Нормaтивті сілтемелер


Сояның күн сәулесіне талабы



бет64/78
Дата06.01.2022
өлшемі13,49 Mb.
#13763
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   78
Сояның күн сәулесіне талабы. Соя – топырақтағы және ауадағы ылғал мөлшеріне өте сезімтал дақыл. Соя дәні бөртіп өнуі үшін құрғақ салмағының 124-158 пайызындай ылғал керек. Ғалымдардың (З.М. Козлова, В.Б. Енкен) мәліметтері бойынша, сояның транспирациялық коэффициенті сортына және өсу жағдайына байланысты 390-744 аралығында.

Ылғалды пайдалану мөлшеріне сәйкес сояның өзіндік ерекшеліктері бар. Соя себілгеннен кейін көктеп, толық жер бетіне шыққанша топырақта ылғалдың өте көп болуы зиянды әсер етеді. З.М. Козлованың зерттеулеріне қарағанда, көктеп шыққаннан бұтақтану кезеңіне дейін соя ылғалды көп буландырады.

Сояның бұтақтануы мен гүлдеуі басталған кезеңдері аралығында транспирациялық коэффициент төмендейді. Бұл көрсеткіштің ең төмен кезі –

сояның жаппай гүлдеу уақыты, ал дән толысу кезінде транспирациялық коэффициент қайтадан көп мөлшерде артады.

Қазақстанның оңтүстік шығыс аймақтарында соя өзінің гүлдеу фазасына дейін ылғалды орташа мөлшерде керек етеді, ал гүлдеу шанақтардың қалыптасып өсуі және дәннің толысуы кезеңдерінде бұл дақылдың суды пайдалануы көп мөлшерде болады, өйткені ауа райы бұл кездерде өте ыстық болып, соя өсімдігінің ылғалды буландыруы күшейеді. Соя дақылының дұрыс өсіп дамуына қолайлы топырақ ылғалдылығы – далалық ылғал сыйымдылығының 70-80 пайызы. Топырақ құнарлылығына сояның талабы біршама үлкен. Бұл дақыл механикалық құрамы әртүрлі қара, қоңыр және боз топырақта, егер қоректік заттар жеткілікті болып, топырақ аэрациясы жақсы болған жағдайда мол өнім береді. Тұзданып сорланған, арам шөптері көп, топырақ құрамында органикалық заттары аз, механикалық құрамы ауыр, сазды, нығыздалған, құнарсыз жерлерде соя нашар өсіп, аз өнім береді. Топырақтағы қоректік режимге соя талғампаз дақыл. Тамырында өсетін ұялық бактериялар арқылы соя ауадан азот қабылдағанымен, фосфор, калий, магний және басқа қоректік элементтер бұл дақылға көп мөлшерде керек. Оңтүстік Қазақстан соя егетін жаңа аймақтарға жатады. Бұл аймақ (әсіресе Жамбыл, Шымкент, Қызылорда облыстары) топырақтарында түйнектік бактериялар өте аз немесе тіптен жоқ. Сондықтан соя тұқымын себу алдында бактериялы тыңайтқыш нитрагинмен өңдеу, топырақта аталған бактериялардың санын көбейтіп, соя дақылының көк балаусасын және дән шығынын арттырады. Кейбір ғалымдардың зерттеулері бойынша, инокуляциялағанда соя өнімі 18-26 пайызға артқан.

Оңтүстік Қазақстанның суармалы жер жағдайында сояны құнарлы жерлерге орналастырып, суару тәртібін реттеп, жақсы күтіп бапталған жағдайда мұның әр гектарынан 25-30 центнерден дән өнімін береді. Мұндай жағдайда сояның қоректік элементтері топырақтан өз бойына қабылдап сіңіру мөлшері жоғарыда келтірілген көрсеткіштерден артық болады.

Зертханалық сабақты инновациялық тәсілдермен жүргізу өз нәтижесін

берді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет