Нормативтік сілтемелер


ОРФОГРАФИЯ МЕН ОРФОГРАФИЯЛЫҚ ПРИНЦИПТЕР ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ КҮРДЕЛІ СӨЗДЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ



бет7/13
Дата06.06.2023
өлшемі136,82 Kb.
#99033
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
Салиева Хамида Эркиновна

3 ОРФОГРАФИЯ МЕН ОРФОГРАФИЯЛЫҚ ПРИНЦИПТЕР ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ КҮРДЕЛІ СӨЗДЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ
3.1 Қос сөздердің қазақ тіл білімінде зерттелуі, олардың өзге күрделі сөздерден ерекшелігі
Орфография дегеннен дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы дегенді түсінеміз. Орфография дұрыс жазудың нормасы мен қағидаларын белгілегенде, тілдің әр түрлі жақтарын және олардың байланысын бірдей ескере отырып, нақтылы принциптерге сүйейді, оларды негіз етіп алады. Ол принциптер: Фонематикалық, фонетикалық, этимологиялық, дәстүрлі – тарихи, иероглиф принциптері. Фонематикалық принцип: Әрбір фонема қай позицияда келуіне қарамастан, өзіне бекітілген тұрақты таңба – бір ғана әріппен белгіленеді; (дуб –диба, плод- плода);
Фонетикалық принцип: Сөздің құрамындағы дыбыстардың айтылуы ақталып жазылады;( жаздыгүні, қыстыгүні);
Этимологиялық принцип: Сөздің шығу тегін сақтап, жазуға негізделеді; (лодка деп жазады , айтылғанда лотка);
Дәстүрлі – тарихи принцип: Тілдің ерте кезде жазу дағдысына негізделеді, сөздің ертеректегі айтылуы мен жазылуын өзгертпей сақтауын көздейді. (помощник деген сөз помочь деген сөзден жасалғанына қарамастан, дағды бойынша жазылады.
Морфологиялық принцип: Жазу сөздің түбір тұлғасын сақтауға негізделеді. Бұл принцип дыбысталудағы ерекшеліктерді ескермейді, сөз құрамындағы сыңарлардың жеке тұрғандағы қалпын сақтап, жазуды басшылыққа алады.
Иероглиф принципі: Біркелкі дыбысталатын сөздерді, яғни омонимдерді жазуда бір – бірінен ажырату үшін қолданылады. (бал – балл) Бұл принциптері дифферентальды принцип деп те атайды [50].
Қоғамдық қатынас туралы ретінде бірнеше формада өмір сүреді. Әдеби тіл – тілдің өмір сүруінің, қызмет етуінің ерекше формасы. Ол халық тілінің нормаға түскен, өңдеуден өтіп, сұрыпталған ең үлгілі формасы. Әдеби тіл әр түрлі ауытқулардан арылып отыруы қажет. Қазақ әдеби тілінің ауызша және жазбаша деп аталатын бір – бірімен тығыз байланысты екі формасы бар . Әдеби тілдің ауызша формасы өз кезегінде маңызды артып отырса, қоғамның әлеументтік, мәдени дамуы тәрізді қолайлы жағдай жазба тілдің рөлін өлшеусіз өсіре түседі.
Орфография алдымен, сауатты жазудың, ана тілін мәдени меңгерудің маңызды құралы. Ондай құрал тілдің құрылымдық жүйесіне лайық, пайдалануға неғұрлым лайық, дұрыс бейнелеуі тиіс [51].
Жазу – сызуда қиындықтар болмас үшін орфографияны тілдің құрылым жүйесіне лайықтап, ондағы өзгерістерді бейнелейтіндей етіп, жазу нормаларына эвалюциялық саязатқа сәйкес, кеңес дәуірінде көптеген орыс тілі сөздерінің игерілмей алынуы, өзіміздің төл сөзіміздің өзін жазуда қалыпты ереже жасай алмауымызға алып келеді.
Қарама – қатынасқа түскенде сөздер белгілі бір орфографиялық заңдылыққа орай, бір – бірімен ұласа айтылып, бір – біріне ықпал жасап, әр түрлі фонетикалық өзгеріске ұшырайды. Ал осындай жүйені елемей, тілдік дыбыстарды нақты айтсақ, сөздің дыбысталуындағы тұтастығы бұзылып, дыбыстау мүшелеріне айрықша күш түседі. Сөйлеуде дыбыстардың бір біріне әсер етіп, ықпалын тигізіп, ұласа айтылуы мәнді фонетикалық құбылыс. Бірақ аса маңызды бола тұра бұл құбылыстың бәрі жазуда еленбейді.
Қазақ орфографиясында біраз қиындылықтар бар: –нг – немесе –ңг- арқылы таңбаланатын сөздер: інген –іңген, кеменгер - кемеңгер, жауынгер – жауңгер, шенгел- шеңгел, әменгер - әмеңгер. Бұл типтес сөздердің жазуда қазақ емлесі (жауынгер, дүнген, монғол тәрізді бірер сөзді еске алмағанда) ң варианты түрінде жазуды ұстанған.
Жазылуы мен айтылуы сәйкес келе бермейтін әр түрлі сөздер бар: шай- шәй, жайлау- жәйләу, тілмаш – тілмәш тағы басқа.
Қазақ графикасы фонемалық принципке негізделген жәйттер аз емес. Сондықтан шай , жай тәрізді сөздерде дауысты негізгі реңкі «а» бойынша жазылады. Орфографиялық сөздікте: күнә, кінә сөздердің қосымшаларымен жуан вариант түрінде түрленетіндігі көрсетілген : күнә +ға , күнә + дан тағы басқа. Ал баспасөз беттерінде бұл ереже сақталып та , сақталмай да , бірде жуан, бірде жіңішке күйде жазылып жүр [52].
М. Уәлиев бұл сөздердің күнә, кіна мүман түрінде , яғни фонемалық негізгі реңкіне орай таңбалау орынды деп білді. Сөздерді бірде фонематикалық ыңғайда, бірде фонетикалық ыңғайда жазу – орфографияны қиындата түседі.
Кіші қиындық бірінші буында «ү», «і», дыбыстары, ал екінші буында палаталданған «а» кездесетін сөздердің жазылуына қатысты. Бұл сөздерде «а» дауысты бірде, «ә» , бірде «а» әрпімен таңбаласып жүр.Салыстырайық: шүбә, кінә, мүләйім , ділда, тілмаш, ділмар, саяр еді . Әрине «ә»- мен жазу бірізділікке саяр еді, өйткені палатал «а» - ның бұлайша екі түрлі таңбалануында негіз жоқ.
Бейүндес буын жіктерінде қысаң «ы», «і» дауыстыларының таңбалануымен таңбаланбауы қазақ орфографиясындағы қиындықтардың бірі. Мысалы: рахмет – рақымет, қызмет – қызымет, үкмет – үкімет , лағнет – лағынет тағы басқа. Қазіргі орфографиялық сөздіктерде бұл тәрізді сөздер бірде қысаң «ы», «і» мен жазылса, кейбірі рақмет, қызмет түрінде жазылады. Мамандар бұны орынды санайды.
Қазақ орфографиясындағы елеулі қиындықтардың бірі түбір сөзге дауыстыдан басталатын қосымша жалҚазақ орфографиясындағы елеулі қиындықтардың бірі түбір сөзге дауыстыдан басталатын қосымша жалғанғанда түбір сөзін соңғы буындағы қысың дауыстының түсіріліа немесе түсірілмей жазылуы. Мысалы: ауыл- аулы (ауылы), ерін – ерні (еріні), иық- иығы (иғы) тағы басқа. Бұл сөздерде мағынаның бұзылу және бұзылмауын тірек етіп, жазған дұрыс. Мсыалы: халық- халқы деп айтуға болады, « халығы » деп айтуда семантикалық қарсылық пайда болып тұр. Семантикалық қарсылыққа ұшырамайтын сөздер: мойын- мойны (мойыны емес), ауыз- аузы( ауызы емес), көрік – көркі (көрігі емес) тағы басқа. Семантикалық қарсылыққа ұшырайтын сөздер: ауыл – ауылы( аулы емес) , көңіл – көңілі (көңлі емес), бауыр – бауыры ( бауры емес) .
Қазақ тіліндегі сөз бен буынға ортақ бір заңдылық- сөздің «р», «л» сонарларынан басталмауы. Мысалы: (ылақ) лақ, (ылайық) лайық, (ірең) рең.
Топырақ, жапырақ, қоңырау тағы басқа сөздерін топрақ, жапрақ, қоңрау деп жазуға, сәурік емле, мемлекет сөздерін сәуірік, еміле, мемілекет түрінде жазуға тіл шындығы жібермейді, яғни, кез келген сонорлы буынның алдынан ы «ұ», і «ү» қысыңдарын жаза беру ақиқатымен үйлеспейді. «Ң» сонорынан кейін р,л дыбыстары келетін болса, көмекші естілгеніне қарамастан олардың селбеспелі дауыстылар арқылы қолдануы міндетті . Мысалы: шаңырақ, төңірек, саңылау тағы басқа.
Қазіргі қазақ орфографиясындағы бірсыпыра сөздердің әліптемесі ашық буынды азайту тенденциясына сәйкес келеді. Мысалы: қызмет (қызымет емес), жаднама (жадынама емес), құрмет (құрымет емес), сахна (сахына емес) тағы басқа.
Сөз аяғындағы дауыстыны түсіріп немесе түсірмей қолдануға байланысты әртүрлі жазылып жүрген сөздер бар. Мысалы: таразы – тараз, бағана – баған, көке мылжың- көк мылжың, тәңірі – тәңір, замана – заман тағы басқа.
Бұлардың пайда болуы бірнеше түрлі құбылысқа байланысты.
1) Ашық буынның шектен тыс шоғырлануы : бидайы – бидай;
2) Кейбір жарыспалы сөздердің, мысалы, бағана – баған , түркі –монғол тілдеріне ортақ сөздер.
3) Өзге тілден екі түрлі тұлғада енген сөздер,мысалы, заман – замана ,парсы тілінің көптік тұлғасының сөзі.
4) Орыс тілінен енген кейбір сөздердің екі түрлі қолданылуы, мысалы, идеом – идеома, сигарет – сигарета , газет – газета .
л, д дыбыстарының алмасуы құбылысынан екі түрлі жазылып, қиындық тудыратын сөздер , мысалы, маңлай- маңдай, ақталай- ақтадай, жылылай – жылыдай тағы басқа. Сөздіктерде «д» варианты берілген , кейбір нормалаушы сөздіктерде кейбіреулерінің «л» вариантты сөздер берілген : жылылай, аңталай тағы басқа. Ал кейбір сөздікте «д» варианты да «л» варианты да ұшырасады: жылылай, тірілей, тірідей тағы басқа.
Түркі тектес халықтарда көп қолданылған, олардың сөздік қорындағы сөздік тұлғалардың бірі – қос сөздер. Сондықтан көптеген ғалымдардың назарын аударып зерттеу еңбектерінің объектісі болды. Сол жайында тоқталайық.
ХІХ ғасырда И.Н.Ильминский, К.Фой, И.Гигонов, А.Казембектің қызығушылығын тудырған бұл сөз тұлғаларының зерттеулеріне кейін түркологтар Н.К.Дмитриев (“Парные словосочетание в башкирском языке” 1930 г.), И.А.Баскаков (Ногайский язык и его диалекты), Е.У.Убрятова (“Парные слова в якутском языке” 1940 г.), Б.Орузбаева (Некоторые заметки о парных словах), Б.Қыдырбаев (Қарақалпақ тилиниң грамматикасы), В.А.Агонин (“Повторы однородные парные сочетание в современном турецком языке” 1957 г.), Ә.Қайдаров (“Парные слова в современном уйгурском языке” 1949 г.), М.И.Адилов (“Система повторов в азербайжанском языке” 1959 г.), М.Абдурахманов (“Парные слова в тюркских языках” 1975 г.) ат салысты. Сол кезеңдегі басқа да түркологиялық еңбектерден қос сөздер сөзжасам объектісі ретінде аналитикалық тәсіл арқылы сөз жасаудың жемісі болғанын көреміз.
ХХ ғасырдың бірінші жартысы түркология тарихында көптеген түркі тілдерінің ғылыми грамматикаларының жарық көруімен сипатталады. Бұл грамматикалардың барлығына ортақ ерекшелік — сөзжасамның екі тәсілі ғана -аффикстік және сөздердің бірігуі мен қосарлануы көрсетіледі. Бұған Е.Самойловичтің (“Краткая учебная грамматика современного османо-турецкого языка” Л.Гос. акад. тип.1925 г.). В.Гордлевскийдің (“Грамматика турецкого языка” М.1928), С.Ястремскийдің (“Грамматика якутского языка” М.1938 г.).
И.Батмановтың (“Грамматика киргизкого языка” ч.ІІ Фрунзе, 1939), А.Кононовтың (“Грамматика турецкого языка” М.Л. 1941 г.), Н.Дмитриевтің (“Грамматика кумыкского языка” М.Л. 1940), Л.Харитоновтың (“Современный якутский язык” М.І Якутск, 1947 г.) еңбектері дәлел. Аталған еңбектерде қос сөздер әр сөз табының аясында қарастырылады, аздаған мысалдар келтіріледі. Осы тақырыпқа арнайы жазылған еңбек деп Н.К.Дмитриевтің мақаласын атауымыз керек [1940, 501-516]. Автор башқұрт тілі деректерінің негізінде қос сөздердің жасалуы, түрлері, мағыналары жөнінде ғылыми тұжырымдар жасайды. Отызыншы жылдардан бастап түркологияда қос сөздерге байланысты көптеген мақалалар жарық көріп диссертациялар мен монографиялар жазылды.
Қазақ лингвистерінің біраз тобын бұл тақырып бейтарап қалдырмаған. Осы мәселе төңірегіндегі зерттеулерді сала-салаға бөліп, саралағанда, морфологиялық,этимологиялық, стилистикалық тұрғыда қарастырылған бірталай еңбектерге кездесеміз.
А.Есенғұлов көне түркі жазба ескерткіштеріндегі қос сөздердің табиғатын көрсетсе, Ә.Керімов қос сөздерді құрамына қарай қайталама және қосарлама қос сөздер деп бөледі. Негізгі көпшілігі таза түркі сөздерінің қосарлануы арқылы жасалған дей отырып, кірме сөздерді де айқындайды: Екі сыңары да араб сөзі: мал-мүлік, екі сыңары да парсы сөзі: парә-парә, бір сыңары араб, бір сыңары түркі сөзі: шәһар-бол, мал-товар, қазғу-хасрәт [25, 49-45]. А.Есенғұлов: “Көне түркі жазба ескерткіштерінде қос сөздердің қосарлама түрі қолданылады да қайталама қос сөздер кездеспейді», - деп көрсетеді [25,138]. Тағы бір атап өтетін жайт: Көне жазбаларда қос сөздердің орын тәртібі өте тұрақты. Егер сыңарларының орнын ауыстырса, қос сөз болудан қалады. Мысалы: қыз-оғул — қыз бала, оғул-қыз —балалар, қыз-қудуз — қыз бала, қудуз-қыз — әйел [25,139].
Қос сөздердің морфологиясына қатысты мәселелер А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, А.Ысқақов, Т.Қалабаева еңбектерінде сөз болды. Олар қос сөздердің негізгі белгілерін жасалу жолдарын, дұрыс жазылу жайын анықтап береді [24,65].
А.Байтұрсынов өзінің еңбегінде қос сөздерге былай анықтама береді: “Қос сөз дегеніміз – қосарынан айтылатын бір өңкей есімді сөздер. Қос сөз екі түрлі болады, біреуі нәрсенің көбін атайды, екіншілері айыра атайды. Алдынғысы жалпылағыш қос сөз деп соңғысы жалқылағыш қос сөз деп айтылады» [3,45], — дейді. Жалпылағыш қос сөздерге: аяқ-табақ, төсек-орын, ер-тұрман, киім-кешек, бақа-шаян сияқтыларды жатқызса, жалқылағыш қос сөздерге: жел-бау, жүк-аяқ, ер-батыр, есен-аман, өмір-қопса, шекті-бай, төсек-ағаш т.б. жатқызады.
А.Байтұрсынов қос сөздерді жалпы екіге бөліп қарастырса, белгілі тіл маманы Ж.Сауранбаев қазақ тіліндегі қос сөздерді бес топқа бөліп көрсетеді.

  1. Мәндес қос сөздер (қыз-келіншек).

  2. Қайшы мәндес қос сөздер (үлкен-кіші, ыстық-суық).

  3. Сыңар мәндес қос сөздер (алай-дүлей, кәрі-құртаң).

  4. Қайталама қос сөздер (тау-тау, бес-бестен).

  5. Қоспа буынды қос сөздер (ап-ауыр, ұп-ұзын, тәп-тәтті) [18,64].

А.Қайдаров, Н.Сауранбаевтың қос сөздерді беске бөліп жіктегенін қостай келе, қос сөздердің осы бес түрі барлық сөз таптарына да ортақ екенін, бірақ қос сөздердің қай-қайсысы да кемінде екі сөзден құралатындығын, оның әрбір сыңарының кейде толық мағыналы, кейде мағынасы жоқ сөз болатыны белгілі дейді. Ол зерттеушілердің екі сөзден құралатындығына сүйеніп, қос сөздерді сөз тіркесі түрлеріне жатқызатындығын да айтып өтеді.
А.Қайдаров кейбір басқа еңбектерде қос сөздерді сөз тіркесі дегенмен, олардың сөз тіркесінен төмендегідей айырмашылығы барлығын көрсетеді.
Бір сыңары өздігінен мағына бере алмайтын қос сөздер сөз тіркесіне жатпайды. Қос сөздердің екі сыңары да мағыналы болғанымен, бір сөздің орнына қолданылады. Қос сөздердің әрбір сыңары басқа тілге калька бойынша аударылмай, тек мағынасы жағынан аударылады. Қос сөздердің сыңарының мағыналық жағынан жақындастығы соншалық, оларды бірыңғай мүшелер сияқты айтуда арасына кідіріс жасап айтуға болмайтындығын А.Қайдаров өзінің еңбегінде айтып өтеді [52].
Жасалу тәсілі жағынан алғанда, қос сөздер жалаң және күрделі түрлерге бөлінеді. Қос сөздердің жалаң түрі – дефис арқылы жазылатын қос сөздер. Профессор А.Ысқақов осы жалаң қос сөздердің негізгі екі түріне: қайталама қос сөздер, қосарлама қос сөздер деген атау береді [57].
Қос сөздердің күрделі түрі үтір арқылы жазылады және екі сөзден ғана емес,одан да көп сөзден, тіпті екі сөйлемнен жасалады. Бұл жайтты анықтаған Кеңесбаев былай дейді: «жалаң қос сөздерге қарағанда, күрделі қос сөздер, көбінесе, метафоралық мағынада айтылады. Бұл есептен олар «идиомдық» немесе «фразалық» қос сөздер бола алады. Оларға мынадай мысалдар келтіреді: «ұзын-арқан, кең тұсау», «үлде мен бүлдеге оранып», «айрандай аттап, күбедей пісіп», «бір сырлы, сегіз қырлы», «алалы жылқы, ақтылы қой», «әулиеге айтып, қорасанға қой айтып». Оның айтуынша қос сөздер деп атау үшін сызықшамен жазылу шарт емес, яғни тілімізде бір-бірінсіз айтылуға келмейтін тиянақты сөздерді қос сөздер деп тануға болады» [53].
Осы тұрғыда біздің тоқталатын мәселеміз — қос сөздердің стильдік жағынан зерттелу жайы. Қос сөздердің қолданыстағы мән-маңызы қаншалықты, оларды пайдаланудан ұтарымыз не, ойды бейнелі, әсерлі жеткізуде олардың ролі қандай дегенде, кімнің қандай пікір айтқанын, дәлелін төмендегіше сипаттап шығамыз. «Ойды ажарлы беруде «фразалық» қос сөздердің маңызын алдымен І.Кеңесбаев дәлелдейді. Ол «шалқып, басып жүргенде» дегеннен гөрі «айрандай аттап, күбідей пісіп жүргенде» деген тіркесі ойды әсерлі жеткізеді», — дейді. Стилистика тұрғысынан қос сөздердің қолданылу жайына алғаш көңіл аударған ғалым Ф.Мұсабекова. Ол қос сөздерді зат есімдік тұлғада қарастырып, сөйлем ішіндегі қолданылуына, стильдік мән-мазмұнына түсініктеме береді. Ғалым қос сөздерді қолданудың сөйлем мағынасына әсерін былайша көрсетеді: «Көшені араладық»дегенде немесе «көше-көшені араладық» деген екі сөйлемде айтылып тұрған ой мағыналас, бірақ бұл екі сөйлем арасына мағыналық жағынан тепе- теңдік белгісін қоюға болмайды, себебі «көше-көшені араладық» дегенде, даралап, бөліп-бөліп айырып, әлденеше көшені аралағаны айқын берілсе «көшені араладық» дегенде, даралау көптік ұғымнан гөрі жалпылық ұғым басым беріледі [53].
Сол тәрізді «ызыңнан мезі болу» мен «ызың-шудан мезі болуды» салыстырып, олардың мағыналық реңкін көрсетеді. Ол сонымен бірге зат есімді қос сөздердің қайталанған түрі молшылық мағынасын беретінін «тегене-тегене қымыз», «мая-мая шөп», «табақ-табақ ет», «қазан-қазан асылған ет» деген сөздер қатыстырылған сөйлем арқылы түсіндіреді де кейбірін мүлде жекелеп қолдануға болмайтынын ескертеді. Қос сөздерді қолдану жайына арнайы тоқталған ғалым С.Хасанова мынадай пікір айтады: «Ол аз сөзбен көп жайды аңғартуда, ойды дәл, жинақы жеткізуде ұтымды келеді. Сөзді қосарлап қолданудан айтылмақшы ойға экспрессиялық реңк, эмоциялық мән-мағына үстеледі. Мысалы, жеке қолданған күн, түн сөзін күні-түні деп қосарлап айтудан тыңдаушы мен оқушының алар әсері әртүрлі» [51].
З.Қожабергенова өз еңбегінде трансформациялы қайталама қос сөздердің стильдік мәнін ашып көрсетеді. Ол «Қос сөздердің бұл түрі көркем әдебиетте стильдік ерекшеліктеріне қарай көркем сөзді оқырманға әсерлі жеткізу үшін, сонымен қатар оқиғалардың өрбу әсемдігін, экспрессивтілігін, эмоциялығын дәл нақышпен баяндау үшін пайдаланады» дей келе, нақты мысалдармен дәлелдейді [54].
А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» атты еңбегінде қос сөздердің түрлеріне тоқтала келіп, қайталама қос сөздің үстеме буын түрінде қалыптасқан түрі —негізінен алғанда, сын есімдерге тән форма. Бұл үстеме буын сын есімге күшейту мағынасын жамайтын форма түрінде қалыптасқан, өйткені бұл форма тек негізгі сынға я ұлғайту, я солғындату реңкін жамайды»,— деп, үстеме буынның табиғатын әбден дұрыс айқындаған. Ол бір сыңары ықшамдалып қайталанатын қос сөздерді, мысалы: жап-жақсы, қып-қызыл, кіп-кішкене, сап-сары, теп-тегіс сияқтыларды үстеме буынды немесе күшейтпе буынды қос сөздер деп К.Ахановтың пікіріне қарсы келеді. А.Ысқақов бұл сөздерді үстеме буындары әрі ықшамдалып, әрі соңына «п» дыбысы жамалып, бір тұйық я бітеу буынға айналуынан пайда болған дейді [55].
К.Аханов өз еңбегінде қып-қызыл, қап-қара тәрізділердің сын есімнен басқа сөз таптарынан жасалған қос сөздердің түрлерінде мүлдем ұшыраспайтынын, оның тек сын есімдерге ғана тән екендігін және бірден-бір негізгі қызметі сын есімнің шырай формасын тудыру тәсілдерінің қатарында емес, форма тудыру, соның ішінде сын есімнің шырай формасын тудыру тәсілі деп қараған жөн. Демек, қып-қызыл, қап-қара тәрізділер қос сөздердің қатарында емес, сын есімнің шырай формаларының мағына мен қызметі жағынан тым қызыл, өте қызыл, тым қара, тіпті қара тәрізді сын есімдердің күшейткіш шырай формаларымен сәйкес келуі дәлелдей түседі, ал тым қызыл, өте қызыл, тым қара, тіпті қара тәрізділерді күрделі сөздер деп қарамайтынымыз белгілі (бұлар торы ала, қара торы тәрізді күрделі сөздерден мүлдем басқаша) дейді. Ол тілдегі құбылыстарды бір-бірінен ажыратуда, әдетте, негізгі үш түрлі өлшемді таяныш етеді: оның бірі – мазмұны екіншісі – форма, үшіншісі – қызметі. Ал жартылай редупликация арқылы жасалған қып - қызыл, қап – қара тәрізділер формасы жағынан ғана қос сөздерге ұқсайды, ал мазмұны мен қызметі жағынан өте қызыл, тым қара тәрізді сын есімдердің күшейтпелі шырай формасымен сәйкес келеді деп қорытындылайды.
А.Н.Кононов та А.Ысқақов сияқты қып-қызыл, қап-қара тәрізді формаларды сын есімдердің күшейткіш формалары деп санайды. Бірақ А.Н.Кононов оларды жартылай редупликация жолымен жасалған деп есептейді.
А.Ысқақов пен К.Аханов күшейтпе буын тек сын есімнің шырай формасы арқылы туады десе, бұған қазақ тіл білімі тұңғыш профессоры Құдайберген Жұбанов тұжырымы қарсы болады. Мысалы, қап-қара, тіп-тік, қып-қызыл, сап-сары деген қос сөздер күні бүгінге дейін жасалу жағынан осылайша тек «п» дыбысының жамалуы ғана ескеріліп жүрген күшейтпе буынды қос сөздердің Жұбановтың еңбектерінде тағы да бірнеше дыбыстар арқылы жасалатын түрлерін кездестіреміз. Мысалы, қаз-қатар сөзінің тіркестік құрылысын талдай келе былай дейді: «Бұл жерден мен қаз және қатар деген сөзді көріп тұрған жоқпын. Мұнда сап-сары, қып-қызыл сияқты қатар сөзі қаз деген күшейткіш буынмен айтылған». Дәл осындай сөздер қатарына ғалым қаз-қалпы, тас-талқан, тым-тырыс,жым-жырт, қым-қуат сияқты сөздерді туғызады. Бұдан екі түрлі жаңалықты байқауға болады. Бірі – бұрын қос сөздердің күшейтпе буынын жасаушы дыбыс тек қана «п» деп танылатын болса, енді соған «з» (қаз-қатар, қаз-қалпы дегендегі ), «с» (тас-талқан дегендегі) және «м» (тым-тырыс, жым-жырт, қым-қуат дегендегі) дыбыстар да қосылады. Сөйтіп күшейтпе буынды қос сөздер жасайтын дыбыстар біреу емес, п, з, с, м болып төрт дыбысқа жетеді. Екінші – буын күшейтпе буындар тек қана сын есім түбірлерден жасалады делініп келсе, енді зат есім (қаз-қатар, қаз-қалпы,тым-тырыс дегендегі қатар, қалпы, тырыс) түбірден де,еліктеуіш сөздер (жым-жырт дегендегі жырт) түбірлерден де, етістік (қым-қуат дегендегі қу) түбірлерден де жасалуы болып табылады [54].
Соңғы шыққан еңбектерден қос сөздердің қолданысына қатысты пікір Г.Әзімжанованың кандидаттық диссертациясында да айтылды. Ол «Қайталама қолданыстар – оқырманға, тыңдаушыға ерекше эмоциональдық әсер ететін қасиеті бар стильдік әдіс ретінде көркем әдебиетте жиі қолданылады. Сөз зергерлері бұл стильдік амалды психологиялық анализді тереңдету үшін де жұмсайды. Редупликацияланған немесе қосарланған (порно-повторные) лексикалық элементтері тілек (морфологиялық) категория ретінде, ал бір сөйлемде немесе микротексте қайталанып қолданылатын құбылысты стилистика құбылысы (категориясы) деп тану керек» – дейді [57].
Қазақ ССР Ғылым академиясы Тіл білімі институтының кіші ғылыми қызметкері И.Уәлиев өзінің «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған «Қос сөз сыңарларының сырлары» деген еңбегінде қос сөз сыңарларының сырын ашып, түп-төркінін көрсетіп, этимологиялық талдау жасайды. Мысалы, «Кілең мықты» деген мағынаны білдіретін ығай-сығай қос сөзінің негізгі сыңары сығай, ал ығай оның дыбыстық өзгеріске ұшырағандағысы. Жеке алғанда сығай сөзінің нендей мағынаны білдіретіндігін бірден байқай қою қиын. Енді осы сөзді өзге бір сыбайлас сөзбен салыстырсақ, сөзге сөз сәулесін түсіріп, көмескілікті сейіткендей болады», — дейді.
Сондай сөздің бірін ұлы қаламгер М.Әуезовтің «Қараш-қарашынан» кездестіреміз: «Соңғы кездесудегі қуғын әлденеше жақты болуға айналды. Бір жағынан , он шақты кісіні қолдарына мылтық, қару-жарақты сығайлап беріп, күндіз-түні, тау-тастың барлығын кезгізуден басқа, тау ішінде отырған елді де мұның соңына салмақшы болды. Мұндағы сығайлап сөзі – қазіргі «сайла»- ның байырғы нұсқасы. Сығай сөзінің ықшамдалған түрі — сай. Бұл сөздің қазіргі тіл қолданысымызда «лайықты», «мықты», «келісті», деген мағынада жұмсалатындығын мынадай тұрақты тізбектерден байқаймыз: төрт құбыласы сай, сай күлік (сайгүлік), бір түлікке бай болғанша, төрт түлікке сай бол т.б.
Тілімізде түп - төркіні өзара салыстыру арқылы ашылатын бұдан басқа да бірталай қос сөз сырлары бар дей келе құрбы-құрдас деген қос сөзге де талдау жасайды. Бұл сөз дейді Уәлиев: «былайша қарағанда екі сыңары да түсінікті. Жас шамасы қарайлас адамдарды құрбы-құрдас деп атайтындығы байқалады. Әйгілі ғалым М.Қашғари [Х ғ.] сөздігінде құр сөзі «дәреже», «лауазым», [57] дегенді білдіреді делінген. Осындай дерекке қарағанда құрдас деп әуелде қарайлас адамдарды емес, дәреже, лауазымы қатар кісілерді атаса керек»,— деген тұжырым жасайды [58].
Т. Қалабаева «Қайталама қос сөздердің кейбір мәселелері» деген еңбегінде тілімізде қайталама қос сөздерге жатқызып жүрген кейбір (түйе-түйе, қатын-қалаш, қыз-қырқын, бала-шаға, некен-саяқ, нан-пән, ет-мет, бара-бара, айта-айта) сөз тіркестері жөнінде профессор А.Ысқақовтың «Жалпы түсіну, талдау мәселелерін жеңілдету үшін, қос сөздерді ең әуелі қайталама қос сөздер және қосарлама қос сөздер деген үлкен екі топқа бөліп алғанын дұрыс» — деп өте дұрыс түйіндеген, ол бұл екі топқа қысқаша ғана мәлімет беріп өтеді дейді. Т.Қалабаева қайталама қос сөздер немесе редупликация деп аталатын екі түбірден яки екі сөзден синтетикалық жолмен бірігіп жасалған сөздер тілімізде жаңа сөз тудырмайды, бірақ мағына тудырады. Кейде жұрнақтар, жалғаулар арқылы, яғни синтетикалық – морфологиялық тәсілмен де жасалады», — деп мынадай мысал келтіреді: Бүгін мен Алматы, Москвамен ауызба-ауыз сөйлестім (Ғ.Мүсірепов). Мені күте-күте кетіп қалыпты (Т.Иманбеков). Осы сөйлемдердегі бір сөздің екі рет қайталануы әртүрлі үстеме мағына беріп, оның экспрессивтивтілігін арттырып тұр дейді. Осы еңбегінде Т.Қалабаева қайталама қос сөздердің ең көп қолданылатыны қосымшалы қос сөздер екіндігін, соның нәтижесінде қайталама қос сөздердің эмоциональдық мәні арта түсетінін және қайталама қос сөздердің қосымшалар арқылы жасалу тәсілі барлық сөз таптарында қолданыла беретіндігін, соның ішінде етістіктердің түбіріне көсемшенің -а,-е,-й, -ып, -іп, жұрнақтарының қосылуынан жасалғаны жиірек кездесетінін айтып өтеді. Т.Қалабаеваның осы зерттеуінде қайталама қос сөздердің стильдік өңі туралы айтылып өтіледі және бір сөздің екі рет қайталануы немесе қосымшалы түрде қайталануы экспрессивтік және эмоционалдық мән үстейтіндігі де көрсетіледі. Мысалы, мені күте- күте кетіп қалыпты. Бостан- босқа бүлініп, саған не болды? [58].
Жоғарыда айтылған пікірлердің бәрін қорытындылай келе, қос сөздердің стилистикасы мынадай мәселелердің айналасында болған:

  1. Қос сөзді қолданудың сөйлем мағынасына әсері.

  2. Қос сөздердің экспрессивті- эмоционалдық мағыналары.

  3. Қос сөздерді қолданудың ұтымдылығы.

  4. Жеке жазушылардың қос сөздерді қолдану ерекшелігі

Қазақ тіл білімін зерттеуші І.Кеңесбаев пен Ғ.Мұсабаев «Қазіргі қазақ тілі атты еңбектерінде: «Қалыптанған тиянақты фразеологиялық топқа жататын сөздердің бір саласы қос сөздер болады» десе, ал профессор А.Ысқақов болса: «...сөзді қайталап қолданудан...лексикалық түсінігі өзгермейді, демек, жаңа сөз тумайды, тек грамматикаланады», - дейді. Профессор К.Аханов «Грамматика теориясының негіздері» деген еңбегінде қос сөздердің үстеме буынды түрлерінен басқаларын күрделі сөз деп қарайды.
Сонымен, жоғарыда келтірілген пікірлерден қос сөздердің лексикалық тұлға болу-болмауы әлі де шешімін толық таба алмаған мәселенің бірі болмақ. Қос сөздердің күрделі сөздер қатарына жатуы осылайша әртүрлі пікір тудырғанымен, бұларға ортақ кейбір жақтардың барлығын да бекерге шығаруға болмайды. Ондай ортақ белгілерге, біріншіден, құрамындағы сөздердің сыртқы пішіні, дыбысталуы мен ішкі мән-мағынасы негізінде қалыптасқан құралымының болуы, екіншіден, белгілі сөз табына жатуы; үшіншіден сөйлемге мүше болғанда да бірінен-бірі ажырамай, бір ғана мүшенің, сондай-ақ сөз тіркесінің бір ғана сыңарының қызметін атқаруы жатады.
Бұлардың бір-бірінен ерекшеліктері неде?
1. Күрделі сөздер құрамы екі сөзбен шектелмей, одан ортақ сөзден де бола беретіні белгілі. Ал қос сөздер құрамы екіден аса қоймайды.
2. Күрделі сөздер компоненттері ортасына басқа сөзді сыналап қою мүмкін болмаса, көпшілік қос сөздер сыңарлары арасына үшінші бір сөзді қоюға болады. Мысалы: төсек-орын (төсек те орын), сарт-сұрт (сарт та сұрт), сөйлей-сөйлей ( сөйлей де сөйлей).
3. Бұдан кейін көпшілік күрделі сөздерден сөз тудырушы жұрнақтар арқылы басқа бір сөз тудыруға болады, Мысалы: биыл-биылғы, аққу –аққудай. Ал, қос сөз бойында ондай қасиет байқалмайды.
4. Күрделі сөздердің арғы тегі, негізінен сөз тіркесі, некен-саяқ болмаса, көпшілік күрделі сөздерге негіз болған сөз тіркесін тауып, оны түсіндіруге болады, ал қос сөздер олай етуге келмейді, өйткені ол сөз тіркесінен ажырамаған. Оған тарс-тұрс, шай-пай тәрізді мысалдар дәлел.
Морфологиялық сипаты, яғни морфемалық құрамы жағынан қос сөз сыңарлары аса күрделі болады, мәселен, қайталама қос сөздердің компоненттері жалаң түбірлерінің жай қайталануынан да (биік-биік, қап-қап), қосымшалы сөздің қайталануынан да (өзді-өзімен, сөйлей-сөйлей) бола береді. Қосарлама қос сөздердің компоненттеріне келсек, олар да, біріншіден сөздердің қосымшасыз қосарлануынан (құрт-құмырсқа, бақа-шаян), екіншіден, қосымшалы-қосымшасыз сөздердің қосарлануынан (төсек-орын, темір-терсек, жата-жастана), үшіншіден, күрделі сөз бен жалаң сөздердің қосарлануынан (бүгін-ертең, ағайын-туған, аш-жалаңаш) жасалады.
Демек күрделі сөз компоненттері морфологиялық құрамы жағынан жинақы, бір ізділеу болып келсе, қос сөздердікі бытыраңқы, ала-құла болып келеді. Фонетикалық жақтан қос сөздердің компоненттері буын, дыбыс жақтарынан үйлесіп, ыңғайласып, ұйқасып отырады. Мысалы: емін-еркін, қалған-құтқан, олпы-солпы тәрізді сөздердің компоненттері екі; мең-зең, у-шу тәрізді қос сөздер бір буыннан тұрады. Абысын-ажын дегенде екі компонентті де біріңғай дауысты «а» фонемасынан басталса, жүн-жұрқа дегенде біріңғай дауыссыз «ж» фонемасынан басталып тұр. Қос сөздер ішінде бұл сияқты ассонанс, аллитерация құбылыстары жиі ұшырайды. Ал күрделі сөзде бұл кездеспейді.
Қос сөздер құрамындағы сөздердің сөз табына қатынасына келсек, оның құрамында күрделі сөздердей емес, сөз таптары түгелдей кездеседі. Мысалы, зат есім де (жер-су, ел-жұрт), сын есім де (үлкен-кіші, жақсы-жаман), сан есім де (бір-екі, он-он бес), есімдік те (кімде-кім), етістік те (буынып-түйініп, келді-кетті), үстеу сөз де (ерте-кеш, әрі-бері), еліктеу сөз де (даң-дұң, шатыр-шұтыр), әр тарап сөз де (бар-жоқ, аз-көп), шылау сөз қатысты сөз де (көзбе-көз), одағай сөз де (шөре-шөре) кездеседі, ал күрделі сөздің құрамында, мәселен, көмекші сөз болмайды.
Ал енді, қос сөздер мен сөз тобының ара-қатынасына келсек, әдетте, оның құрамындағы сыңарлары қай сөз табына жататын сөз болса, олардың қосарлануынан пайда болған қос сөз де сол сөз табына жатады. Бұдан ерекше тек үстеу сөз, мәселен, көзбе-көз, сөйлей-сөйлей тәрізділердің компоненттері бірінде негізінен зат есім, екіншісінде етістік категориясына жататын сөз бола тұра, сөз табында үстеу сөз болады. Бұл тегі үстеудің сөз табы ретінде қалыптасу ерекшелігінің өзгешелігінен болса керек.
Сонымен, сөз қосарлануы арқылы оның құрамындағы сөздердің лексика-грамматикалық сипатынан мүлде басқаша сөз табының пайда болуы қос сөздерден болған бірен-саран ғана сөз табының басында кездеспесе, көпшілігінде ол байқалмайды. Ал сөздердің кірігуі, бірігуі, тіркесуі арқылы сөз таптарын бүтіндей қамтиды. Оған: асқазан, сексен, түрегел тәрізді біріңғай сөз табынан, ақсақал, ұлтабар, бүгін, еңбек ету тәрізді әр түрлі сөз категориясынан пайда болған алуан түрлі мысалдар айғақ болады.
Сонымен, сөздердің қосарлануы, негізінен, жеке сөз таптарының аясынан шықпайтын бір жақты құбылыс болмақ та, ал сөздердің кірігуі, бірігуі, тіркесуі құрамындағы сөздердің лексика-грамматикалық сипатына орайлас та, одан мүлдем басқа да сөз табын тудыратын әр жақты, әрі құнарлы, әрі күрделі құбылыс болмақ.
Күрделі сөздер мен қос сөздердің бір-бірінен айырмашылығын олардың құрылымындағы сөздердің лексикалық сипатынан да көруге болады. Мысалы: күрделі сөз компоненттері дербес лексикалық мағынасы бар сөздерден болса, қос сөз компоненттері дербес мағынасы бар сөздерден де, көмекші сөздерден де бола береді, тіптен дербес мағынасы бар түріндегі атауыш сөздердің өзі де мағына жағынан еркін емес, әдетте олар, мәндес, қайшы мәндес, ұштас, сыбайлас сөздерден болады. Мысалы, мәндес қос сөздер: аңырап-боздап, ашық-жарқын, алдап-арбап, алым-салық, арып-ашып, ер-азамат, жан-жақ, жол-жоба, мінез-құлық, хал-жағдай т.б.
Қайшы мәндес қос сөздер: ашып-жұм, асты-үсті, болар-болмас, келімді-кетімді, өліп-тіріліп, ірілі- уақты т.б.
Ұштас қос сөздер: аты-жөні, апалы-сіңлілі, ата-ана, есі-түсі, жын-шайтан, ойын-күлкі, ой-пікір, соқыр-мылқау, үй-жай т.б.
Енді сөз таптарының құрамында кездесетін қос сөздердің семантикасына назар аударайық. Мәселен, қып-қызыл, жап-жақсы тәрізді сын есім категориясында кездесетін түрлері сапаға үстеме мағына қосып одан шырайдың күшейтпелі шырай деп аталатын түрін жасайтыны белгілі. Бұлай болғанда, үстеме буын лексикалық емес, грамматикалық қызмет атқарады. Демек, грамматикалық тұлға болады.
Ескі-құсқы тәрізді қос сөздерден де кемсіну, қомсыну реңі аңғарылады. Олай болса, бұлардан да лексикалық мағынасы тың сөз жасалмайды.
Сан есімде кездесетін бес-алты, он-оннан тәрізді түрлеріне келсек, олар әдетте, қосарланған сан түрлеріне тек болжалдық, топтық мағына үстеп, сан есімнің семантика-морфологиялық түрлерін жасауға қатысады. Үстеу сөздердегі күні-түні тәрізді түрлері мезгілдік; әрең-әрең сын-қимылдық, көре-көре түрлері себеп-салдарлық қосымша мағына қосып үстеудің семантикалық топтарын жасайды. «Зат есім категориясында кездесетін, мәселен, тау-тау астық, тал-тал шаш тәрізді түрлеріне келсек олар да лексикалық емес, грамматикалық мағына немесе стильдік рең, ал ет-мет, шай-пай, тәрізділер эмоциялық рең үстейді. Мәселен, заттық ұғымды білдіріп, оның атауы болатын мая сөзін қайталап мая-мая дегеннен одан басқаша бір ұғым, басқаша бір лексикалық мағынасы бар, соған атау болып табылатын жаңа бір сөз пайда болып тұрған жоқ. Мая шөп дегенде бірді, мая-мая шөп деген әлденеше маяны білдіреді емес пе. Мұны, заты көптік ұғымның синтаксистік тәсілмен берілу жолына жатқызған жөн. Сол сияқты биік-биік деген тізбектен басқа бір сапаны білдіретін сөз байқалмайды. Осылар тәрізді қос сөздердің қосарлама түрлерінен де, негізінен алғанда, жаңа сөз жасалмайды.
Идиомалау процесі арқылы тұрақты тіркес қасиетіне иеленген некен-саяқ, анда-санда, іле-шала тәрізді мағыналары басқа сөзбен беруге келетін сөздер және осы типтес, мәселен, бірен-саран, оқта-текте, жалма-жан, тәрізді сөздер болмаса басқа қос сөздерді нағыз күрделі сөздермен бір қатарға қою, біздіңше, жаңсақ пікір болса керек.
Демек, қос сөздерді сөз тудырудың аналитикалық тәсіліне жатқызғанның өзінде де оны біріккен, құрама сөздер тәрізді өнімді тәсіл деуге келмейді. Қос сөздерді, әрине тілде лексикалық мүддені өтеуге жұмсалмайды емес, жұмсалады. Соның өзінде барлығы емес, негізінен, қосарлама деп аталатын түрі. Бірақ олардың өзі де күрделі сөздер сияқты, заттық, сапалық, сандық, іс-әрекет, қимылдық тәрізді ұғымдарды білдіріп, солардың атауы ретінде емес, әр алуан жалпылама, экспресивтік ұғымның атауы ретінде қызмет атқарады. Мысалы, ағайын-туған, абысын-ажын, қас-қабақ, жан-жануар, қиян-кескі т.б.
Қос сөз мәселесі зерттелмеді дей алмаймыз, ол турасында құнды пікірлер, тұжырымдар да аз емес. Соған қарамастан, оны лексикалық тұрғыдан егжей-тегжейлі зерттеп, тілдің әр саласына жататын жақтарын алмай, оны бір ғана құбылыс деп қарау дұрыс болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет