Нормативтік сілтемелер


КІРІСПЕ Жұмыстың жалпы сипаттамасы



бет3/24
Дата22.04.2023
өлшемі126,75 Kb.
#85617
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы
Зерттеудің өзектілігі: Тәуелсіз елдің негізгі тірегі - білімді ұрпақ. Қазіргі таңда білімдінің алға түсіп, бәйгеден озып келетін заманы енді туды.
Дамудың негізі білім мен ғылымға келіп тірелері сөзсіз. Сондықтан да, әлемдегі дамыған елдер сияқты Тәуелсіз елімізде білім жүйесі сапасын жетілдіру ең негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі. Осыған орай, білім беру жүйесінде жастарға сапалы білім беріп, олардың үйлесімді дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуында ұстаздың кәсіби шеберлік көрсеткіштерінің бірі – сыни ойлау, ғылыми - теориялық, әдістемелік жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгерудің маңызы зор. Жаңа заман ұстаздары алдындағы міндет: Сыни тұрғыда ойлай білетін, ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес білімі терең, іскер және бәсекеге қабілетті, әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істей алатын құзырлы тұлғаны қалыптастыру.
Қазақ тіл білімінің бастан өткізген тарихи белестерін жан-жақты айқындап, бүгінгі жай-күйімен сабақтастығын ашып көрсету, сыни тұрғыдан оқыту негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Морфологияның өзекті мәселесінің бірі – тілдегі сөздерді түрлі семантика-құрылымдық топтарға жіктеу теориясында тіл білімі тарихын айқындауда өзіндік орны, салмағы бар мәселе екені анық. Бүгінгі таңда жекелеген тіл білімдерінде (қазақ тіл білімінде) сөз таптастыру межелеуіштерінің (критерий) жетекшілік мәні, өзіндік маңызды сипаттары толық айқындалды деп айта алмаймыз. Осы тұрғыдан бұл теориялық ілімнің проблема ретінде қазақ тіл білімінде алғаш қойылып, пайда болуынан бастап, оның қалыптасу, даму процессін жан-жақты зерделеудің, осы даму барысындағы әр бағыт, әр кезеңнің өзіндік жетістік, кемшілігін нақты талдаудың, сыни тұрғыдан ойлауды оқытудың қажеттілігі жұмыстың өзектілігін анықтады.
Зерттеудің мақсаты: Оқушыларды сөз таптарын жаңартылған білім мазмұны аясында сыни тұрғыда оқытуды негіздеу. Тіл біліміндегі әрбір теориялық ілімнің пайда болу, даму, қалыптасу жолдарын айқындау, осы арқылы дәстүр жалғастығын ашу, болашақ зерттеулерге бағыт-бағдар нұсқау, сыни ойлауды оқыту – маңызды іс болып табылады. Осы қағиданы меже ете отырып, жұмыста қазақ тіл біліміндегі сөз таптастыру теориясының пайда болу кезеңінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі даму тарихын, бүгінгі жайын саралауды, сөз таптарын сын тұрғысынан оқытуды басты мақсат етіп қойдық. Негізгі мақсаттан төмендегі міндеттер туындайды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет