Грамматикалық-тілдік жаттығуларды орындау барысында оқушылар морфология бөлімі бойынша мынадай ізденімдік зерттеу міндеттерін шешеді: сөз таптарына байланысты тілдік өзгерістерді бақылайды; сөздердің тапқа бөліну қасиетін анықтау үшін тілдік бақылаулар жүргізеді; сөз таптарын құрайтын жекелеген сөздер мағынасының табиғатын тану мақсатында лексикалық талдау жасайды; сөздерге морфологиялық талдау жасайды.
Оқушыға ұсынылатын грамматикалық-тілдік жаттығулардың кейбір үлгілері:
1 - жаттығу. Төменде берілген сөздердің мағыналарын түсіндірмелі сөздік қолдана отырып анықта, дәптеріңе жаз. Үй, бала, ағаш, көше, білім, ұзын, үлкен, көк, жақсы, жүгір, отыр.
2 - жаттығу. 1-жаттығуда берілген сөздердің мағыналарына тағы бір назар салып, олардың ішінде өзара ортақ білгілері бар бар не жоқ екенін анықтаңдар.Егер бірнеше сөздің ортақ бір ұқсас мағынасы бар деп ойласаңдар, оларды топ-топқа бөліп дәптерге жазыңдар. Үй, бала, ағаш, көше, білім, ұзын, үлкен, көк, жақсы, жүгір, отыр.
Сөйлеу жаттығулары. Дамыта оқыту технологиясында оқушылар орындайтын сөйлеу жаттығулары көп. Оның кей түрлеріне тоқталайық:
1 - жаттығу. Кім шапшаң? Бірыңғай дауысты не дауыссыз дыбыстар әрбір мақал-мәтелдердің бірінші әрпі. Ойланып көр де, орнына қой. 1. Т...- қ... ө...; 2. А... с... – а…,к… с…- к… ; 3. А... с... а... ө... ;4.Б ...б... т...;
5. Б... е... а... е... е... қ...;
(Түсіндіру: С... с... ө..., т... е... ө...- Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді. )
2 - жаттығу. Берілген сөздердің синонимдерін тауып, олардың мағынасын анықтаңдар. 3- жаттығу. Жоғарыда берілген сөздердің мағынасына қарама-қарсы сөздер тауып, дәптеріңе жаз. Рефлексиялық жаттығулар. 1 - жаттығу. Төменде берілген сөйлемді қысқартып, басқа түрде құруға бола ма? Егер болатын болса қалай құрар едіңдер? Бала өз көзіне сенбестен жаңағы нәрсеге қарай берді, қарай берді. 2 - жаттығу. Берілген мәтінді оқып шығыңдар. Сөйлемдерде қай жерде шылау қажетті деп ойласаңдар, сол жерге қажетті шылау түрін қойып, дәптерге жазыңдар. 3 - жаттығу. Берілген мәтінді түзеңдер: оны қысқартып, қайталаулар мен бірдей сөз тіркестері мен синонимдерді алып тастаңдар.