Нормативтік сілтемелер


Диалог - (гр. διάλογος) екі адамның кезектесіп сөйлесуі арқылы берілетін ауызекі тілдегі ерекше форма. Интерактив



бет2/14
Дата18.05.2023
өлшемі139,94 Kb.
#94356
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Диалог - (гр. διάλογος) екі адамның кезектесіп сөйлесуі арқылы берілетін ауызекі тілдегі ерекше форма.
Интерактив – ағылшынның "өзара әрекет” деген сөзінен шыққан. Интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым–қатынасқа негізделе отырып, «жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын» қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады.
Этнография – этнология (гр. etnos – тайпа, халық, grapho – жазу) – қоғамдық ғылымның тайпалар мен халықтарды зерттейтін саласы.
Иллюстрация – бұл бір нәрсені суреттейтін, түсіндіретін сурет. «Иллюстрация» сөзі латынның «ilustratio» («көрнекі сурет») сөзінен шыққан, әдетте мәтінді сүйемелдейтін немесе түсіндіретін кез келген сурет осылай аталады: бұл фотосурет, сызба немесе гравюра болуы мүмкін. Кең мағынада алғанда иллюстрация – ауызша ақпаратты мысалдармен түсіндіру.


БЕЛГІЛЕНУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ҚР –Қазақстан Республикасы
КСРО –Кеңестік социалисттік Республикалар Одағы
ҚР БМ МЖБС ̶ Қазақстан республикасы Білім Министрлігі Мемлекеттік
Жалпы Білім беру стандарты
ЖОО –Жоғары оқу орындары
БАҚ – Бұқаралық ақпарат құралдары
ҚР БжҒМ нормативті-құқықтық құжаттары ̶ Қазақстан Республикасы
Білім және Ғылым министрлігінің нормативті-құқықтық құжаттары
АКТ ̶ Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар

КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы
Зерттеудің өзектілігі: Кез-келген қоғам қашан да дарынды, қабілетті, шығармашыл адамдарға мұқтаж болып келген. Бүгінгі қоғам барған сайын күрделене түсуде. Сол қоғамға сай өзгеше қабілет-қасиетке ие жаңа ақыл иесі қандай болмақ? Қазіргі кездегі мамандық атаулының барлығы білімділікті, ептілікті, ерекше ой қызметін, мол шығармашылық мүмкіндікті, өзін қоршаған түрлі жағдайларға тез бейімделіп қана қоймай, оларды керекті бағытына шығармашылықпен бұра білу қабілеттілігін қажет етеді, міне, сондықтан халыққа білім беру саласындағы басты мақсат: ақыл-ойы жетілген, жасампаздықпен еңбек етуге қабілетті, өз тағдырын өзі шеше алатын, өз бетінше білімін толықтырып, өздігінен кәсіби шеберлігін арттыру мүмкіндігі бар жеке тұлға тәрбиелеу.
Мектепте балаға білім беру мәселесі теориялық ғалымдар жетістігіне сүйенгенде ғана нәтиже болмақ. Сондықтан дамыта оқыту әдістеме негіздері: лингвистика, педагогика, логика және психология болып табылады. Өкінішке орай мектептер білім беру жүйесі күні бүгінге дейін теориялық білімдердің соңғы нәтижелері негіздей жүргізу өз деңгейінде емес. Әсіресе, қазақ тілін оқыту әдістемесі психология мен логикадан оқшау қалды десек қателеспейміз. Олай дейтініміз, тіл материалдарын меңгертуде психологиялық тұрғыдан зерттеу жоқтың қасы. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалаған ғалым А.Байтұрсыновтың: «Психология әдістеме ғылымынсыз-ақ өмір сүріп, дами береді, ал әдістеме ғылымы психологиясыз күнелте алмайды және дами да алмайды. Толыққанды ғылыми пән болу үшін әдістеме ғылымы психологиялық негізде құрылуы тиіс», – деген тұжырымын ескере бермейміз.
Ана тілін оқыту әдістемесі тіл білімі мен психологияның теориялық қағидаларының соңғы жетістіктеріне табиғи байланысы негізінде, атап айтқанда, оқушыларды не үшін оқытамыз, нені оқытамыз, қалай оқытамыз, ненің көмегімен оқытамыз деген мәселелері зерттейді.
Жалпы білім беретін орта мектептерде қазақ тілін таным процестерін дамыту арқылы оқытып, оқушылардың шығармашылық ойларын қалыптастыру – бүгінгі өмір талабына сай азамат тәрбиелеудің негізгі жолдарының бірі. Себебі, оқыту процесінде ойлау процесін дамыту жолдары оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады, ақыл есінің дамуына жағдай жасайды. Сондықтан қазақ тілі сабақтарында оқушының таным процестерін дамыту мемлекет тарапынан білім беру мекемелеріне қосылған талаптардың іске асуына игі әсерін тигізеді. Сондықтан қазақ тілі сабақтарында оқушының шығармашылық ойлау әрекетін дамытудың тиімді тұстарын айқындап, ұтымды әдіс-тәсілдерді іріктеудің маңызы зор. Мұның барлығы тақырыптың өзектілігін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет