Нормативтік сілтемелер



бет3/20
Дата19.04.2023
өлшемі218,39 Kb.
#84376
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Зерттеудің өзектілігі: Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманында ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту ешқашан да өзектілігін жоймақ емес. Бұл дегеніміз бүгінгі білім беру кеңістігінің жаңаруы, жаңа тұрпатты мұғалім, білім берудің жаңа парадигмаларының берер нәтижелерінің жемісі болмақ.
Н.Ә.Назарбев "Қазақстан — 2030" Қазақстан халқына Жолдауында: «Бүгінгі мақсат — әрбір оқушыларға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау» деп атап көрсетсе, осы орайда білім мазмұнының жаңаруы, атап айтқанда оқытуда инновациялық технологияларды қолдану өз кезегінде жағымды нәтижелерін көрсетіп келеді. Өйткені, Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар, оқушыны оқу әрекетіне жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын оятады.
Білім мен ақпарат үстемдік құрған қоғамда Білім беру жүйесі инновациялық экономиканың негізгі бөлігі болып табылады. Қатаң талаптары қалыптасып келе жатқан инновациялық экономика қай салада болса да, бүгінгі маманның құзыреттілігін, яғни өз саласы бойынша ой-пікірінің қалыптасуын, кәсібилігін, өмірдің өзгермелі жағдайына бейімділігін, оған сай өз білімін пайдалану ғана емес, оны қажеттілікке қарай толықтырып отыруды талап етеді. Осындай қоғамда келешек ұрпақты қалай оқытқан тиімді? Бұл сұрақ әрбір педагогті толғандырары сөзсіз. Баланың білім алуына мұғалім маңызды роль атқарып келді. Дегенмен де, білім беруде балаға не білу керектігін түсінсек те оны қолдана алуды қалай үйрету керектігін білмей қиналып жүрген шақтарымыз болды. Заман ағымына ілесе алатын, мол ақпаратты меңгерте білетін әлеуметтік қарым қатынасқа түсе алатын оқушыларды даярлау ұшін мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін дамыту – басты міндет болып табылады. Яғни, ұстаз «үйретуші мен білім көзі» емес, «үйрену процесін ұйымдастырушы», «менеджер», «үйренуге жағдай жасаушы». Бұл ұстанымнан «Шәкірт өздігімен үйрену керек », -деген түсінік қалыптасады. Бұл дегеніміз Ұстаз еңбегінің маңызын төмендетпейді. Мұнда мәселе–ұстаз міндеттерінің түбегейлі өзгеруінде. Педагог –білім тасушыдан-Білім әлеміне жол көрсетушіге айналуы тиіс. Сонымен жаңаша білім беру жағдайында ұстаз қандай болуы тиіс:

  • педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген:

  • тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған

  • рухани дамыған

  • толысқан шығармашыл тұлға құзыреті

Ұстаздарға қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Осы айтылғандарды жинақтай келіп, ұстаз — рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық-әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құзыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани-адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға болу керек деп тұжырымдауға болады.
Оқытушының да, оқушының да жаңа заманда жаңа білімді еркін, толық меңгеріп, инновациялық технологияларды пайдалана отырып құзыреттілікті қалыптастыруды зерттеу – зерттеу жұмысымыздың өзектілігі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет