Мазмұндық блокта студенттердің инновациялық ойлауын қалыптастырудың мазмұны, формалары мен әдістері орны алған.
Мазмұнына: «Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы» элективті пәнінің бағдарламасы және «Биологияны тиімді оқытуда студенттердің инновациялық ойлауын қалыптастыру» атты оқу - әдістемелік құралы кіреді.
Формаларына: тренингтер, пікірталастар, байқаулар, дәріс, зертханалық сабақ, білім алушылардың өзіндік жұмыстарын жатқызамыз.
Әдістерге: Жобалау әдісі, Insert әдісі, Web-guest әдісі, Венн диаграммасы, Fishboun әдісі, Case-study әдісі және т.б. қамтылған.
Мазмұндық блок өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы пәнін оқытуда болашақ биолог мұғалімдерінің инновациялық ойлауын қалыптастыру үрдісін оңтайлы шешілуі үшін педагогиканың теориясында мақсатқа бағытталған іс- әрекет негізінде жүзеге асырылады.
Биологияны оқыту барысында студенттердің инновациялық ойлауын қалыптастыру үрдісі
ҚР МЖМБС Білім бағдарламасы Кредиттік технологияны оқытудың оқу үрдісін ұйымдастыру ережелері 5В011300-Биология мамандығының жұмыс оқу жоспары «Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы» пәні
Достарыңызбен бөлісу: |