Н ә т и ж е л і к б л о к: жоғары деңгейде маманданған, инновациялық ойлау қабілеті қалыптасқан, бәсекеге қабілетті, шығармашыл тұлға қалыптасады
Сурет 7 - Болашақ биолог мамандарының инновациялық ойлауын дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделі
Нақты мақсаты бар іс-әрекет болашақ биолог мамандарының инновациялық ойлауын дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделді жобалауда маңызды фактор болып табылады. Себебі модельдің басқа блоктарына қарағанда мазмұндық блок бастапқы басқарушылық қызметін атқарады [142].
Кесте 9 - Болашақ биолог мамандары кәсіби даярлығының өлшемдері мен көрсеткіштері
-
Компоненттері
|
Өлшемдері
|
Көрсеткіштері
|
1
|
2
|
3
|
Мотивациялық
|
Болашақ биолог мамандарының өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы пәніне қызығушылығы, белсенділігі,
ұмтылысы
|
өсімдіктердің анатомиясы мен морфологиясының мәнін түсініп, білуге құлшынысы, белсенділігі жоғары;
педагогикалық үдерістің теориялық негіздерін білуді саналы сезінуі;
педагогикалық іс-әрекеттерді толық мәнді жүзеге асыруға ұмтылуы;
жоғары білікті мұғалім болуға талпынысы
|
Мазмұндық
|
Болашақ биолог мамандарының соя өсімдігін өсіруде қалыптасқан білімі
|
өсімдіктердің анатомиясы мен морфологиясы, соя өсімдігінің өсіп, дамуы жөніндегі білімі, түсінігі;
педагогикалық үдерістің теориялық негіздері бойынша білімі;
педагогикалық іс-әрекеттерді толық мәнді сипаттау бойынша білімі;
талдау, жинақтау, пайымдау, дәлелдеу т.б. ой операцияларын атқара алуы;
|
Іс-әрекеттік
|
Болашақ биолог мамандарының соя өсімдігін өсіруде іскерлігі
|
адамның күнделікті жан-жақты әрекетінде қоғамға, өмірге, табиғатқа, еңбекке шынайы қарым-қатынас жүйесін жүзеге асыруы;
ақиқат өмірді эстетикалық- шығармашылық тұрғыдан меңгеруі;
теориялық білімі мен практиканы ұштастыра білуі;
практикалық іс-әрекетінде теориялық білімі мен біліктілігін ұштастыра білу іскерлігі;
меңгерген технологиялық білім, біліктіліктерін жаңа білім алуда пайдалана білу қабілеті
|
Соңғысы «Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы» пәні бойынша құзыреттіліктерді қалыптастыру кезеңі – бағалау-нәтижелік. Берілген кезең пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыру үрдісінің нәтижесіне сәйкестілігіне, қойылған мақсаттың қаншалықты дәлелденуін зерттеуге бағытталады. Пәндік құзыреттілікті қалыптастыру нәтижесі инновациялық әдістемені қолдану деңгейіне байланысты. Нәтиже аудиторияда оқытудың түрлі әдістері мен формаларын қолдану. Мәселен, соя өсімдігін тaмшылaтып суaру технологиясын қолдану арқылы берілген құзыреттілікті қалыптастыру үрдісін мақсатты ұйымдастыруды анықтауға мүмкіндік береді.
Бағалау жүйесі – білім беру процесінің маңызды элементі, білім алушылардың білім бағдарламаларын меңгеру сапасын бақылау жүйесі. Студенттердің ойлау дағдылары мен тақырыпты түсіну туралы мәліметтер жинау үшін бағалаудың алуан түрін қолдану студенттердің жетістіктерін тиімді бағалаудың басты кілті болып табылады [140].
Инновациялық ойлауын қалыптастыру мақсатында кестеде келтірілген ақпараттарға сүйене отырып, біз болашақ биолог мамандарының мынадай түйінді тұжырымдарын беруге талпындық:
педагогикалық тапсырмалар мен жағдаяттарды шеше білу біліктері;
жаңа педагогикалық технологияны қолдану арқылы болашақ мамандардың инновациялық ойлауын жоспарлап, шығармашылық тапсырманы орындау қадамдарының алгоритмін анық, нақты белгілеуі;
интерактивті оқу әдіс-тәсілдерін қолдана білу арқылы өзін-өзі дамыту, өзін- өзі тәрбиелеу.
Осыған орай, біз болашақ биолог мамандардың инновациялық ойлауын дамыту компоненттеріне теориялық сипаттама бере отырып, көрсеткіштерін айқындадық (кесте 9).
Инновациялық іс-әрекет мазмұнына: жаңалықты меңгеру, білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін жасау, ғылыми жаңалықтар қалыптастыру, жаңа мазмұн мен тиімділігі жоғары білім беру әдістемелерін жасау жатады (Кесте 10).
Кесте 10 – Дәстүрлі және инновациялық әрекеттердің мақсаты
-
Дәстүрлі іс-әрекет
|
Инновациялық іс-әрекет
|
1
|
2
|
Болашақ маманның білімі, дағдысы және іскерлігін қалыптастыру
|
Бүгінгі қоғамдық өмірге еркін араласа алатын болашақ маман қалыптастыру
|
Біз инновациялық іс-әрекеттің инновациялық процестің белгілі кезеңдеріне байланыстылығын анықтадық. Инновациялық процестің осы кезеңдеріне байланысты инновациялық іс-әрекеттің мынадай үш кезеңін атап көрсетуге болады. Бірінші кезеңде болашақ биолог маман жаңалық туралы, жаңалықтың қажеттілігін дәлелдеу арқылы ақпарат жинайды, әртүрлі жаңалықтардың ішінен ең маңызды жаңалықты таңдап алып, оны қолдау туралы шешім қабылдайды. Маман инновациялық іс-әрекеттің екінші кезеңіне көшеді. Мұнда зерттеу
арқылы таңдап алған жаңалықты енгізу жоспарын құрып, оны іс жүзінде қолданады. Жаңалықты қолдану барысында болашақ маман енгізуге кедергі жасап отырған факторларды ескере отырып, өз іс-әрікетіне қажетті өзгерістер енгізеді [139, б. 120]. Бұл кезеңде болашақ маман өз іс-әрекетіне талдау жасау арқылы міндетті түрде оны бағалап және қажетті өзгерістер енгізіп отырады. Жаңалықты енгізу уақыты аяқталғаннан кейін инновациялық іс-әрекет үшінші кезеңіне өтеді. Болашақ биолог маман жаңа тұрғыда ұйымдастырылған оқу жұмысына талдау жасап, жаңалықтың оқу үрдісіне нәтижелі енгізу шарттарын белгілеп, оны таратуға ұсынады.
Зерттеу жұмысымызда модельде көрсетілген функцияларын ескере отырып өсімдіктердің анатомиясы мен морфологиясын, биологиялық ерекшеліктерін, мазмұнын, ойлауын қалыптастырудың өлшемдері мен көрсеткіштерін негіздедік (60-беттегі 9-кестеден көруге болады).
Достарыңызбен бөлісу: |