1.2 Күрделі сөздердің жасалу жолдары КС – жасалуы жағынан да, құрылымы жағынан да әр түрлі болып келеді.
Тілдің ертеректегі дәуірінде әр түрлі сөздердің тіркесіп келуінен жасалған сөз тіркесінің сыңарлары оның тілдің дамуы барысында дыбыстық та, мағыналық та өзгерістерге ұшырап, соның нәтижесінде ол сыңарлар бұл күнде бөлшектенбейтін бір бүтін сөзге айналуы мүмкін [35]. Мысалы, белбеу, ашудас, сексен, тоқсан, бүгін, биыл т.б. Бұлардың қандай түбірлерден жасалғанын этимологиялық талдау арқылы ғана анықтауға болады.
Күрделі сөздің жалпы шыққан тегі – сөз тіркесі.
Енді бұлардың бір-бірінен ерекшелік жақтарына тоқталайық.
Күрделі сөздер құрамы екі сөзбен шектелмей, одан артық сөзден де бола беретіні белгілі. Ал қос сөздер құрамы екіден аса қоймайды. Күрделі сөздер компоненттері арасына басқа сөзді сыналап қою мүмкін болмаса, көпшілік қос сөздер сыңарлары арасына үшінші бір сөзді қоюға болады. Мысалы: төсек- орын (төсек те орын); жақсы-жаман (жақсы да жаман); сөйлей-сөйлей (сөйлей де сөйлей); сарт-сұрт (сарт та сұрт) т.б.
Бұдан кейін көпшілік күрделі сөздерден сөз тудырушы жұрнақтар арқылы басқа бір сөз тудыруға болады, мысалы: биыл – биылғы, қолқап – қолқаптық, қоян – қоянша, аққу – аққудай, ән сал - ән салғыш т.б. Қос сөз бойында ондай қасиет байқалмайды.
Күрделі сөздердің арғы тегі, негізінен, сөз тіркесі; некен-саяқ болмаса, көпшілік күрделі сөздерге негіз болған сөз тіркесін тауып, оны түсіндіруге болады, ал қос сөздер олай етуге келмейді, өйткені ол сөз тіркесінен ажырамаған. Оған тарс-тұрс, ет-мет, шай-пай, у-шу, емін-еркін, тай-талас, қора-қопсы, киім-кешек, тері-терсек, әптер-тәптер, жүн-жұрқа тәрізді мысалдар да дәлел болғандай.
Морфологиялық сипаты, яғни морфемалық құрамы жағынан қос сөз сыңарлары аса күрделі болады; мәселен, қайталама қос сөздердің компоненттері жалаң түбірлерінің жай қайталануынан да (биік-биік, қап-қап), қосымшалы сөздің қайталануынан да (өзді-өзімен, сөйлей-сөйлей) бола береді. Қосарлама қос сөздердің компоненттеріне келсек, олар да, біріншіден, сөздердің қосымшасыз қосарлануынан (құрт-құмырсқа, бақа-шаян, т.б.), екіншіден, қосымшалы-қосымшасыз сөздердің қосарлануынан (төсек-орын, тері-терсек, көрген-білген, ұзынды-қысқалы, жата-жастана т.б.), үшіншіден, күрделі сөз бен жалаң сөздердің қосарлануынан (бүгін-ертең, ағайын-туған, күндіз-түні, аш-жалаңаш т.б.) жасалады. Күрделі сөздердің арғы тегі, негізінен, сөз тіркесі; некен-саяқ болмаса, көпшілік күрделі сөздерге негіз болған сөз тіркесін тауып, оны түсіндіруге болады, ал қос сөздер олай етуге келмейді, өйткені ол сөз тіркесінен ажырамаған. Оған тарс-тұрс, ет-мет, шай-пай, у-шу, емін-еркін, тай-талас, қора-қопсы, киім-кешек, тері-терсек, әптер-тәптер, жүн-жұрқа тәрізді мысалдар да дәлел болғандай.
Демек, күрделі сөз компоненттері морфологиялық құрамы жағынан жинақы, бір ізділеу болып келсе, қос сөздердікі бытыраңқы, ала-құла болып келеді. Фонетикалық жақтан қос сөздердің компоненттері буын, дыбыс жақтарынан үйлесіп, ыңғайласып, ұйқасып отырады, мысалы: емін-еркін, қалған-құтқан, есеп-қисап, олпы-солпы, тәрізді сөздердің компоненттері екі; мең-зең, у-шу, тәріздікі бір буыннан тұрады. Абысын-ажын дегенде екі компоненті де бірыңғай дауысты «а» фонемасынан басталса, жүн-жұрқа дегенде бірыңғай дауыссыз «ж» фонемасынан басталып тұр. Қос сөздер ішінде бұл сияқты ассонанс, аллитерация құбылыстары жиі ұшырайды. Ал күрделі сөзде бұл кездеспейді.
Демек, қос сөздерді сөз тудырудың аналитикалық тәсіліне жатқызғанның өзінде де оны біріккен, құрама сөздер тәрізді өнімді тәсіл деуге келмейді. Оған жоғарыда берілген талдаудан да көз жеткендей болды.
Қос сөздер, әрине, тілде лексикалық мүддені өтеуге жұмсалмайды емес, жұмсалады. Соның өзінде де барлығы емес, негізінен, қосарлама деп аталатын түрі. Бірақ олардың өзі де күрделі сөздер сияқты заттық, сапалық, сандық, іс-әрекет, қимылдық тәрізді ұғымдарды білдіріп, солардың атауы ретте емес, әр алуан жалпылама, топшыланған, экспрессиптік ұғымның атауы ретте қызмет атқарады. Оған мына төмендегі мысалдар да дәлел болғандай: абысын-ажын, ағайын-туған, кедір-бұдыр, киім-кешек, айғай-сүрен, ақыл-айла, алдап-сулап, ат-шана, әдет-ғұрып, әуре-сарсаң, бес-алты, бұлқан-талқан, дәм-тұз, делі-құлы, дос-жаран, елең-алаң, ер-тұман, ерлі-зайыпты, ел-жұрт, етек-жең, жай-жапсар, жаңалаш-жалпы, жан-жануар, жарлы-жақыбай, жат-жаран, жер-көк, жел-құз, жоқ-жітік, жөн-жосық, жік-жапар, зәр-заба, зіл-зәре, келін-кепшек, көрпе-жастық, көші-қоң, қағаз-қарындаш, қас-қабақ, қатын-қалаш, қиян-кескі. Қазақ тіліндегі жел мен самалды алайық алғашқысын күшті соққан түрі, соңғысы жанға-жайлы жеңіл түрі деп ұқсақ, қырғыздар керісінше түсінеді. Яғни шамал деп күштісін жел деп жұмсақ жел түрін айтады. Қазақтар малай деп біреудің есігінде жалданып жүрген қызметші жалшы дегенді ұғады. Ал башқұрт-татар тілдерінде малай деген сөз бала деген ұғымды білдіреді.
Кіріккен сөздердің әуел бастағы қалпынан өзгеше болып қалыптасуына үндестік заңы ұйытқы болған. Мысалы: бәйшешек, бәйтерек сөздерінің құрамындағы «бәй» әуел баста «бай» формасында болған.
Қолғанат екі сөзден: қол және қанат біріккен, бастапқы компоненттің ақырғы «л» дыбыстың ықпалынан соңғы қанат сөзінің бастапқы «қ» дыбысы ұяңданып «ғ» формасына көшкен т.б.
Біріккен сөздер әуел бастағы қалпын сақтаған: түйетабан, ұлтабар, асқазан, егеуқұйрық. Ал кіріккен сөздердің дыбыстың өзгеріске ұшырап, әуел бастағы түр-тұрпатын өзгертуі кездейсоқ емес, белгілі заңдылықтарға байланысты.
Кіріккен сөздердің құрамында мағынасы түсініксіз сөздер де кездеседі. Ондай сөздердің кейде бір сыңары болмаса екі сыңары да бірдей түсініксіз болып келеді. Тіл мамандарының зерттеулерінен олардың кейбіреулері мағынасын жоғалтқан байырғы сөздер де, енді біреулері басқа тілден енген сөздер екені мәлім [36].
Мысалы: шалап сөзі ол баста шала және аб дегеннен кіріккен: шала түсінікті, ал аб түсініксіз, ол су деген мағынаны білдірген, сонда шалап – шала су деген мағынадағы сөз болады, қарақат – қара түсінікті, қат түсініксіз, ол алтай тілінде жидек деген мағынадағы сөз, сонда қарақат – қара жидек, қызылқат – қызыл жидек болады; шонжар дегеннің шоң деген сыңары қырғыз тілінде үлкен, төре деген сөз, осы шоң байырғы жар деген сөзбен бірігіп, «ж» фонемасының әсерімен, «ң» фонемасы «н»-ға ауысқан (жасалу орны жағынан ж-ға «н» фонемасы жақын; «ж» тіл алды да, «н» - тіл ұшы, ал «ң» - тіл арты фонемасы), содан ол шонжар болып шыққан. Желғабыз – жел байырғы сөз, «ғабыз» моңғолдың қабас (күшті жел, дауыл) деген сөзінен өзгерген, «л» -дың әсерінен «қ» ұяңдап «ғ» болған. Сайгүлік – сай қырғыз сөзі, онда өте, асқан дегенді білдіреді; ал гүлік қазақ тілінде – күлік, ол да жүйрік деген мағынада жұмсалатын сөз. Айырма үнді «й» дыбысының әсерінен қатаң «к» дыбысы ұяң «г» дыбысына; ауысқан алаңғасар – алаң кейбір түркі тілінде ессіз деген мағынада жұмсалатын сөз, ал ғасар көріп-қасар дегендегі қасар, яғни сорлы, бақытсыз деген сөз, «ң»-ның әсерінен «қ» фонемасы ұяңданып «ғ» болып өзгеруінен кіріккен. Жиеншар сөзінің екінші сыңары – шар кейбір түркі тілдерінде тұқым дегенді білдіреді, оған жиен сөзі қосылып, жиеннің тұқымы деген мағына туады. Мұрап деген де кіріккен сөз, ол мұр және аб деген екі сөзден алынған. Мұр арабтың мир, амир, яғни әкім деген сөзі де, аб парсының су деген сөзі, сонда бұл су әкімі деген ұғымды білдіреді, ауылдық жерде бұл сөз осы мағынада жұмсалады да, «б»-ның байырғы сөз соңында келуі бізде қалыпсыз, сондықтан ол «п» болып өзгерген.
Жарнама әуел баста жар және нама деген сөздерден біріккен, ондағы нама парсыдағы хат деген сөз, бізде ол дыбыс үндестігіне байланысты дама, деме, теме болып өзгерген, бұл мінездеме, баяндама, анықтама тәрізді сөздердің де құрамында кездеседі.
Кіріккен сөздердің әуел бастағы қалпынан өзгеше болып қалыптасуына үндестік заңы ұйытқы болған. Мысалы: бәйшешек, бәйтерек сөздерінің құрамындағы «бәй» әуел баста «бай» формасында болған.
Қолғанат екі сөзден: қол және қанат біріккен, бастапқы компоненттің ақырғы «л» дыбыстың ықпалынан соңғы қанат сөзінің бастапқы «қ» дыбысы ұяңданып «ғ» формасына көшкен т.б.
Келтірілген мысалдардан көргендей, кіріккен сөздердің құрамында кездесетін басқа тілден енген сөздер де өзінің бастапқы тұлғасын үнемі сақтап отырмай, кірген тілдің дыбыс заңына лайық кейбір фонетикалық өзгерістерге ұшырайды екен.
Кіріккен сөздердің құрамындағы компоненттердің түр-тұрпатының өзгеруі жеке дыбыс қана емес, сонымен қабат кейде грамматикалық формалардың мүлде ығысып түсіп қалуымен де байланысты болуы мүмкін, ол үшін қаптесер, алжапқыш, күнбағар тәрізді сөздерді талдап көрелік. Қаптесер әуел баста қапты және тесер, алжапқыш – алды және жапқыш деген сөздерден біріккен.
Кіріккен сөздер компоненттері тегі жағынан да бірбеткей емес, әр қилы; дені байырғы сөздер, сонымен қабат басқа тілден енген де сөздер кездеседі. Былтыр тәрізді үш компоненті де байырғы сөзден болған; шалап, жиеншар тәрізді бірі байырғы екіншісі басқа тілден енген сөздерден кіріккендері де, тіптен барлық компоненттері де бүтіндей басқа тілден алынып, дыбыстық өзгерістерге түскендері де бар. Осыған орай кіріккен сөздерді үшке бөлуге болады: Бірінші – байырғы сөздерден кіріккендер: кекілдірік, белбеу, ашудас, күндіз, алжапқыш т.б.
Екінші – бірі байырғы, екіншісі басқа тілден еніп кірігіп кеткендер: қолғабыс, шонжар, алаңғасар, шалап, қарақат, баяндама т.б. Үшінші басқа тілден енген сөздер: шаһнама, мұрап, жексенбі, дүйсенбі т.б.
Жоғарыда берілген талдаудан көргендей, кіріккен сөз біріккен сөздердей оны құрастырушы сыңарлардың жай ғана қосыла салуынан жасала салмаған; тілдің дыбыс жүйесіне тән заңдар негізінде ондағы компоненттер дыбыстық өзгеріске ұшырап барып, содан кірігу арқылы жасалған. Олай болса, оның бір тұтас тұлға болып қалыптасуына тек синтаксистік тәсіл ғана емес, оған қосымша фонетикалық тәсіл де өз үлесін қосқан. Реті келгенде айта кетелік: бүтіндей сөз, сондай-ақ форма тудыру тәсілдері сөз болғанда, әдетте, морфологиялық, синтаксистік, ара-кідік семантикалық тәсіл аталады да, фонетикалық тәсіл мүлде атаусыз қалады. Тегінде кіріккен сөз ғана емес, сонымен қабат жалғау, жұрнақ жүйесіндегі варианттылық; говорлық лексикаға жататын құдағай, матыр, пысқан, суғар, тайыз т.б. сөздер мен әдеби тіл лексикасына жататын көз – көр, семір – семіз, үкімет -өкімет; ғылым – білім – ілім тәрізді сөздердің жасалуын да фонетикалық тәсілдің қатысынсыз түсіндіру мүмкін болмаса керек. Олай болса, сөз, форма тудыру жүйесінде жоғарыда аталған тәсілдермен қабат, фонетикалық тәсілге де лайықты орын берілуге тиісті [36].
Қорытынды: кіріккен сөз тілімізде шағын, ол тілдің көне заманында пайда болған; сөз естілуінше емес, түбірін сақтап жазу принципіне құрылғанда, оның жасалуы мүмкін емес, сондықтын кіріккен сөздерді біріккен сөздерден бөліп алып қарау негізсіз деген пікір айтылуда, біздіңше, бұл тіл фактісі емес, ой тарапынан алынған тұжырым болса керек. Осыған орай кіріккен сөздерді үшке бөлуге болады: Бірінші – байырғы сөздерден кіріккендер: кекілдірік, белбеу, ашудас, күндіз, алжапқыш т.б. Екінші – бірі байырғы, екіншісі басқа тілден еніп кірігіп кеткендер: қолғабыс, шонжар, алаңғасар, шалап, қарақат, баяндама т.б. Үшінші басқа тілден енген сөздер: шаһнама, мұрап, жексенбі, дүйсенбі т.б.
Жасалу тәсілі, құрылымдық, мағыналық ерекшелігі жағынан кіріккен сөздердің күрделі сөздердің басқа түрлерінен өзіндік айырмашылығы барлығы, біздіңше, шүбә тудырмайды; олай болса кіріккен сөз, біріккен, құранды, құрама сөздерден бөлініп, күрделі сөздің өзалды жеке түрі ретінде қаралуы керек.
Біріккен сөздер. Бұған қарабауыр, асқазан, ұлтабар, көксерке, аққайран, мысыққұйрық, түйетабан, итмұрын, сиырбүлдірген, ақсақал, балажан, бозбала, жарымжан, саңырауқұлақ, көкнайза, қылтамақ, албасты, көнтері, аққұла, екіқабат, есерсоқ, көнетоз, қарақұс, шашбау, аққу, меңдуана тәрізді алуан түрлі сөздер жатады.
Сөзге тән бір қасиет – оның екінші бір сөздің пайда болуына ұйытқы болуы десек, біріккен сөздер де бұл қасиеттен мүлде құралақан емес. Біріншіден, бұлар кейбір жұрнақтар арқылы туынды сөздің жасалуына негіз болады, мысалы, ақсақалды, аққудай т.б. Екіншіден, кейбір терминдік атаулардың құрылымын жасауға қатысады, мысалы: піл, тасбақа, құдыз егеуқұйрық, орман сусары, жеңіл өнеркәсіп т.б. Осылар тәрізді қызыл қарақат, жасыл құрбақа тәрізді күрделі атаулардың пайда болуы да бұлардың бойында басқа сөздердің жасалуына негіз боларлық қасиеттің болуын дәлелдейді. Күрделі сөздердің басқа түрлері тәрізді біріккен сөздер де сөздердің еркін тіркесі тәрізді сөйлеу я жазу процесі үстінде құрастырылмай, қалыпты сөздер тәрізді даяр күйінде, бұрыннан жасалып қалған қалпында қолданылады.
Міне, осы аталған межелік белгілер біріккен сөздің де лексикалық тұлға болуының куәсі болмақ.
Біріккен сөздердің құрылымы оны құрастырушы компоненттердің жай біріктірілуінен жасалады; ондағы сөздердің дыбыс құрамына да, буын құрамына да ешқандай өзгеріс кірмейді, сол әуел бастағы қалпында қалады.
Енді жеке мысалдарға талдау жасау арқылы осылардың кейбір жасалу, қалыптасу ерекшеліктеріне нақтылы тоқталайық. Біріккен сөздердің жиі кездесетін бір түріне итмұрын, бұзаубас, қоянтобық, түйетабан тәрізді сөздер жатады. Мәселен, итмұрын, затында, өсімдіктің белгілі бір түріне берілген атау, сыртқы формасы иттің тұмсығына ұқсас болғандықтан, соған орайлас аталған. Затында оның итке де, мұрынға да ешбір қатысы жоқ.
Мысыққұйрық – бұл шөптің белгілі бір түріне берілген атау, формасы мысықтың құйрығына ұқсас болғандықтан, соған орайлас аталған.
Осылар тәрізді егеуқұйрық, бұзаубас, қоянқұйрық, биеқарын, текесақал, қарғатұяқ т.б. алуан түрлі атаулар да осылайша ұқсас заттардың атауларынан пайда болған.
Біріккен сөздердің екінші бір үлгісіне – қарабауыр, қарақұлақ, қарақұйрық, тазқара тәрізді сөздер жатады.
Мәселен, қарабауыр – затында, аңға берілген атау; үсті қылаң, бауыр жүні қара, басқа жерінен ерекше бір көзге түсетін белгісі осы болғандықтан, соған орайлас аталған. Қарақұлақ, қарақұйрық, тазқара тәрізді атаулар да міне, осылайша пайда болған.
Біріккен сөздердің бұл аталған түрлері кейін басқа да біріккен сөздердің жасалуына үлгі болып, оның құрамы үнемі толығып, артып отырған.
Біріккен сөздердің үшінші бір түріне – ақсақал, жарымжан, заржақ, кемтар, арамтамақ, көнетоз, аққұла, біржола, қонақжай, бірбеткей, көкжелке, екіқабат, бірсыдырғы тәрізді сөздер жатқызылуға тиісті. Бұлардың да компоненттері ешқандай дыбыстық өзгерістерге ұшырамаған, буын құрамын да толық сақтаған; білдіретін ұғымы мен беретін мағынасы да құрамындағы сөздердің лексикалық мағынасынан басқаша болып қалыптасқан, бұл да бір ғана зат я құбылыстың атауы болады.
Біріккен сөздердің төртінші бір түріне – қарақұс, аққу, шашбау, баспасөз, басқұр тәрізді сөздер жатпақ. Бұлардың да сыңарлары әуел бастағы түр-тұрпатын толық сақтаған, буын құрамы да берік, құрылымын бұзбай үнемі бірге жұмсалады, қаншама сөзден тұрмасын бір ұғымды білдіріп, бір ғана заттың атауы болады [38].
Тіл мамандары, әдетте, күрделі сөздердің арғы тегін сөздердің еркін тіркесімен байланыстырады.
Сөздердің еркін тіркесі компоненттерінің соңғысы бағындырушы, ал бастапқы оған бағынушы сөз болып, бастапқы сөз соңғы объекті мәнінде тұрған сөздің түсі, көлемі, сипаты, мекені, тегі, қызметі тағы басқа сол сияқты түрліше қасиеттерін айқындап, аралары синтаксистік байланыстың белгілі-белгілі үлгілері бойынша грамматикалық байланысқа түсетіні мәлім. Аққу, қарақұс тәрізді сөздерге келсек, бұлардың да сыңарлары басында осындай байланыста болып, кейіннен жұбын бұзбай, үнемі бірге қолданудан компоненттері орын- орындарында әбден бекініп, ол байланыс мәнін мүлде жойған. Құрамындағы сөздер жеке сөз табы, сөйлемге дербес мүше болу қасиетінен де айырылған; компоненттері жеке-жеке емес, бір екпінге иеленіп, айырым емес, бір ритмикалық екпінмен айтылатын болып кеткен. Бұған олар басынан идиомалану, лексикалану, оған қосымша грамматикалану процестерін өткізу барысында келіп жеткен.
Бұлардың төркіні сөз тіркесі болғандығына оларды құрастырушы компоненттердің лексикалық сипаты да толық айғақ болғандай. Өйткені бұлардың компоненттері де сөздердің еркін тіркесі сыңарлары тәрізді басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсуге өте қабілетті, логикалық жағынан үйлесімді сөздер болып келеді.
Біріккен сөздің көпшілігінің соңғы компоненті өзі бейнеленіп тұрған объектіге тікелей қатысы бар, белгілі дәрежеде соны білдіретін сөз болады. Оның мәні, мәселен, аққу, қарақұс тәрізді сөздердің құс баласына қатысты екені, ал көксағыз, асқабақ сияқты біріккен сөз түрлерінің есімдік атаулары екенін соңғы компоненттерінен-ақ білуге болса, аққоз, аютабан, бұзаубас, балақыз, егеуқұйрық, бізтұмсық тәрізді біріккен сөз атауларының есімдік, жәндік атаулары болатынын олардың соңғы компоненттерінен білу мүмкін болмайды. Өйткені бірқазан, қарабай, ақсары, аққоз, аютабан, бұзаубас, балақыз тәрізді біріккен сөздер сөздердің еркін тіркесінен емес, басқаша жолмен, яғни жоғарыда айтылғандай, метафоралық қолданыс немесе бойында бар ерекше бір белгі-қасиеті бойынша пайда болған.
Сонымен, проблема – біріккен сөздің жоғарыда аталған түрі мен лексикаланған тіркестің арақатынасын ажырату. Бұл күрделі де, қиын да проблема. Өйткені, екеуі де негізі, сөздердің еркін тіркесі.
Затында, біріккен сөз құрылымдық сипаты ғана емес, сонымен қабат білдіретін ұғымы мен беретін мағынасы, сондай-ақ лексика-грамматикалық, грамматикалық мағынасы жағынан да сөз тіркесінен басқаша болып қалыптасқан, яғни ол сөз тіркесінен мүлде қол үзіп, басқа категорияға, яғни лексикалық категорияға көшіп кеткен де, ал лексикаланған тіркес сөздердің еркін тіркесімен байланысын мүлде үзбеген, қайта оның кейбір қасиетін бойында сақтаған.
Біріккен сөз түрлерінің құрылымы берік-бекем. Ол сыртқы түр-тұрпаты ғана емес, білдіретін ұғымы мен беретін мағына жағынан да құрастырушы компоненттерге жай ғана бөле салуға келмейді. Компоненттері әбден орнығып, бір-бірімен қалыптасып қалған, демек, ол бір бүтін тұлға ретінде қолданылады. Оған, біріншіден, оның білдіретін жалпы мағынасына нұқсан келтірмейінше, компоненттерін жекелеп, яғни бірін екіншісінен бөліп қолдануға келмеуі, әр қолданысында тыңнан құрастырып жатуды қажет етпей, сол қалыптасып, орнығып қалған даяр күйінде қолдануға болуы; екіншіден, лексика-семантикалық, лексика-грамматикалық мағынасы жағынан да іштей ажыратып қарауға келмеуі; үшіншіден, сол тұтасқан қалпында сөйлем ішінде де жұбын жазбай, бір ғана мүшенің қызметінде жұмсалуы, төртіншіден, бас-басына жеке-жеке емес, бір акцентуациялық екпінмен айтылуы, бесіншіден, күрделі яғни терминологиялық атауларды құрауға да қатысуы дәлел болмақ.
Бастаған күрделі құбылыс, сөздердің жаңа типтері.
Қазақ тіліндегі жел мен самалды алайық алғашқысын күшті соққан түрі, соңғысы жанға-жайлы жеңіл түрі деп ұқсақ, қырғыздар керісінше түсінеді. Яғни шамал деп күштісін жел деп жұмсақ жел түрін айтады. Қазақтар малай деп біреудің есігінде жалданып жүрген қызметші жалшы дегенді ұғады. Ал башқұрт-татар тілдерінде малай деген сөз бала деген ұғымды білдіреді.
Міне, осы тұрғыдан келгенде, қазіргі қысқарымдардың табиғаты мен қолданылу сипаттары кісі есімдерінің ықшам тұлғаларының, локальды тілдік единицалардың табиғатынан өзгеше. Бұл айырмашылықтар мынадай жағдайлардан көрінеді: объектіге алынып отырған қысқарымдардың жасалуы мен қызметі:
1) Қоғамдық-саяси өзгеріс; қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуы; ғылыми-техникалық революцияның дамуы сияқты қазіргі қысқарымдардың жасалуына ықпал етіп отырған экстралингвистикалық факторларға;
2) Сөйленіс машықтарын үнемдеу; сөйлеу, жазу процесінде синонимдік қызмет атқару; сөйлеу, жазу процесінде ресмилік мән беру тәрізді ішкі тілдік факторларға тікелей байланысты. Ал жоғарыда аталған ұлттық - этномәдениет әсерінен қалыптасқан кісі есімдерінің қысқарым тұлғаларының, локальды қысқарымдардың жасалуы, қолданылуы бұл факторларға тәуелді емес. Демек, апар, әкел, барғам, барғасын, барсай, барың, Жәке, Сәбе, Жантай типтес тұлғалар мен ресми реңкті, әлеуметтік – қоғами мазмұндағы, стильдік жағынан бейтарап, сыртқы тұлғасы жағынан символ–таңба іспеттес қысқарымдар – өз алдына айырым белгілері бар дара, дербес тілдік ерекшеліктер.
1930 – 70-ші жылдар аралығында орыс тілінен дайын күйінде қабылданып келген қысқартулар, қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алғаннан бері қарайғы тұста «қазақшаланып», әдеби тіл айналымында бар толыққанды мүше ретінде «азаматтық» ала бастады. Яғни бұл өзге тілден енген кірме сөздер, интернационалдық термин болып саналатын аббревиатураның орнына төл тілдің өзіне тән қысқарту үлгілері жасалды.
Қазіргі қазақ әдеби тіліндегі қысқарымдарды мынандай топтарға бөліп қарастыруға болады:
А. Сыртқы тұлғасы бойынша топтасқан қысқарымдар.
Ә. Жасалу жолдары бойынша топтасқан қысқарымдар.
Б. Әдеби тілдегі орны бойынша топтасқан қысқарымдар.
А. Тұлғалануы жағынан қазіргі қысқарымдардың бірқатар ерекшеліктері бар.
1. Олардың бір тобы – бірнеше сөздердің тіркесімінен тұратын күрделі атаулардың ықшамдалған қазақы тұлғалары. Бұл қатарда екі әріптің «бас қосуынан» жасалатындар (АБ, АҚ, ҚР, ҚҰ, ӨБ, ШК, РФ); үш немесе одан да көп әріптердің жиынтығынан тұратындар (БҰҰ, ТМД, ҚҰБ, МАИ, ПМ, МТК, ЕҚЫҰ, ҚХДП); буындық, аралас қысқарту үлгілері (меммүлік, мемқадағалау, Ішкіісмин, Сыртқыісмин, Еуразия, Қармет, ҚазМҰУ) бар. Осындай қазақы қысқарымдардың өзі қазақ тілінің үндестік заңына сәйкес келетіндіктен, айтылуы, оқылуы жеңіл (АХАТ, БАҚ, БАР); сингармонизм заңдылықтары бұзылатын, сондықтан:
а) алғашқы оқылғанында;
ә) естілгенінде;
б) дыбысталғанында қиындық, кедергі тудыратын қысқарымдарға (ЕІЖК, ПҮАЖ, ӨСЕК, АІЖК, ЭКОРҚ) бөлінеді.
Сонымен қатар қазіргі жазба тіл үлгілерінде образды қысқартулар – акронимдер кездеседі. Акронимдер – күрделі атаулар сыңарларының, әсіресе кісі есімдерінің алғашқы буындарын құрастыру арқылы сазды-образды, экспрессивті мазмұнда жасалған қысқарымдар. Бұл – соңғы мерзімге тән құбылыс. Бұл қатарға Алтеба – Алматы телефон байланысы; Кабиско – Қазақстан-американ бисквит компаниясы; Сұлпак – Сұлтан-Пак, Нұрсал – Нұрлан-Салтанат, Санұр – Сара - Нұрсұлтан, Қайнұр, Сеймар тәрізді мекеме, фирма, кәсіпорын атаулары жатады. Бұндай акронимдердің алғашқы нұсқалары 50 – 60 жылдарда да ұшырасады. Мысалы: Марлен, Рената, Досмұқасан. 2. Тұлғалануы жағынан айырмаланатын қысқарымдардың келесі қатары – транскрипцияланбайтын, халықаралық стандартқа ие, интернационалдық қысқарымдар. Олар – ЮНЕСКО, СВАПО, НАТО, ОПЕК тәрізді аталымдар. Олардың оқылуы мен естілуінен және жоғары жиілікте, қоғамдық-саяси мәнде жұмсалуына байланысты семантикасы біршама ұғынылып тұрады. Сондай-ақ қазақ әдеби тілінің 70 жылдық дамуында норма болып танылып келген ГАЗ, ЗИЛ, КамАЗ, ГРЭС, МТС сияқты қолданыстардың байырғы қалпында игерілуі басым.
3. Күрделі атаулар тобына құрамындағы компоненттердің бірі немесе екеуі буындық тұрғыдан ықшамдалған, келесі сыңары толық алынған, тұтас бір сөз болып жазылатын тұлғалар жатады. Олар – Ақмолаагромашқұрылыс, Жөндеумехзауыт, ОралАрма және т.б.
4. Жазба тілде, сондай-ақ криптонимдер, таңбалар көмегі арқылы тұлғаланған қысқарымдар да кездеседі. Криптонимдер – кісі есімдерінің бастапқы дыбысын нүкте белгісі арқылы тұйықтап қысқарту – көркем әдебиет жанрларында, криминалды хроникада, ал таңбалар арқылы жасалғандар (е/ш – есепшот, а/ш – ауыл шаруашылығы) жарнама подстилінде қолданылады.
Ә. Жасалу жолдары бойынша топтасқан қысқарымдар. Қазақ тіл білімінде жалпы түркі тіл білімінде де сөз қысқартудың негізгі төрт түрлі жолы көрсетіледі. Байырғы амал-тәсілдермен қатар соңғы уақытта күрделі атауларды ықшамдап жазудың басқа да типтері көзге түсе бастады. Топтастыра атағанда, олар мыналар:
1. Әріптік қысқарту – күрделі атаулардың құрамындағы компоненттердің бастапқы әріптерінің алынуы – АБ, АҚ, ПМ, МАИ, ҚМЭБИ.
2. Буындық қысқарту – күрделі атау құрамындағы сөздердің бастапқы буынының алынуы. Қалатком, кеңшар, ұжымшар, Қармет, Ономком акронимдер де осы тәсілмен жасалған – Алтеба, Қайнұр, Сұлпак.
3. Аралас қысқарту - күрделі атаудың құрамындағы компоненттердің бірінің әріптік, екіншілерінің буындық ықшамдалуы немесе буындық-әріптік қысқартуға ұшыраған компонентке үшінші компоненттің толық қалпында жалғануы – ҚазМҰУ, меммүлік, мемқадағалау, Орал-Арма, Әділетмин, Қазэксимбанк, Ішкіісмин, Сыртқыісмин, Еуразия және т.б.
4. Контракциялық қысқарту – жалпы есімнің, терминнің құрамындағы екі дауыссыз дыбыстың селбесуі арқылы жасалған қысқарымдар: тг – теңге, дн – дүйсенбі, сн – сенбі, сс – сәрсенбі; иллюстрацияланған күнтізбелерде апта аттары осылайша беріледі. Қазақ тіліндегі іс қағаздарын жүргізу үшін де контракциялық қысқартулар ұсынылады, мысалы: НК – нүкте, ҚН – қос нұкте, ТР – тырнақша, ҮТ – үтір [39].
5. Суспенциялар – жоғары жиілікпен қолданылатын кейбір аталымдарды осы тәсілмен ықшамдау – орыс тіліне өте-мөте тән құбылыс, түркі тілдерінде де байқалады. Суспенция – жеке сөздің алғашқы бірнеше дыбысының «кесіліп» алынуы, мұнда, әдетте, соңғы дыбыс дауыссыз болуға тиіс. М. Адилов әзірбайжан тіліндегі суспенцияларға «гысалтма» деген атау береді. Мұндай жолмен тұлғаланған қысқарымдар қазақ жазба әдеби тілінде де кездеседі, олар ресми құжаттарда, мыс., ауд. – аудан, обл. – облыс; хабарландыру және жарнама тілінде – даңғ. – даңғыл, көш. – көше; ғылыми әдебиетте, анықтамалық-ақпараттық құралдарда – кіт. – кітап, жин. – жинақ, шығ. – шығармалары қолданылады.
6. Қазіргі жазба тілде, сондай-ақ таңбалардың көмегі арқылы ықшамдалған қысқарымдар ұшырасады. Криптонимдер – кісі есімдерінің бастапқы дыбысының нүктемен ажыратылып алынуы белгілі бір функционалдық қызметте (кісі есімдерін құпияландыру мақсатында) 1920-ыншы жылдарда да көрініс береді. Қазір бұл әдіс ішінара көсемсөзде, көбіне- көп криминалды хроника жанрында пайдаланылады (М. деген жазушы; В. деген азамат). Нүкте белгісінің, қисық сызықтың, дефистің көмегі арқылы тұйықталатын қысқарымдар анықтамалық-ақпарат құралдарында, жарнама подстилінде кең қолданылады [40].
Б. Әдеби тілдегі орны бойынша топтасқан қысқарымдар. Қазіргі жазба тілдегі жұмсалу мүмкіндігіне қарай қысқарған сөздерді екі ыңғайда қарастыруға болады.
1. Кең қолданыстағы қысқарған сөздер. Бұлар – қоғамдық-саяси ұйымдардың, ірі мемлекеттердің, халық арасындағы қызметі танымал, мекемелер мен кәсіпорындардың күрделі атауларының қысқартылған үлгілері, бұндай қысқарымдар ақпаратты, ойды қабылдау барысында түсініксіздік туғызбайды. Мысалы, БҰҰ, ГФР, ҚХР, ТМД, АҚШ; орталық жоғары оқу орындарының аттары – ҚазМҰУ, ҚарМУ; терминдерге жаңаша көзқарастың қалыптасуына орай бұрынғы орыс тіліндегі түпнұсқасынан (қысқартылған үлгісінен) аударылап жасалған үлгілер – кеңшар, ұжымшар, медбибі, меммүлік т.б.
2. Пассив қолданыстағы қысқарымдар қатарына арнаулы салаларда материалдың тақырыптық, мазмұндық сипаттарына қарай сирек қолданылатын әріптік, буындық және аралас қықартулар жатады. Функционалдық стильдер, әсіресе баспасөз тілі мұндай қысқарған сөздерді бергенде техникалық әдістерді пайдаланады, яғни жақша ішінде күрделі атауды қоса көрсетеді. Мысалы, ПҮАЖ – (Президент пен Үкіметтің актілер жинағы), ЕҚЫҮ – (Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы).
Функционалдық стильдердің ерекшеліктеріне сәйкес қолданылатын қысқарымдардың қатарына, сондай-ақ жарнамалық-образдылық қызметтегі ББК, Ан-Ақ-Ай; жарнамалық-үнемдеу қызметіндегі суспенциялар (даңғ., обл., ауд.), контракциялар (тг, дс, жс) жатады.
«Қазіргі қазақ әдеби тіліндегі қысқарған сөздердің қолданыстық жіктемесі» деп аталатын үшінші тарауда қазіргі тіл нұсқаларындағы қысқарымдардың әлеуметтік-функционалдық ерекшеліктер, көсемсөз, ғылыми, ресми және көркем әдебиет стильдеріндегі жұмсалу көрінісі турасында тұжырымдар айтылады. Қазіргі қазақ тіліндегі қысқарымдардың жасалуы, жұмсалу жиілігінің жоғары болуы тілден тыс факторларға тәуелді.
Әлеуметтік жағдаят – ақпараттар тасқыны дәуірінде хабарды дер кезінде, бұлжытпастан жеткізу мүддесінде қазақ тілі халықаралық стандартқа ие (ЮНЕСКО) қысқарымдарды, орыс тіліне тән, кең қолданысқа түскен тұлғаларды (Газ, КамАЗ, ТУ-154) пайдалана отырып, тіл саясатының бағытына орай қазақша қысқарымдарды (ХВҚ, ЕҚЫҰ, ҚР, АҚ) жасайды[41].
2. Қысқарымдар – тілдің үнемдеу ұстанымына толық сәйкес келеді. Бірнеше сөздің тізбегінен тұратын күрделі атауларды ықшамдап беру арқылы ақпаратты мол қамтуға, басылым бетінде орын үнемдеуге мүмкіндік туады.
3. Қысқарымдар күрделі атаулардың синонимдік баламасы қызметін атқарып, тілді таптаурын қалыптан арылтады.
4. Олар функционалдық стильдер тіліне ресмилік мән үстейді.
Белгілі бір әлеуметтік факторларға бағына пайда болатын, үнемдеу заңдылығына сәйкес, текске ресмилік мән бере отырып, синонимдік қызметте жұмсала алатын қысқарымдардың көсемсөз, ғылыми және ресми, сондай-ақ көркем әдебиет стильдерінде қолданылу ерекшеліктері бар.
2 КҮРДЕЛІ СӨЗДЕРДІҢ ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ