Нормативтік сілтемелер


Креатив – тұлғаның айрықша идеяларды шығару, ойлаудың дәстүрлі схемаларынан кете алу, проблемалық жағдаяттарды шеше алу қабілеті. Мотивация



бет2/13
Дата06.06.2023
өлшемі136,82 Kb.
#99033
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Салиева Хамида Эркиновна

Креатив – тұлғаның айрықша идеяларды шығару, ойлаудың дәстүрлі схемаларынан кете алу, проблемалық жағдаяттарды шеше алу қабілеті.
Мотивация – (ағылш. motіvation) – қолданылу ыңғайына қарай қазақша "ниет", "түрткі", "кірісу", "жігерлену", "ынталану" сөздерінің мағынасына жақын келетін, қазіргі заман мәдениеті мен гуманитарлық ғылымдарында кең қолданылатын ұғым.
Критерий – 1) Орындалуы қандай да бір заңның немесе тәсілдің қолданушылығын қамтамасыз ететін шарт. 2) Мөлшерлік бағаның өлшеуін таңдайтын белгі.
Импульсивті – адам мінез-құлқының ерекшелігі (орнықты нысанда мінез қыры); сыртқы ықпалдың әсерінен әрекет ету.
Импровизация (лат. імпровісұс — кенеттен, тұтқиылдан), суырып салмалық – көркем туындыны орындау кезінде өнерпаздың аяқ астынан туындыға өз жанынан жаңалық қосып, оны орындауды жалғастырып әкетуі.
Индивид (жеке тұлға) – дербес өмір сүретін жеке организм, атап айтқанда, адам, жеке тұлға, адамзат баласының жалғыз өкілі. «Индивид» ұғымы адамды басқа адамдар арасында жеке тұлға ретінде белгілеу үшін қолданылады.
БЕЛГІЛЕНУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР


ҚР –Қазақстан Республикасы
КСРО –Кеңестік социалисттік Республикалар Одағы
ҚР БМ МЖБС ̶ Қазақстан республикасы Білім Министрлігі Мемлекеттік
Жалпы Білім беру стандарты
ЖОО –Жоғары оқу орындары
БАҚ – Бұқаралық ақпарат құралдары
ҚР БжҒМ нормативті-құқықтық құжаттары ̶ Қазақстан Республикасы
Білім және Ғылым министрлігінің нормативті-құқықтық құжаттары
АКТ ̶ Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар
СТО – Сын тұрғысынан ойлау

КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы
Зерттеудің өзектілігі: Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуымен байланысты қоғамдық өмірдің көптеген саласында өрісін кеңейтіп, жан- жақты атқарар қызметінің өсе түскені белгілі. Осы ретте тілдің дамып өркендеу барысында сөз мағынасы мен оның даму заңдылықтарын арнайы құрастырудың мәні зор. Өйткені тілді адамдар арасында қарым - қатынас жасаудың құралы деп танысақ, сөздер сөйлем құрамында өзара семантикалық синтаксистік үйлесімділікте айтылғанда ғана белгілі бір ақпаратты жеткізе алады.
Сөз күрделі құбылыс, сондықтан оның түрлі қасиеті, мағынасы мен тұлғасы тіпті сөздердің өзара тіркесуі де жеке- жеке тіл саласының объектісі болып жүр. Олар жеке- жеке қолданылуымен бірге бір бірлікте, бір категорияда қолданылады. Демек, жеке тұлға ретінде өмір сүрмейді. Мағынасымен байланыспаса, тұлға өздері тұлға сөз бола алмайды. Сондықтан жалаң формалармен байланыспаған жинақ мағына өмір сүрмейді.
Сөз тұлғасын зерттейтін тіл саласы– сөзжасам мен морфология саласы. Сөз тұлғасы дегеніміз– сөздің мағынасы мен байланысып барып қана сөздің бір элементі болады. Сондықтан сөз мағынасына сүйене отырып, сөздерді тұлғалық негізде екіге бөледі. Осы қасиетке негізделіп, сөздер жалаң сөздер және күрделі сөздер болып екіге бөлінеді. Ал, күрделі сөздер беске бөлінеді: қос сөздер, қысқарған сөздер, біріккен сөздер, кіріккен сөздер, тіркескен сөздер. Диплом жұмысында қос сөздердің лексика-семантикалық, грамматикалық белгілері талданады.
Қазақ тіл білімінде күрделі сөздерге алғаш талдау жасағандардың бірі– профессор Қ. Жұбанов болған. Ол қос сөздерді «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулерінің» «сөз тұлғалары» деген тарауында «қосар сөздер» деген терминмен берген. Сонымен қатар, К.Аханов, Ә.Керімов, А.Есенғұлов, Н.Сауранбаев, Н.Ысқақов сынды ғалымдар азды-көпті еңбек еткен.
Аталған ғалымдардың еңбектерінде күрделі сөздердің біріккен, кіріккен, қосарланған, тіркескен түрлері біршама зерттеу нысандарына арқау болған. Аталған ғалымдардың еңбектерін оқып, зерттей отырып қос сөздердің сөз- жасамдық сипатына байланысты пікірлерінің әр түрлілігін, тіпті қайшылыққа толы екендігін байқадық. Яғни қос сөздерге тән ерекшеліктер толық ашылды деуге болмайды. Қос сөздердің әлі де анықтайтын тұстары баршылық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет