Критерийлер. Білімгерлердің өсімдіктерді өсіруге қызығушылығы мен оған деген аялы көзқарасы, оның қажеттілігін түсінуі, өсімдіктер туралы жалпы білімнің болуы, ойлау арқылы қажетті деңгейде еркін игеріп, оларды оқу барысында кеңінен біледі. Сонымен қатар биолог мамандарының инновациялық ойлауын қалыптастырудың құрылымдық компоненттері жоғары, орта және төменгі деңгейлерден көрініс табады.
Мысалыға «Соя өсімдігінің анатомиясы мен морфологиясы» тақырыпқа келтірейік.
Жоғары: соя өсімдігінің анатомиясы мен морфологиясы туралы мәліметтерді жетік меңгерген; оған деген қызығушылығы мол; үйрену дағдысын өздігінен дербес ізденіс арқылы толықтыра біледі; соя өсімдігінің зерттеу нәтижелерін пайдалану қажет екендігін дұрыс түсінеді, өз кәсіби әдістемелік даярлығын қалыптастыруға ұмтылысы жоғары; зертханалық жұмыстарды орындауда және заманауи әдістерді қолдануда оқу іс-әрекетінің нәтижесін жеткілікті түрде бағалай алады; соя өсімдігін жоғары деңгейде зерттеп, нәтижелерін өздігінен пайдалана алады.
Орта: соя өсімдігінің анатомиясы мен морфологиясы туралы жалпылама түсінігі бар, әйтседе оларды үйренуге аса мән бергенімен, оған өзінің көзқарасын көрсете бермейді; соя өсімдігі туралы материалдарын пайдалануға, өз кәсіби әдістемелік даярлығын қалыптастыруға көпшілік жағдайда нұсқаушының немесе оқытушының көмегіне сүйенеді; зертханалық жұмыстарды орындауда және заманауи әдістерді қолдануда оқу іс-әрекетінің нәтижесін бағалай алғанымен, жалпы оқу біліктері жеткіліксіз, арнайы дайындықты қажет етеді; соя өсімдігін толық зерттеп, нәтижелерін алуда оқытушының көмегіне сүйенеді.
Төмен: соя өсімдігінің анатомиясы мен морфологиясы туралы деректерге қызығушылық танытпайды, оны қажет деп есептемейді; соя өсімдігі туралы материалдарын пайдалануға, өз кәсіби әдістемелік даярлығын қалыптастыруға деген қызығышылығы төмен; зертханалық жұмыстарды орындауда және заманауи әдістерді қолдануда оқу іс-әрекетінің нәтижесін жеткілікті бағалай алмайды; соя өсімдігінің анатомиясы мен морфологиясы бойынша түсінігі аз.
Кесте 11 - Биолог мамандарының инновациялық ойлауын қалыптастырудың құрылымдық компоненттері
-
Деңгейлер
|
Критерийлер
|
1
|
2
|
Жоғары
|
өсімдіктердің анатомиясы мен морфологиясы туралы мәліметтерді жетік меңгерген, оған деген қызығушылығы мол, үйрену дағдысын өздігінен дербес ізденіс арқылы толықтыра біледі;
өсімдіктер туралы материалдарын оңтайлы пайдалануға, өз кәсіби әдістемелік даярлығын қалыптастыруға ұмтылысы жоғары;
өсімдіктерді жоғары деңгейде зерттеп, нәтижелерін өздігінен пайдалана алады;
зертханалық жұмыстарды орындауда және заманауи
әдістерді қолдануда оқу іс-әрекетінің нәтижесін жеткілікті түрде бағалай алады.
|
Орта
|
өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы туралы жалпылама түсінігі бар әйтседе, оларды үйренуге аса мән бергенімен, оған өзінің көзқарасын көрсете бермейді;
өсімдіктер туралы материалдарын оңтайлы пайдалануға, өз кәсіби әдістемелік даярлығын қалыптастыруға көпшілік жағдайда нұсқаушының немесе оқытушының көмегіне сүйенеді;
өсімдіктерді толық зерттеп, нәтижелерін алуда оқытушының көмегіне сүйенеді;
зертханалық жұмыстарды орындауда және заманауи әдістерді қолдануда оқу іс-әрекетінің нәтижесін бағалай алғанымен, жалпы оқу біліктері жеткіліксіз, арнайы
дайындықты қажет етеді.
|
Төмен
|
өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы туралы деректерге қызығушылық танытпайды, оны қажет деп есептемейді;
өсімдіктер туралы материалдарын пайдалануға, өз кәсіби әдістемелік даярлығын қалыптастыруға деген қызығышылығы төмен;
өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы пәні бойынша өсімдіктерді зерттеп, нәтижелерін өздігінен пайдалануға қызығушылығы төмен, түсінігі аз;
зертханалық жұмыстарды орындауда және заманауи әдістерді қолдануда оқу іс-әрекетінің нәтижесін жеткілікті бағалай алмайды.
|
Осылайша, болашақ биолог мамандарының инновациялық ойлауын дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделі бойынша зерттеудің мақсаты
айқындалды және оқу үдерісінде инновациялық әдістерді пайдалану білімгерлердің білімдерін жетілдіріп, іскерлік қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді [140, б. 38-39].
Сонымен құрылымдық-мазмұндық модель инновациялық ойлау үрдістерінің сырттай басқарылуы (мұғалім тарапынан бағдарламалық оқулықтар мен оқытатын құралдар, компьютерлер т.б.) туралы шектелмейді, оқу әрекеті кезінде өзін-өзі басқару және өзін өзі реттеу туралы да болып тұр [144]. Студенттердің инновациялық ойлауын дамыту барысында белгілі бір әдіс қолданылады. Бұл қажеттілік оқыту барысында ақыл-ой әрекеті әдістерінің ұзақ уақыт қалыптасуы нәтижесінде пайда болады. Ойлауды саналандыруға қажеттілік инновациялық әдістерді тиімді меңгерудегі қажетті алғы шарттардың бірі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |