Интеллект дамуы басқада психикалық процесстер сияқты негізгі екі формаға байланысты дамиды: тұқым қуалаушылық және қоршаған ортаның әсері [99].
Ойлау процесі ерекше ойлау тәсілдер түрлері арқылы іске асады, олардың негізгілеріне салыстыру, талдау және жинақтау, абстракция, нақтылау және жалпылау жатады (сурет 6).
Салыстыру – жекелеген заттар мен құбылыстардың арасында ұқсастық немесе айырмашылықты, тендікті немесе теңсіздікті, бірдейлік немесе сәйкессіздікті табуда байқалатын ойлау тәсілі болып табылады.
К.Д.Ушинский ойлау және тану ұғымдарын ерекшелеп көрсетті:
«Салыстыру – кез келген түсінудің және ойлаудың негізі. Дүниедегінің бәрін біз салыстыру арқылы білеміз» [104]. Алғашқы рет заттардың ұқсастығы мен айырмашылығы тікелей түйсіктерде және қабылдауларда бейнеленеді. Психологияны оқытуда да бір психикалық құбылыстарды басқаларымен салыстыра отырып, олардың арасындағы ұқсастықты және айырмашылықты анықтауға болады. Жекелеген адамдарды салыстыра отырып, біз олардың қабілеттіліктермен мінезіндегі айырмашылықтар немесе ұқсастықтарды табамыз. Шындықты терең және дәл тану үшін ойлау сапасының мәні зор.
Сурет 6 – Инновациялық ойлаудың тәсілдері
Талдау – заттар мен құбылыстарды ойша оның бөліктеріне ажырату, ондағы жеке бөліктерді, белгілерді және қасиеттерді бөліп көрсету. Талдау процесінде тұтас заттардың оның бөліктері мен элементтеріне қатынасы анықталады. Мәселен, болашақ биолог мұғалім сабақты өткізетін алдында сабақтын жоспарын инновациялық ойлауын қосып, әр кезеңді дайындау керек. Болашақты мұғалім сабақтын кезендерін алып, бөлшектеп, талдап қарайды. Бұл оның тарапынан орындалатын әрекет ойлау тәсілін пайдалана отырып іске асады, пайдаланатын әдістерді, тәсілдерді, оқу құралдарды орын орнына қойып, сабақтың жоспарын жинақтайды.
Жинақтау – жекелеген элементтерді, бөліктерді және белгілерді біртұтас объектіге біріктіру, жинақтау талдауға қарама-қарсы, кері процесс. Жинақтау процесінде жеке заттар мен құбылыстардың тұтас заттар мен құбылыстарға қатынасы анықталады. Жинақтау, талдау сияқты жеке элементтердің тек қана біртұтас ойша бірігуі түрінде іске асуы мүмкін. Мысалы, биология сабақтарында белгілі шет тілінің сөздерінен (ұғымдар) мағыналы сөйлем құрастырғанда немесе белгілі сөздерден тұратын даяр сөйлемді оқығанда жинақтау процесі жүзеге асады. Талдау және жинақтау арқылы әрбір бөлім тұтас заттың элементінің рөлі мен маңызын, бөлімдер мен элементтердің өзара байланысын ашып, заттың негізгі (мәнді) және қосымша белгілерін ерекше бөліп көрсетеді.
«Ойлау жинақтаудан басталады, содан кейін талдау мен жинақтаудың жұмысын біріктіру іске асады», - дейді И.П.Павлов [105].
Адамның бас ми жарты шарларының қыртысында іске асатын талдау мен жинақтау өзінің әрекетімен бірінші және екінші сигнал жүйелерін қамтиды. Шартты рефлекстер әдісін пайдалана отырып, И.П.Павлов мидың үлкен жартыларының қызметі талдау және жинақтау процестерінен, көптеген тітіркендіргіштерден тұратындығын, олар жүйке жүйесіне сыртқы ортадан, сонымен қатар организмнің өз ішкі бөліктерінен әсер ететіндігін айтқан.
Абстракция – заттар мен құбылыстардың негізгі қасиеттері мен белгілерінің ойша бөлініп берілуі. Абстракция – ойлаудың негізгі тәсілдерінің бірі, субъект зерттелу үстіндегі объектінің белгісін айрықша бөліп алып, басқаларын назардан тыс қалдырады. Соның нәтижесінде абстракция терминін білдіретін ақыл-ой өнімі (түсінік, үлгі, теория, жіктелімдер және т.б.) пайда болады. Бастапқыда абстракция ортаның тікелей сезімдік – бейне қасиеттері қабылдау мен әрекет ету үшін бағдар тұту түсінігіне айналады да қалғандары жоққа шығарылады.
Жалпылау – ойлау арқылы бейнеленетін көптеген заттардың ұқсас, мәнді белгілерінің осы заттар туралы бір ұғымда ойша бірігуі. Мәселен, майбұршақ, үрме бұршақ және т.б. бар ұқсастық белгілер бір «бұршақ тұқымдастар» деген ұғым арқылы беріледі, жалпылама ойлау абстракциялық іс-әрекетімен тығыз байланысты. Кейбір заттар мен құбылыстардың ұқсас белгілері жалпыланады, ол абстракциялау процесінде бөлініп көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |