дене. Сондықтан оны зерттеу де оңайға түспейді. Бір жағынан оған геологиялық ғылымдар əдісі қажет болса, екінші жағынан, биологиялық ғылымдар əдістерін қолдану.
Қазақстанда топырақтану ғылымы- ның негізінің қалануы Өмірбек Оспанұлы есімімен тікелей байла- нысты. Ол Мəскеудегі Тимирязев атындағы ауылшаруашылық акаде- миясының топырақтану жəне агро- химия мамандығын бітірген. КСРО Ғылым академиясының В. В. Докучаев атындағы Топырақтану институтының аспирантурасына түсіп, 1936 жылы гео- логия-минерология ғылымдарының кан- дидаты дəрежесін қорғап шықты. Бұл кезде Ө. Оспанов топырақтану саласы- нан өз ұлтымыздан шыққан, алғашқы
ғылыми дəрежесі бар ғалым болғанын мақтанышпен айтамыз.