Нормaтивті сілтемелер



бет19/78
Дата06.01.2022
өлшемі13,49 Mb.
#13763
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   78
Байланысты:
Жұмашев К.

Теориялық ойлау – ғылыми ұғымдарды пайдалану негізінде заңдар мен ережелерді танып-білуден тұратын ойлаудың жоғары дамыған түрі.

  • Практикалық ойлау – ақиқатты физикалық түрде өзгертуге дайындық күйін (мақсат қою, жоспар, жоба, схема құру) білдіретін ойлау түрі. Бұл ойлау түрі кеңес ғылым-психологы Б.М. Тепловпен едәуір көп зерттелінген.

    Қазіргі жаңа психологияда көрнекі-бейнелі және ойлауда теориялық және практикалық ойлау жайлы мәселелер қатар тұрады. Дәстүрлі психология ойлаудың сырттай қарсы қойылуынан және практикалық іс-әрекеттен басталды, ойды зерттеуде теориялық іс-әрекетті шешуге бағытталған ғылыми ойлаудың міндеттерінің дерексізденуі еске алынды. Ойлау мен іс-әрекеттің арақатысы жайлы мәселе көбінесе жай ғана шешіліп отырды, теориялық интеллектуалдық операциялар алғашқы ретінде қабылданды. Ол операциялар сананың ішкі дүниесінде жасалады. Содан соң іс-әрекет солардың негізінде құрылады. Осы тұрғыдан ақылға қонымды іс-әрекет, теориялық ойлаудың нәтижелерін әрекеттің сыртқы жағына ауыстырады.

    «Практикалық ойлау» немесе «практикалық интеллект» термині белгілі. Ол, бір жағынан, интеллектіні теориялық операцияларда ұғымдардағы абстрактілі сөздік ойлау қарастырған көзқарастарды көрсетеді. Практика мен интеллект практика мен ойлау ұғымдарының бірлігі. Күрес біткен соң жоспар жасаудың мағынасыз екендігі мәлім. Ойлаудың бірнеше түрлері бар. Олар:



    1. Таным түрі бойынша:

    а) эмпириялық ойлау – теориялық ойлаумен салыстырғанда, қарадүрсін, жағдаяттық жалпылаулармен байланысты болатын ойлаудың түрі;

    б) теориялық ойлау – ғылыми ұғымдар негізінде заттар мен құбылыстардың мәнін танып білу.

    1. Рефлексия немесе саналу деңгейі бойынша:

    а) интуитивтік ойлау – тез өтетін, анық кезеңдері жоқ, көбінесе саналанбайтын ойлаудың түрі. Бұл ойлау түрін кеңестік психологияда Я.А. Пономаревпен, Л.Л. Гуровпен және т.б. зерттеген;

    б) рациональдық ойлау (аналитикалық немесе логикалық ойлау) – уақыт бойынша кең таралған, айқын кезеңдері бар, ойлаушы субъектінің санасында едәуір көрініс табатын ойлау түрі.

    Интуитивті және рациональдық ойлаудың айырмашылығын білу үшін әдетте үш белгі қолданылады: уақыттық (процестің өту уақыты), құрылымдық (кезеңдерге бөлу), ағым деңгейі (ұғынған немесе ұғынбаған). Рациональдық ойлау уақытқа таралып, айқын көрінетін кезеңдері бар, елеулі деңгейде ойланушы адамның өзінің санасында бейнеленген. Интуитивті ойлау тездігімен, айқын көрінетін кезеңдерінің болмауымен сипатталады, ол минималды ұғынған болып табылады.



    1. Әрекеттің тәсілдері негізінде:

    а) вербалдық (сөздік) ойлау – тілдік құралды пайдалану арқылы адамның өз пікірін тұжырымдамауы, білдіруі;

    б) көрнекі ойлау – мәселені шешу нақты бейнелі түрде көрінуінде жүзеге асатын ойлау түрі.

    1. Ойлау бағыттылығымен байланысты:

    а) шынайы (немесе реалистік) ойлау – ақиқат шындыққа басым түрде бағытталған, логикалық заңдармен реттелетін ойлаудың бір түрі;

    б) аутистік ойлау адамның ниетін жүзеге асыруымен байланысты болатын ойлау түрі. Осыған ұқсас келетін эгоцентрлік ойлаудың ерекшелігі – адамның басқа біреудің позициясында тұра алмауы.

    Шынайы ойлаудың аутистік ойлаудан айырмашылығы мынада: шынайы ойлау негізінен сыртқы әлемге бағытталған, логикалық заңдармен реттелінеді, ал аутистік ойлау адамның тілектерін іске асырумен байланысты (біз тілегіміздегі нәрсені шын мәнінде бар нәрсе тәрізді етіп көрсетеміз). Кейде аутистік ойлаудың орнына “эгоцентрлік ойлау” деген ұғым қолданылады, ол, ең алдымен, басқа адамның көзқарасын қабылдаудың мүмкін еместігімен сипатталады.

    5. Ойлау іс – әрекетінің өніміне байланысты:

    а) продуктивтік ойлау – адамның ойлау іс-әрекетінің жаңа өнімін шығару;

    б) репродуктивтік ойлау – ойлау іс-әрекеті барысында өмірде бар білімдерді пайдалану.

    Продуктивті және репродуктивті ойлауды ажырату маңызды болып табылады. З.И. Калмыкова бұл айырмашылықты “субъектінің білімдеріне қатысты ойлау іс-әрекеті процесіндегі алынған өнімнің жаңашылдық деңгейіне” негіздейді.

    Еріксіз ойлау процестерін ерікті ойлаудан ажырату қажет. Мысалы, түс көрудегі бейнелердің тура трансформациялары және ойлауға берілген тапсырмаларды мақсатқа бағытталған тұрғыда шешу [103]. Ойлау үрдісінде заттар мен құбылыстардың жалпы сипаттарын, олардың арасындағы табиғи байланысы мен қатынасын бейнелейтін психикалық процесс. Әрбір адамның шындықты танып білуі тікелей сезім мен ойлау арқылы бір-біріне ауысып, өзара байланысты түрде адам танымын толықтырып отырады. Сонда нақты пайымдаудан абстрактылы ойлауға, одан тәжірибеге көшіп отыру ақиқатты танып білудің диалектикалық жолы болып табылады. Ойлау ми қыртысында жүзеге асатын психикалық процесс болғанымен ол табиғаты жағынан әлеуметтік болады. Ойлаудың таным сатысы ретінде айрықша ерекшелігінің бірі – сөзге тілмен қатыстылығы.

    Ойлаудың проблемалығы. Ойлау әрқашан бір мәселені шешуге бағытталады. Мәселені шеше отырып, адам бір нәрсені біледі, түсінеді, түсіндіреді, сырын ашады т.б.

    Ойлау түрлері түрлі ерекшеліктеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді:


    1. Таным ерекшелігіне қарай: теориялық, эмпирикалық;

    2. Мазмұнына қарай: көрнекті әрекеті, көрнекті – бейнелік, сөздік – логикалық;

    3. Әрекетіне қарай: вербальды, көрнекілік;

    4. Қызметіне қарай: шығармашылық (творчестволық), сыншылдық (критика);

    5. Рефлексияға қарай: интуитивті, рациональды;

    6. Шешілетін мәселенің сипатына қарай: теориялық, тәжірибелік.

    Кесте 1 – Инновациялық ойлау мен ойлау қабілетінің мазмұндық ерекшеліктері






    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   78




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет