Нормативтік сілтемелер



бет17/24
Дата22.04.2023
өлшемі126,75 Kb.
#85617
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24
Байланысты:
Сұлтан Әсел Ерланқызы дайын

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорытындылай келе, сөздердi семантика-құрылымдық топтарға бөлудiң күрделi теориялық iлiм ретiнде қазақ тiл бiлiмiнде алғаш пайда болуынан бастап, оның даму жолы таразыланды. Ежелгi дәуiр лингвистикасында философиялық және филологиялық кезеңнiң болғандығы, дәуiрдiң көрнектi өкiлдерi сөздердi логикалық негiзде жiктеп, есiм, етiстiк, жалғауыш деп ажыратты. Филология деп алататын кезеңде Грамматистердiң Александриялық мектебi қалыптасып, грамматика iлiмiн дамытудың жоғарғы сатысына көтерушiлер – Аристрах, оның шәкiртi Дионсий Фракийский, Аполони Дискол болды.


Салыстырмалы-тарихи әдiспен тiл бiлiмiнiң қалыптасуының алғашқы басқышы болған ХІХ ғасыр лингвистикасы. Бұл дәуiр тiлдi – дамып, өзгерiп отыратын тарихи құбылыс деп танумен ерекшелендi. Бұл ғасыр лингвистикада бiрнеше ағымдар мен мектептер, сондай-ақ, салыстырмалы-тарихи әдiс негiзiнде жазылған еңбектердiң дүниеге келуiмен және «Жас грамматистер бағыты» деп аталатын көзқарастың қалыптасуымен ерекшелендi.
«Жас грамматистерге» қарсы күресте туып қалыптасқан лингвистика – ХХ ғасыр тiл бiлiмi. Бұл дәуiр лингвистикалық ой-пiкiрдiң дамуының жаңа кезеңi болып саналады.
Қазақ тiл бiлiмiндегi сөз таптастыру теориясының өткен жолын таразылаумен қатар бүгiнгi жайы да сөз етiле отырып, оның жетiстiгi мен кемшiлiк тұстары да айқындалды. Қазақ тiл бiлiмiнiң бүгiнгi жетiстiгi тұрғысынан сөз таптарының семантикалық, морфологиялық, синтаксистiк принциптерiне, сын тұрғысынан ойлауды қалыптастыруға анықтама берiлдi. Бұл принциптер әр ғалым еңбектерiнде әртүрлi дәрежеде негiзге алына отырып, сөздердi таптастырудың бiртiндеп даму сатысынан өткендiгi айқындалды.
Қазақстан - 2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады. Қазіргі таңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып отыр. Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, сын тұрғысынан ойлауды қалыптастыруды енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Білім беру тек қана оқытумен ғана шектелмей, оны керісінше, әлеуметтік адаптация процесіне бейімдеу қажет екендігі айқын. Функционалдық сауаттылықтың маңызын түсінген оқушы әрбір пәндегі берілген білімге қол жеткізудің бірден бір тиімді құралы ретінде қабылдауы тиіс.
«Қазақ тілі» пәні бастауыш мектепте гуманитарлық білім берудің бастапқы өзегі болып табылады: оқушылардың дүниетанымы мен ұлттық болмысын қалыптастыру үшін ана тілінің мүмкіндіктері мен сөз өнерінің әлеуеттерін терең меңгеруіне көмектеседі. «Қазақ тілі» пәні бастауыш сынып оқушыларының таным кеңістігін ана тілі арқылы кеңейте отырып, өз елінің тарихы мен рухани-мәдени мұраларын құрметтеуге, өз Отанын мақтан етіп, халқына қызмет етуге ынталандырады.
Теорияны зерттей келе, бастауыш сыныпта сөз таптарын сын тұрғысынан ойлау жобасының негізінде оқыту оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы ықпалы үлкен болады деген тұжырымға болжам жасаймын.
Қорыта айтқанда, сөз таптарын оқыту негізінде оқушыда сын тұрғысынан ойлауды қалыптастыру үшін, оқушы бойындағы құлшыныс, оқуға, білім алуға деген ұмтылыс ұдайы өшпей, күннен-күнге дами түсуі қажет. Сонда ғана оқушы бойында білім нұры тасып, сыныптан-сыныпқа көшкен сайын оқушының ішкі дүниесі, сыртқы ортамен байланысы дамып, дүниетанымы арта түсері анық. Ал, бұл жолда ұстаздар заманға сай білімін толықтырып, жетілдіріп, оқушының қызығушылығын арттыратын жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланып отыратын болса, ХХІ ғасырдың ақпараттанған, жан-жақты, мәдениетті, іскер, өмірге икемделген, бәсекеге қабілетті, дарынды шәкіртін дайындап шығары сөзсіз!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет