Нормативтік сілтемелер



бет1/14
Дата18.05.2023
өлшемі139,94 Kb.
#94356
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 209 Жарлығы.


Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы» 27 шілде 2007 ж. №319-III ҚРЗ. Астана. Ақорда.
Білім беру бойынша құжаттарды ресімдеу үлгілері: "Білім берудің барлық деңгейлеріндегі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
Халықаралық гуманитарлық техникалық университетінің Әдістемелік Кеңесімен бекітілген, 2021ж., «Магистратурада қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру мен өткізу ережесі».
7М01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша жоғарғы оқу орнынан кейінгі жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беруде магистрлік жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау. Орталық Азия инновациялық университеті, 2021ж.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2019.

АНЫҚТАМАЛАР
Лексика (грек. лексикос — сөздік) — тілдегі сөздердің жиынтығы, сөздік құрам. Лексикаға тілдегі барлық сөздер кіреді.
Лингвистика – (глоттология, тіл білімі; лат. лінгұа – тіл) — әлем тілдерінің құрылымын, әлеуметтік қызметін, тарихи дамуын және оның жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы.
Метафора – (грек метапһора – ауыстыру) – троптың (құбылтудың) бір түрі. Құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы.
Инновация - (жаңалық жарату) - қазіргі ойлау үлгісі мен дәстүрлі таным ерекшелігіне ұқсамайтын жаңа ойлау жүйесін тауып шығару, кезектегі білім мен материалдық мүмкіндіктерді пайдалана отырып көнені өңдеу, бар нәрсені тіпті де жақсарту, кем нәрсені толықтыру, жаңа нәрсені тапқырлау, тың нәрсені байқау, жаңа зат, жаңа әдіс, жаңа жол, жаңа орта жаңалығымен өмірді жаңарту.
Рефлексия - (лат. reflexio - кейінге қаралу, назар аудару) - бұл дегеніміз субъектің өзіне және өзінің санасына назар аударуды, атап айтқанда, өзінің жеке белсенді өнімдеріне, және соның барлығына кішкене де болса қайта қарастыруды білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет