1 тәжірибе. Майбұршақ өсімдігінің морфологиялық ерекшеліктері.
Алматы облысы жағдайында өсірілген соя өсімдігінің онтогенезінде морфологиялық, анатомиялық құрылысының өнімділігіне әсерін зерттеу.
Мемлекеттік ауылшаруашылық дақылдарының сорттарын сынау әдісі бойынша өсімдіктің бастапқы (өніп шығу) фазасынан соңғы (пісіп жетілу) фенологиялық фазасына дейін зерттеу жүргізілді. Өсімдіктің орналасу тығыздығы әрбір вариант бойынша жалпы ауданы 1 м2 болатын тұрақты бөліктерде есептелінді. Өскіндер толық өніп шыққан кезде танаптық өнімділігіне есеп жүргізілді. Өсімдіктің даму фазаларына қарап биомассасының өсу динамикасын анықталды. Микробөлік пен зертханалық жағдайда өсірілген соя сорты күнделікті морфологиялық көрсеткіштері өлшеніп, фотосуретке түсіріліп отырылды. Анатомиялық зерттеулер үшін Страсбургер-Флемминг әдісі бойынша фиксация әрбір варианттан 15 өсімдікке жасалынды. Өлшемдер және микрофотографиялар видео микроскоп Micros Австрия MCX100 камерасы 519 CU5.0M CMOS арқылы бақыланды. Глицеринде уақытша препараттар бекітілді. Анатомиялық кесінділер қалыңдығы 10-15 мкм. 100 ге тарта уақытша препараттар дайындалып, биометриялық талдау жасалып микрофотографиялар жасап шығарылды. Лакин Г.Ф. бойынша морфометрикалық талдауларға статистикалық өңдеу жасалды.
Вилана сортының тұқымын Петри табақшасына егу нәтижесінде майбұршақ егілгеннен кейін өзгеріске тез ұшырайтындығы байқалды. Тұқым қабықшасы суланғаннан кейін 3-5 минут ішінде жиырыла бастайды. Ертеңінде суды сіңіргеннен кейін ісінуі анықталды. Сонымен қоса ісінгендіктен тұқым
қабықшасының жиырылуы қайта қалпына келді. 2-ші тәулікте майбұршақ өсімдігі жылу сүйгіш өсімдік екені анықталды. Өйткені майбұршақ тұқымын зертханалық жағдайда зерттеу кезінде, бөлме температурасы төмен болғанда Петри табақшасында егілген тұқым суды сіңірмейтіндігі дәлел болмақ. 3-ші тәулікте ұрықтық тамыр шыға бастады. Вилана сортында әрбір Петри табақшасында 10 тұқымнан 1 тұқым өнбеді. Вилана сорты тұқымдарының өсу қарқындылығы 90% болғандығы анықталды. Тұқымының орташа ұзындығы 15,4±0,7мм; тұқымның ені 8,2±1,1мм; Вилана сорты тұқымдарының 50%-ы 2 тәуліктен соң өне бастады, ұрықтық тамырының орташа ұзындығы 11,2±0,5мм болды. 3-ші тәулікте өнген тұқымның тамырының орташа ұзындығы 27±0,8 мм, ені 10±0,7мм. Петри табақшасына егілген сояның зертханалық жағдайда өсуі.
Вилана сорты егістік жағдайында микробөліктерге 11.06.2014 жылы егілді. Күнделікті фенобақылау жүргізіліп, суретке түсіріліп отырды. 21-суретте соя өсімдігінің микробөліктерде өну қарқындылығы бейнеленген.
Сурет 21 - Соя өсімдігінің микробөліктерде өну қарқындылығы (Ж.А.Абдукадирова түсірген, 2014 ж.)
Күнделікті фенобақылау нәтижесі микробөліктердегі соя өсімдігінің өну қарқындылығы 90 пайызды, яғни жоғары көрсеткішті көрсетті.
Зерттеуге алынған 6 өсімдік жиналып 3 қайталанымда морфометрикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізілді.
Сурет 22- Вилана сортына морфологиялық талдаудың тәжірибе барысы
Зерттеу нәтижесі бойынша алты өсімдіктің салыстырмалы биіктігі, сабағының және тамырының ұзындығы 14-кестеде берілген. 45 күн ішінде өсімдіктің ұзындығы өзгерісі гүлдеу кезеңінде келтірілген. Өсімдіктің орташа биіктігі 59-71см аралығында болса, сабағының ұзындығы 11-18см, тамыр орташа ұзындығы 29-34 см аралығында ауытқыды [157, б. 143-145].
Кесте 14 - Вилана сортының морфологиялық көрсеткіштерінің орташа мәні, см
-
Вилана сорты
|
Өсімдіктің биіктігі
|
Сабақтың ұзындығы
|
Тамырдың ұзындығы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
соя№1
|
60,5±1,2
|
13,5±0,2
|
30,0±3,1
|
соя №2
|
62,5±2,3
|
16,5±0,9
|
32,3±1,5
|
соя №3
|
67,3±0,8
|
11,9±2,8
|
34,5±0,4
|
соя №4
|
59,2±4,5
|
11,5±3,7
|
31,7±0,6
|
соя №5
|
66,1±0,9
|
14,0±1,9
|
32,5±0,1
|
соя №6
|
71,4±0,7
|
18,0±0,2
|
29,0±3,7
|
Достарыңызбен бөлісу: |