Нормативтік сілтемелер


Күрделі сөздердің табиғаты және оның түрлері



бет6/13
Дата06.06.2023
өлшемі136,82 Kb.
#99033
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Салиева Хамида Эркиновна

2.2 Күрделі сөздердің табиғаты және оның түрлері
Күрделі сөздер құрылымы жағынан да, жасалуы жағынан да, сөз таптарына телінуі жағынан да алуан түрлі болып келеді.
Күрделі сөздер: күрделі біріккен сөздер, күрделі кіріккен сөздер, күрделі қос сөздер, күрделі қысқарған сөздер және тіркескен болып бөлінеді.
Қазақ тіліндегі кіріккен сөздерге бәйшешек, белбеу, қонағасы, биыл, бүгін, тоқсан, қарлығаш тәрізді сөздер жатады. Тіл мамандарының қай-қайсысы болмасын кіріккен сөздерге компоненттері дыбыстық өзгеріске ұшырау салдарынан бастапқы тұр-тұрпатынан өзгерген сөздерді жатқызады. Мысалы: бәйшешек, бәйтерек сөздерінің құрамындағы бәй деген элемент әуел баста бай формасында болғаны, кейін соңғы компоненттердегі жіңішке дауысты дыбыстың ықпалынан «а» фонемасы, «ә» фонемасына айналып, бәйшешек, бәйтерек болып қалыптасып кеткені мәлім.
Біріккен сөздерге: қарабауыр, асқазан, ұлтабар, көксерке, итмұрын, қарақұс, аққу тәрізді сөздер жатады. Біріккен сөздер біріншіден кейбір жұрнақтар арқылы туынды сөздің жасалуына негіз болады. Мысалы, ақсақалды, аққудай т.б. Екіншіден, кейбір терминдік атаулардың құрылымын жасауға қатысады. Мысалы: тасбақа, өнеркәсіп, құндыз [44].
Күрделі сөздердің бір түрі — қос сөздер. Қазақ тілін зерттеуші мамандар қос сөздерді қайталама қос сөздер және қосарлама қос сөздер деп, екі үлкен топқа бөліп қарайды. Қайталама қос сөздер белгілі бір сөздер екі рет қайталануы немесе сол сөздің бір дыбысының өзгеріп қайталануы арқылы жасалады. Мысалы, тау-тау, үй-үйге, шай- пай т .б.
Ал, қосарлама қос сөздер әр басқа екі сөздің қосарлануынан жасалады. Мысалы , әке-шеше, дәм-тұз, тау-тас т.б. [45]
Күрделі қысқарған сөздер әрі ықшамдалып, әрі бірігіп жасалады. Күрделі қысқарған сөздер ғылыми-техникалық, қоғамдық-саяси терминологияда, мекеме, ұйым аттарында ұшырасады. Күрделі атаулар мынадай жолдармен ықшамдалады:
а) Күрделі атаудың әрбір сөзінің басқы дыбысынан құралады: ТМД, АҚШ, ХҚТУ.
ә) Күрделі атаудың құрамындағы алғашқы сөзінің басқы дыбыстарынан құралады: ҚазМУ, АлМи;
б) Күрделі атаудың құрамындағы әрбір сөздің басқы буындарынан құралады: партком, совхоз, обком ;
в) Күрделі атаудың құрамындағы алғашқы сөздің басқы буыны мен соңғы сөздің бірігуінен құралады: мединститут, пединститут т.б. [46].
Күрделі сөздердің келесі бір түрі — тіркескен сөздер. Мысалы, су жылан, түлкі тымақ, қоңыр ала, көк ала, он бес, сатып ал, екі жүз, алып қайт, күні кеше т.б. Осындағы су жылан, түлкі тымақ сөздері зат есімдерден; көк ала, қоңыр ала сын есімдерден; екі жүз, он бес сан есімдерден; сатып ал, алып қайт етістіктерден; күні кеше үстеуден жасалып тұр [48].
Жоғарыда аталып өткен күрделі сөздердің бір түрі күрделі кіріккен сөздер жайлы профессор Қ.Жұбанов өз пікірін білдірген. Ол кісі 1930 жылдардың өзінде-ақ қандай сөздерді кіріккен сөз дейміз, кіріккен сөздердің қандай белгісі болады деп сауал қойып, соған берген жауабында: «Бірнеше сөзден құралған болса да, кіріккен сөздер бір-ақ нәрсені атайтын, бір-ақ сөздің орнына жүретін болу керек. Екінші, кіріккен сөз болу үшін, мұның ішіндегі жеке сөздердің әрқайсысы сөйлемде өз алдына бір–бір мүше болмай, бәрі жиналып барып сөйлемнің бір-ақ мүшесі болу керек...Үшінші, кіріккен сөздердің қайсы біреулерінде біреуінің не екеуінің де формасы жай қалпындағыдан өзгеріп басқа түрге түседі. Төртінші, кіріккен сөздердің бір айырмасы — мұнда екпін біреу-ақ, онда кірігуші сөздердің ең соңғысында ғана болатындығы» — деп тұжырымдайды [43].
Профессор Н.Сауранбаев қазақ тіліндегі изафеттік топтың түрлеріне тоқтала келіп: «Бірінші топтың өзгешілігі –олар синтаксистік шеңберден шығып, морфология, оның ішінде сөз тудыру жүйесіне айналған тәсіл... Изафеттің бұл түрі қазір тұтас бір атау болып ұғынылады»– дейді. Мысалға, қаламұш, баскиім, желбеу дегендерді келтіреді де сөйлемге бір мүше болатынын айтады [41].
Қазақ тіл біліміндегі біріккен сөздерді зерттеумен шұғылданған екінші тіл маманы Г.Жаркешева: «...біріккен сөз дегеніміз семантикалық бір мағынаны білдіретін, сөйлемнің бір ғана мүшесі болатын, біріккен екі сөздің аралығына дыбыс үндесу заңы әсер ететін сөздер деп түсіну керек» [42], – дейді. Сонымен, Г.Жаркешева біріккен сөздердің ерекшеліктері дегенге мағына тұтастығын, сөйлемге дербес бір ғана мүше болуын, компоненттерінің қалыптасуына дыбыс үндесу заңы қатысуын жатқызады.
А. Ысқақов пен К. Ақанов күрделі сөз қатарына біріккен сөз, қос сөз, қысқараған сөз және сыңарлы бөлек жазылған күрделі сын, сан, зат есімдерді, етістіктерді қарастырады. Тек А. Ысқақовтың ұсынған классификациясында күрделі сөз арасынан фразеологиялық тіркестер де орын алады. Аталған ғалымдар еңбектерінен кейін, күрделі сөздерді классификациялаудың мынадай сара жолы салынды: сөз құрамына қарай дара және күрделі болып бөлінеді. Дара сөз негізгі және туынды түбірден тұрады. Ал күрделі сөздер біріккен, қос, қысқарған және бөлек жазылған күрделі сөздер болып бөлінеді. Мұндағы әр түрлі терминге ие болып жүрген бөлек жазылатын күрделі сөздер. Мұны А. Ысқақов, Ә. Ахабаев тіркескен күрделі сөздер десе, Р. Сыздықова лексикаланған тіркес сөздер деп те атаған. Бүгінде ортан жілік, асықты жілік, кәрі жілік, жамбас жілік, т.б. тіркестілімділігі шектеулі сөздер деп те аталып жүр (1997). С. Исаев әуелде оларды атаулы тіркес (көр тышқан, жарыс сөз, Арал теңіз) деп атап фразеологиялық және еркін тіркестен бөліп қарау керектігін айтады. Кейін тіркесті түбір деген тың термин ұсынады (Исаев. ҚҚТ. Морфология курсы бойынша, А., 1991). Ал профессор М. Балақаев бұларды түйдекті тіркестер (бұларға күрделі етістік, күрделі есім, идиома, көмекші сөз бен негізгі сөздерді жатқызады) десе, (түйдекті тіркес деп соңғы кездері тек негізгі сөз бен көмекші сөздің тіркесі алынып жүр (Аблақов Ә., Исаев С., Ағманов Е.))
Бұл жерде басын ашып алатын бір мәселе бар. Жоғарыдағы терминдерді аталған авторлар бекер ұсынбайды. Синтаксистік сөз тіркесі шекарасынан шығып, құрама сөз ұясына ене алмай жүрген аралықтан сөздердің номинациялау, абстракциялану дәрежесі өте алуан түрлі. К. Аханов, А. Ысқақов, М. Балақаев т.б. күрделі сөзді азды-көпті зерттеген авторлардың ауыл шаруашылығы, қалбағай омыртқа, аса таяқ, ауыз әдебиеті деген тіркестерді күрделі тіркестерге жатқызуы – бұл тіркестерді одан әрі саралауға жол ашты. Себебі, ауыл шаруашылығы мен қалбағай омыртқаның, аса таяқ пен атамекеннің арасында едәуір мағыналық ерекшелік бар. Сондықтан, С. Исаев, Б. Қалиқызы, Р. Сыздықова, А. Аблақов сынды ғалымдардың өз зерттеу тұрғысынан күрделі сөздерді классификациялауға қосылған жаңа үлес деп тануға болады. Расында да, кәрі жілік, асықты жілік, қалың мал, оң жақ, жақсы ат, ақ қүман, ақ көңіл, ауа райы, бақ талас, бос белбеу, бет орам л, ақ бата, ата мұра, ата қоныс, бақ күндес т.б. толып жатқан құрама атаулардың ара жігін ажырататын кез келді.
Сонымен, күрделі сөз, оның табиғаты мен морфологиялық құрылымы және түрлері жайындағы жоғарыда айтылған мәліметтерді жинақтай келгенде, күрделі сөз кемінде екі түбірдің бірігуінен, тіркесуінен немесе қосарлануынан жасалады. Күрделі сөздің құрамындағы сыңарлар әр басқа ұғымды емес, бәрі жиналып келіп бір ғана ұғымды білдіреді. Күрделі сөздің шыққан тегі — сөз тіркесі. Тілдің даму барысында сөз тіркестері семантикалық жағынан да, морфологиялық жағынан да, синтаксистік жағынан да тұтасып, бір бүтін ұғымды білдіруінен күрделі сөздер жасалған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет