Инновациялық ойлау
|
Ойлау қабілеті
|
1
|
2
|
Инновация – бірінші рет шыққан, жуық арада пайда болған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық. Инновaция сөзі лaтын тілінен aудaрғaндa жaңaру, жaңaлық, өзгеру деген мaғынaны білдіреді. Сонымен инновациялық ойлау – тәжірибені, ойды салыстыра отырып, одан қорытынды шығару арқылы адамның ой-елегінен өткізе алу
қабілеті.
|
Қабілеттілік – адамның өз бейімділігі мен шығармашылықпен іс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әр түрі жеке қасиеттерінің (ұйымдастырушылық, музыкалық, суретшілік) қиысып келуін қабілет деп атайды.
|
Сыртқы әлем құбылыстарының арасындағы байланыстың жадымызда тура және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
|
Әркім өзінің өмірін саналы түрде құруы үшін өзінің қабілетін дұрыс бағалай білуі керек. Ешнәрсеге ебі, ыңғайы жоқ қабілетсіз адам болмайды (Б.М.Теплов)
|
Инновация – педагогикалық іс- әрекетті сапалы дамытуға әкелетін озық идея, озық процесс, үлгілі құрал, жақсы нәтиже.
|
Қабілеттің ерекшеліктеріне талант, дарындылық, данышпандық қасиеттері жатады. Бұл адамның ақыл ойымен іс әрекетінің ең жоғарғы дәрежеге көтерілуі. Дарындылық – адамның белгілі бір іске айрықша қабілеттілігі, өмірдің қандайда бір саласында өзін ерекше көрсетуі.
|
Сонымен инновация бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық екенін түсіндірсе, ойлау қабілеті жаңаша ойлай алатын адамның іс-әрекетінде шығармашылықпен жұмыс істеуіне көмегін тигізетін басты қасиеттердің маңыздысы бола алады.
Инновациялық ойлау мен қабілеттілік те бұлшықет сияқты жаттығумен жетіледі (В.Обручев). Ойлау мен қабілеттің ойдағыдай дамуы үшін адамда тиісті білім жүйесі, ынта, икемділік пен дағды болуы қажет.
Қабілет іс-әрекетінің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Қабілеттердің дамып, қалыптасуы әртүрлі деңгейде жүріп отырады. Мысалы, оның алғашқы деңгейін (адамның бәріне ортақ оқи, жаза, есептей алу) репродуктивтік (жалпы қабілет) екінші деңгейін шығармашылық (арнаулы қабілет) қабілеті дейді. Қабілеттің ойдағыдай дамуы үшін адамда тиісті білім жүйесі, икемділік пен дағды болуы қажет. Бірінші
деңгейде адам білім игеруге, іс - әрекетті қажетті дәрежеде жүзеге асыруда икемсіздік көрсетсе, екінші деңгейде жаңа бейне жасай алу мүмкіндігін айтады. Қабілеттердің дамуында нышандар белгілі орын алады.
Нышан қабілетінің бастапқы табиғи негізі ретінде берілетін жүйке саласының ерекшелігі. Қабілеттің қандай түрі болмасын еңбектен туындайды. Қабілет адамның жан қуаттарының түрлі жақтарымен (ойлау, күшті ерік-жігер, тұрақты мінез, қажыр-қайрат, алғыр қиял т.б) тығыз байланысты. Қабілеттілікке жақын тұрған ұғым – бейімділік. Ол қабілеттің алғашқы белгісі. Адам қабілетінің даралық ерекшеліктеріне талант, дарындылық, данышпандық қасиеттері жатады.
Дарындылық – адамның белгілі бір іске айрықша қабілеттілігі, өмірдің қандайда бір саласында өзін ерекше көрсетуі. Қабілеттің жоғары деңгейінде дамуы талант деп аталады. Талант адамның нақты ісіне нәтижелі орындауындағы қабілетінің біршама қасиеттерінің өзара байланысы. Адам қабілетіндегі дарындылық тек талант одан әрі дамып, данышпандық қасиет тудырады. Бұл адамның ақыл ойымен іс әрекетінің ең жоғарғы дәрежеге көтерілуі.
Интеллект. Адамның ақыл-ой қабілеті мен ерекшеліктері негізгі құрылымы ойлаудың анализдік қызметі. Интеллект дегеніміз – адамның барлық мәселелерді шешу барысындағы ақыл-ой қабілеті. Интеллект желілерінің бірнеше комбинациялық бірлігі бар, олардың ішінде көп кездесетінін мысалға келтірсек:
нақты практикалық интеллект (күнделікті өмірде)
абстрактылы интеллект (сөздер, символдар, терминдер т.б. сүйену арқылы).
потенциялды интеллект (туғаннан адамның ойлау әрекетіне қабілеттілігі)
жүре пайда болған интеллект күнделікті өмірде білім, дағды, іскерлік негізінде қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |