2 тәжірибе. Қазақстанның оңтүстік шығысында өсірілген соя өсімдігінің анатомиялық құрылысының ерекшелігі. Вилана сорты өскін кезеңінде тамырының ксилема сәулелері айқын төрт сәулелі тетраархты екендігін 23- суреттен көруге болады. Гүлдеу кезеңінде де тамырының анатомиялық құрылысында ксилема сәулелері аздаған тетраархтылығы бақыланды.
А- өскін кезеңінде; Б-гүлдеу кезеңінде
Суреттер 23- Вилана сортының тамырының анатомиялық құрылысы
А-жапырағы; Б-сабағы
Сурет 24- Вилана сортының гүлдеу кезеңіндегі анатомиялық құрылысы (Ж.А.Абдукадирова түсірген, 2015 ж.)
Вилана сортының жапырағының анатомиялық құрылысын зерттеу барысында сояның түкті екендігі айқындалды, сонымен қатар безді түктері бар. Түктері ұзын қарапайым құрылысты, жоғарғы және төменгі эпидермисте де кездеседі. Орталық жүйкеде өткізгіш шоқта ксилема өте жақсы дамыған, бағаналы және борпылдақ мезофилл кездеседі.
Сабағының анатомиялық құрылысын зерттеу барысында сабақта алғашқы қабық, орталық шеңбер айқын байқалады. Қосжарнақты өсімдік болғандықтан өткізгіш шоқтар шеңбер бойында орналасқан, дегенмен өскін кезеңінде қырында да кіші өткізгіш кездесетіндігі айқындалды. Сондай-ақ ксилема флоэмаға қарағанда 3 еседей көрінеді. Өзектік паренхималар сақталған, кей жағдайда ортасында қуыс пайда болған.
Кесте 15 - Соя сабағының анатомиялық құрылысының орташа көрсеткіштері, мкм
-
Сипаттама
|
Өскін кезеңі
|
Гүлдеу кезеңі
|
1
|
2
|
3
|
Сабақ диаметрі
|
1986,41±0,88
|
2572,39±0,69
|
Эпидермис қалыңдығы
|
23,24±0,18
|
31,00±0,21
|
Алғашқы қабық қалыңдығы
|
84,94±0,71
|
111,34±0,87
|
Орталық шеңбер ауданы, мм2
|
581,00±0,63
|
946,00±0,77
|
Сабақ ауданы, мм2
|
682,00±0,48
|
986,00±0,53
|
Өткізгіш шоқ ауданы, мм2
|
79,00±0,98
|
195,00±0,72
|
Өнімділігіне келетін болсақ, бір өсімдікте 83-200 дәнге дейін байланады, бұршаққап түкті болып келген, бір бұршаққапта 2-4 бұршақ болады, өнімділігі
23 ц/га. Бірақ бұл өнімділік аз. Біріншіден, микробөліктің топырағының қарашірігі төмен болды. Екіншіден, тыңайтқыш қолданылған жоқ, өнімділігін арттыру үшін тыңайтқыштар қолдану қажет. Болашақта өнімділігін арттыру мақсатында жұмыстар жүргізіледі. Атап айтқанда, өнімділікпен тікелей корреляция болатын өткізгіш шоқтардың саны мен мөлшері екендігі дәлелденді. Қырларында да өткізгіш шоқ дамыған сояда және өткізгіш шоқтың биометриялық көрсеткіштері жоғары, өсімдікте бұршақ саны артқандығы статистикалық өңдеу нәтижесінде бақыланды [181, б. 48-51].
Достарыңызбен бөлісу: |