Нормативтік сілтемелер


Зерттеу жұмысының мақсаты



бет3/14
Дата18.05.2023
өлшемі139,94 Kb.
#94356
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Қазақ тілі сабақтары барысында оқушының таным процесін, атап айтқанда, шығармашылық ойын дамытудың жүйесін белгілеу, тіл дамыту мен ой дамытудың диалектикалық байланысын, ойлау тәсілдерін, ойлау формаларын қалыптастырудың тиімді әдістерін ұсыну, оқушылардың ақыл-ой қызметін дамытатын ғылыми-әдістемелік жүйе жасау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • қазақ тілі сабақтарында оқушының ойлау үдерісін дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздерін анықтау;

  • қазақ тілі сабақтарында баланың логикалық ойлауын қалыптастырудың ұтымды жолдарын айқындау;

  • сабақ барысында ойлау процесін дамытатын әдіс-тәсілдерді белгілеу және олардың қазақ тілін оқытудағы ұтымдылығын көрсету;

  • қазақ тілі сабақ барысында оқушының логикалық ойлауын дамытатын әдіс-тәсілдердің тиімділігін тәжірибе жүзінде дәлелдеу.

Зерттеу жұмысының әдістемелік негізі. Зерттеу жұмысын жазуда орта мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесі, оқыту процесінде логикалық ойларын дамыту жайлы, ғылыми-әдістемелік, философиялық, логикалық, педагогикалық және психологиялық әдебиеттер; оқулықтар және оқу құралдары, дамыта оқыту технологиялары жайында еңбектер негізге алынды.
Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмысын жазуда баяндау, талдау, салыстыру, сараптау, жинақтау, жүйелеу және қорыту әдістері қолданылады. Оқу үрдісінде қазақ тілі сабақтарында оқушының шығармашылық ойлауын дамыту мәселесіне арналған еңбектер салыстырылып, талдау әдісі арқылы зерделеніп, бір жүйеге түсірілді.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы.
Зерттеу жұмысында ұсынылып отырған әдістеме оқушылардың қазақ тілі сабақтарында ойлау процесін дамытуына игі ықпал етеді. Зерттеу жұмысы мектеп мұғалімдеріне және қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеушілерге көмекші құрал бола алады.
Жарияланымдар туралы мәліметтер: Зерттеу жұмысының негізгі қорытындылары, теориялық және практикалық нәтижелері халықаралық конференциялар мен ғылыми басылымдарда талқыланды. Зерттеу барысында 2 жұмыс жарияланды. Оның ішінде 1 мақала ҚР-да ұйымдастырылған халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарында, 1 мақала Республикалық әдістемелік журналда жарияланды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет