Нормативтік сілтемелер



бет1/13
Дата06.06.2023
өлшемі136,82 Kb.
#99033
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Салиева Хамида Эркиновна


НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 209 Жарлығы.


Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы» 27 шілде 2007 ж. №319-III ҚРЗ. Астана. Ақорда.
Білім беру бойынша құжаттарды ресімдеу үлгілері: "Білім берудің барлық деңгейлеріндегі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
Халықаралық гуманитарлық техникалық университетінің Әдістемелік Кеңесімен бекітілген, 2021ж., «Магистратурада қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру мен өткізу ережесі».
7М01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша жоғарғы оқу орнынан кейінгі жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беруде магистрлік жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау. Орталық Азия инновациялық университеті, 2021ж.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2019.

АНЫҚТАМАЛАР
Инновация - (жаңалық жарату) - қазіргі ойлау үлгісі мен дәстүрлі таным ерекшелігіне ұқсамайтын жаңа ойлау жүйесін тауып шығару, кезектегі білім мен материалдық мүмкіндіктерді пайдалана отырып көнені өңдеу, бар нәрсені тіпті де жақсарту, кем нәрсені толықтыру, жаңа нәрсені тапқырлау, тың нәрсені байқау, жаңа зат, жаңа әдіс, жаңа жол, жаңа орта жаңалығымен өмірді жаңарту.
Рефлексия - (лат. reflexio - кейінге қаралу, назар аудару) - бұл дегеніміз субъектің өзіне және өзінің санасына назар аударуды, атап айтқанда, өзінің жеке белсенді өнімдеріне, және соның барлығына кішкене де болса қайта қарастыруды білдіреді.
Диалог - (гр. διάλογος) екі адамның кезектесіп сөйлесуі арқылы берілетін ауызекі тілдегі ерекше форма.
Интерактив – ағылшынның "өзара әрекет” деген сөзінен шыққан. Интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым–қатынасқа негізделе отырып, «жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын» қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады.
Иллюстрация – бұл бір нәрсені суреттейтін, түсіндіретін сурет. «Иллюстрация» сөзі латынның «ilustratio» («көрнекі сурет») сөзінен шыққан, әдетте мәтінді сүйемелдейтін немесе түсіндіретін кез келген сурет осылай аталады: бұл фотосурет, сызба немесе гравюра болуы мүмкін. Кең мағынада алғанда иллюстрация – ауызша ақпаратты мысалдармен түсіндіру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет