No1 ДӘріс кіріспе. Топырақтану ғылымының даму тарихы



бет1/4
Дата25.01.2023
өлшемі138,38 Kb.
#62793
түріҚұрамы
  1   2   3   4
Байланысты:
КІРІСПЕ.ТОПЫРАҚТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ

No1 ДӘРІС КІРІСПЕ.ТОПЫРАҚТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ

Негізгі қарастырылатын мәселелер:

  • Топырақтану, топырақ анықтамалары.
  • Топырақтың табиғаттағы орны мен маңызы.
  • Топырақтану ғылымы, оның даму тарихы.

Кіріспе

  • Топырақтану топырақ жəне оның құрылымы, құрамы, қасиеттері жəне географиялық таралу заңдылықтары, түзілуі, табиғаттағы орны, экологиясы, тиімді пайдалануы мен жақсарту жолдарын зерттейтін ғылым.

Топырақтану ғылымының негізі

  • XIX ғасырдың орта кезеңінде агроном, агрогеолог, агро- химиктердің енбектерінде топырақ туралы алғашқы түсініктер жа- зыла бастады. Олар топырақтың жоғарғы қабатының құрамындағы органикалық жəне минералдық қалдықтарға көңіл бөліп, топырақ деген жердің тек жыртылған, өсімдіктердің тамырлары жайылған қабаты деп есептеді. Топырақ дегеніміз не деген сұраққа берілген осындай анықтама, В.В. Докучаевтың ғылымға жаңа өріс əкелген кезеңге дейін өріс алып келді.

Агрономия негізін салушы

  • Ғылыми агрономиямен алғаш айналысқан Алмания табиғи зерттеушілері болды. XIX ғасырдың басында кейбір жүргізген тəжірибе жұмыстарына сүйене отырып, неміс ғалымы А. Тэер өсімдіктердің органикалық заттармен қоректенуі теориясын ұсынды. Осыған байланысты ірі химиктер И. Берцелиус, К. Шпренгель, т.б. топырақтың қара шіріндісі гумуспен айналысты. Олар топырақ шіріндісінің күрделі екенін жəне органикалық заттардың бірнеше топтарынан тұрып, əр түрлі химиялық құрамы мен қасиеттерімен ерекшеленетінін анықтады (Д. С. Орлов, 1974).

XVIII ғ. Ресейде топырақтың зерттелуі

  • Қара топырақтың пайда болуы жөніндегі алғашқы дұрыс болжам орыстың ұлы ғалымы М. В. Ломоно- сов (1763) айтқан. Ол «Жер туралы» атты кітабында: «Қара топырақтың пай- да болуы минералды емес, табиғи екі патшалықтан өсімдіктер мен жануар- лардан пайда болғанын барлықтарымыз мойындаймыз», – деп жазды. В. В. Доку- чаев бір ғасырдан кейін осыны негізге алды. Қара топырақтар туралы XVIII ғасырда профессорлар М. А. Афонин, И. М. Комовтар да жазды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет