Морфологиялық жаттығулардың мақсаты - ана тілінің морфологиялық құрылысын оқушыларға саналы түрде меңгерту. Мазмұны жағынан морфологиялық жаттығулар екі түрлі болады; 1) сөз тұлғасын оқу барысындағы жаттығулар, 2) сөз таптарын оқу барысындағы жаттығулар.
Сөз тұлғасын оқу барысындағы жаттығулардың сөздің морфологиялық құрамын, мағыналы бөлшектерін, морфемаларды саналы түрде меңгеріп алу үшін мәні зар. Сөздің морфологиялық құрамын талдау, көбінесе сол сөздің мәнін дұрыс ұғынып алуға жәрдем етеді, сөздің мағыналы әрбір элементі- түбір, жұрнақ, жалғау- бұлардың әрқайсысы өзінше сөзге мән береді, ал осы мәндердің жинағы бірігіп, сөздің жалпы мағнасын тудырады. Морфемаларды соның ішінде жұрнақты айыра білудің балалардың тілін жетілдіру үшін де зор мәні бар. Өйткені бұл жаңа сөздер жасауға және сол сөздерді орынды жерінде қолдана білуге мүмкіндік береді.
Сөз тұлғасына байланысты жүргізілетін жаттығуларға мынандай талаптар қойылады: 1) алдымен, мүмкіндігіне қарай, негізгі түбірлерді, онан әрі туынды түбірлерді, ең соңында түбірлес сөздерді талдайтындай жағдай жасалады, 2) белгілі бір сөздердің ішінен негізгі түбірді тапқызу үшін, сол негізгі түбірден жасалатын туынды сөздермен салыстыру жұмысы ескеріледі, 3) туынды сөздер мен негізгі түбірді ажырату барысында мағына жағына назар аударылады.
Сөз таптарын оқыту барысында жүргізілетін жаттығулар сөздерді белгілі бір топқа біріктіріп, жүйелеуге үйретеді, жаттығу жұмыстарының барысында оқушылар әрбір сөз табының қасиетін, ерекшеліктерін саналы түсінеді, септік, көптік, жіктік, тәуелдік жалғауларын меңгереді, оларды жазбаша, ауызша сөйлегенде дұрыс, орынды қолдана алады.
Сөз табы бойынша жүргізілетін жаттығулар:
1) мәтіннен керекті сөздерді тапқызу;
2) керекті сөздерді қосып, өздіктерінен сөйлемдер немесе әңгіме құрастыру;
3) сөздің мағынасын түсініп, сөйлемдегі қызметін байқату;
4) сөздердің лексикалық жағынан болсын, грамматикалық жағынан болсын, қалай өзгеретінін аңғарту;
5) мағына және тұлға жағынан қандай ұқсастық, айырмашылық барын салыстыру арқылы анықтау;
6) ұқсас сөздерді топтату;
7) байқаған құбылыстары жөнінде жеке-жеке қорытындылар шығару сияқты жұмыстарды қамтиды.
Еліміздің болашағы, көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы проблема - әлеуметтік педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан, білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге асыра алатын мұғалімдерді даярлау.
Оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салады.
Мұғалімнің оқыту әрекеті саналы болуы үшін ол педагогика ғылымының заңдылықтарын, тәрбие міндетінің қоғамның мақсаты мен талап – тілегінен туындайтын, теория мен тәжірибенің бірлігін, әрекет – дамытудың көзі екендігін, қарама – қайшылықсыз дамудың жоқтығын, оқытудың білімдік, дамытушылық, тәрбиелік сипатын, оқыту мазмұны мен жоспар бағдарларының оқу – тәрбие мақсатымен сәйкестігін, т.б нақты білуі керек. Бұл білімдер мұғалімнің педагогикалық процесте қателіксіз еңбек етуіне мүмкіндік жасайды.
Мұғалімнің оқыту әрекеті табысты болуы үшін ол терең білімдігімен қатар шекілмес шешендікпен, айшықты бейнелікпен, әсерлі сезімталдықпен, ұнамды дикция мен көркем әуезді дауыспен, қажетті сөздерді тауып, саралап сабақ түсіндіре білу сияқты педагогикалық қаруды игеруі абзал.
Мұғалім оқыту үрдісін тиімді өткізіп оқушылардың белсенділігін тудыру үшін сабаққа қойылатын төмендегі талаптарды ескереді:
а) дидактилық талаптың (сабақтың тақырыбы, мақсаты, мазмұнының бағдарламаға сайлығы, игерілетін іскерлік, дағдыларының айқындығы, қабылдауға әзірлеу, түсіну, ой елегінен өткізу);
ә) дамытушылық талаптың ( дамытушылық мақсатының айқындығы, танымдық қызығушылығының, бастамшылдығын, өздігінен іздену, білімін толықтыру ой еңбегінің мәдениеті мен іскерлік, дағдысын қалыптастыру, ақыл – ойын дамыту);
б) тәрбиелік талаптың ( тәрбиелік мақсатының нақтылығын, білім мазмұны арқылы көз қарасын, эстетикалық сезімі мен адамгершілік қасиеттерін, жүйелі еңбегін қалыптастыру, мамандығына сүйіспеншілігін арттыру т.б);
в) гигиеналық талаптың (сыныптың тазалығы, желдетілуі, оқу – құралдарының,тақтаның, бордың яғни сабақтың жабдықталуын, жарық мөлшерінің сақталуын, оқушылардың сыртқы көрінісі, көрнеі құралдарға , дәптерге, жазуға қойылытын талаптар) сақталуын ескеру
г) психологиялық талаптың ( білімге ынталандыру), танымдық белсенділігін арттыру, эмоциялық көңіл күйін тудыру, қабылдау, зейінін (ойлауын қамтамасыз ету) ескртілуі;
ғ) ұйымдастырушылық талаптың ескерілуі. Ол екі кезеңнен тұрады.
І кезеңі: сабаққа алдын ала дайындық. Күнтізбелік жоспар негізгі және қосымша әдебиеттерді, әдістемелік және көркем шығармалар педагогикалық басылымдармен жұмыс істеу.
ІІ кезеңі: пән бойынша тақырыптық сабақ жоспарының жасау. Онда сабақтың білімдік, дамытушылық, тәрбиелік мақсатын, оған сай нақты білім көлемін анықтау, әдіс – тәсілдерін таңдау сабақтың типін, құрылымын белгілеу, сабақ кезеңдерінің логикалық байланысын, өздігінен істейтін жұмыстарды, т.б. ескеру.
Әдістемелік талапқа аталған барлық талаптардың жиынтығы жатады. Мұғалім оқытудың әдіс – тәсілдерін біліп қана қоймай, тиімді пайдаланғанда ғана оқушылардың білімге құштарлығын тудырып, терең түсінігін қамтамасыз етеді. Оқыту әдісін таңдау үлкен шеберлікті керек етеді. Айталық, өткенді қайталау, қортындылау, жаңа байланыстыру, жадығатты бекітуге арналған жаттығулар мен педагогикалық есептер жүйесін ойластыру, уақытты дұрыс пайдалану, сабақта оқушылардың жұмыс түрлерін тыңдау, талдау, жазу, жаттығу, іздену жұмысын ұйымдастыру, сабақтың темпін, ритмін өзгертіп отыру мұғалімнің шеберлігі мен жұмыс стиліне ( педагогиялық ептілігі икемділігі, шамамен сезе білуі, әдептілігі, тапқырлығы, мәдениеттілігі, оқушының жеке басын сыйлауы, талап қоя білуі, жылы қарым – қатынасы) байланысты шешілетін маселелер.
Мұғалімнің сабаққа дайындығы шығармашылық сипатта болып жалаң сөздік әдістерінен арылуы, техникалық құралдарды басым пайдаланып, жаңашыл педагогтардың әдіс – тәсілдерін шығармашылықпен қолдануы - өмір талабы.
Мұғалім қолданған әр түрлі әдіс – тәсілмен, тынымсыз еңбектің арқасында баланың белсенділігі артып, дербестігі қалыптаса бастайды беделі артып, танымдық қызығушылығы бекиді.
Мұндай толық дербестікке жеткеннің өзінде де мұғалім әлі де болса оқушының танымдық қызығушылығын бағыттап отырады, себебі ол терең білімнің шешендіктің оқу әрекетін ұйымдастырудың үлгісі ретінде танылады.
Мұғалім мен оқушы бір – бірінің әрекеттерін толықтырып, байытып отырады. Оқушылардың белсенділігі мен дербестігіне сүйеніп, мұғалім олардың шығармашылық мүмкіндіктеріне сенім артады, нәтежесін болжайды. Оқушыда оқуға талпыныс күшейеді, белгілі бір стандартқа сүйенбей-ақ өз тәжірибесін енгізіп шешім табуға тырысады. Бұған, сөз жоқ оқу үрдісінде енгізілген әртүрлі әдіс - тәсілдер себебін тигізеді: еңбек, ойын, таным, көркемдік және қоғамдық іс - әрекеттер.
Оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс – тәсілдерді ғылыми негізінде меңгерту және терең білімді, ұлтжандылық ұрпақ тәрбиелеу мәселесін өз жұмысына арқау ету мұғалімнің мақсаты.
Жаңаша әдістерді жаңа педагогикалық технологияны ұтымды енгізу, оларды пайдаланудың жолдарын үйрету. Бүгінгі жаңа технология бойынша оқып үйрету, меңгеру, өмірге ендіру, дамыта оқыту.
Сабақта жаңаша үрдіспен өткізу оқушылардың білім сапасын арттырып қана қоймай, олардың шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамытып педагогтердің кәсіби шеберліктерінің өсуіне жәрдемдеседі.
Оқытудың басты міндеттері:
Баланың жеке басының алғашқы қалыптасуына қамтамасыз ету;
Қабілеттерін ашып, дамытып, оқуға деген ықыласын іскерлігін қалыптастыру;
Оқу, жазу, санау қарым – қатынасын ынтымақтастық тәжірибесінің берік дағдыларын меңгерту.
Оқытуға қойылатын талаптар:
Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай жеке мүмкіндіктеріне сәйкес оны тұлға ретінде біртұтас үйлесімді (білім мен тәрбие беру) түрде дамыту.
Осы іс - әрекеттердің негізінде компонеттерін меңгерту (оқу міндетін түсіну, оқу операцияларын орындау, өзін - өзі басқару, өзін - өзі бағалау, өзін -өзі бақылау, айналасындағылармен дұрыс қарым – қатынаста болу.)
Адам тұлғасына тән азаматтыққа рухани және адамгершілікке құндылықтарға танымдық іс - әрекетке өздігінен іс - әрекет жасауға, оқуға және тәрбиелеуге ұмтылу. Міне, осындай мақсат – міндетті қолдай отырып:
Баланың ойын, тілін, дыбыстық есту, көру кеңістігін, интеллекті мен қарым – қатынас дағдыларын яғни пәнді оқып үйренуге тілдік дайындығын дамыту.
Міне, осындай мақсат – міндетті қолдай отырып, жасөспірімдердің жан-жақты дамуына жағдай жасау жалпыдан жекеге қарай, яғни жеке тұлғаны дамытудың әдіс – тәсілдерін, жаңа білім беру жүйесінің технологиясын ізгілендіруді қажет етеді. Баланың жеке қасиетін ашу арқылы оның жан дүниесіне жылылық ұялату, танымдық қабілеттерін қалыптастыру білім мен біліктерін кеңейте отырып, тереңдетуге жағдай жасап, тұлға етіп тәрбиелеуді көздейді. Баланың біліп ұққанын тексеру оңай шару емес. Ол мұғалімнің жеке басының шығармашылық шеберлігіне байланысты. Сондықтан, мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік, міндет жүктеледі. Мұндай міндетті шешу мұғалімдерден мектептерге оқушылырға берілетін ғылым негіздерін олардың болашақ іс - әрекеттерінің берік негізі әдіс –тәсілдері болатындай етіп оқытудың, оқу тәрбие процесін, білім мазмұнын жаңарту мен қатар, оқытудың әдіс - тәсілдері мен әр алуан құралдардың тиімділігін арттыруды, оқытудың жаңа технологиясын меңгертуді, педагогикалық жаңалықтарды тәжірибеге енгізуді талап етеді.