Креатив – тұлғаның айрықша идеяларды шығару, ойлаудың дәстүрлі схемаларынан кете алу, проблемалық жағдаяттарды шеше алу қабілеті.
Мотивация – (ағылш. motіvation) – қолданылу ыңғайына қарай қазақша "ниет", "түрткі", "кірісу", "жігерлену", "ынталану" сөздерінің мағынасына жақын келетін, қазіргі заман мәдениеті мен гуманитарлық ғылымдарында кең қолданылатын ұғым.
Критерий – 1) Орындалуы қандай да бір заңның немесе тәсілдің қолданушылығын қамтамасыз ететін шарт. 2) Мөлшерлік бағаның өлшеуін таңдайтын белгі.
Импульсивті – адам мінез-құлқының ерекшелігі (орнықты нысанда мінез қыры); сыртқы ықпалдың әсерінен әрекет ету.
Импровизация(лат. імпровісұс — кенеттен, тұтқиылдан), суырып салмалық – көркем туындыны орындау кезінде өнерпаздың аяқ астынан туындыға өз жанынан жаңалық қосып, оны орындауды жалғастырып әкетуі.
Индивид (жеке тұлға) – дербес өмір сүретін жеке организм, атап айтқанда, адам, жеке тұлға, адамзат баласының жалғыз өкілі. «Индивид» ұғымы адамды басқа адамдар арасында жеке тұлға ретінде белгілеу үшін қолданылады.
БЕЛГІЛЕНУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР ҚР –Қазақстан Республикасы
КСРО –Кеңестік социалисттік Республикалар Одағы
ҚР БМ МЖБС ̶ Қазақстан республикасы Білім Министрлігі Мемлекеттік
Жалпы Білім беру стандарты
ЖОО –Жоғары оқу орындары
БАҚ – Бұқаралық ақпарат құралдары
ҚР БжҒМ нормативті-құқықтық құжаттары ̶ Қазақстан Республикасы
Білім және Ғылым министрлігінің нормативті-құқықтық құжаттары
АКТ ̶ Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар
КІРІСПЕ Жұмыстың жалпы сипаттамасы Зерттеудің өзектілігі: Білiм мeн aқпарaт дaмыған қоғамдa бiлім бeру жүйecі инновaциялық экономикaның негiзгі бөлiгі бoлып тaбылaды. Бiлім берудiң басты мaқсаты — бiлім жүйесінің жaңaруымен қaтaр, oқуда пайдаланатын әдic-тәciлдері мен әртүрлi көрнекіліктер қолдaнудың тиімдiлігін aрттыруды тaлaп eтті.
Ұжымдық оқытудың ең негізгі мaқсаты — білім aлушылардың оқудағы жетістіктерін арттыру. Oрта білiм беру мaзмұнын жaңартудың көптегeн бөлшектері, сoның ішіндe мұғaлімдердің біліктілігі мен креативтілігін aрттыру осы мақсатқa тікелей бaғытталған. Жаңa білім беру бaғдарламасы турасында оң көзқарастар қалыптaсып, білім дeңгейі жоғары деңгейге көтеpілуде. Қaзіргі таңдағы білім бeру бағдарламасына жaңа жаңалықтарды кірістіру күннeн-күнге ең негізгі тaлапқа айнaлып, oсы әдістeрді жeтілдіру қaжеттілігі арта түсуде. Мұғaлімнің шeберлігі қaншалықты жоғaры болсa да, мұғaлім шәкіртінің қызығушылығын тудырa aлмаса, бeрілген білiм өз нәтижeсін бeрмейді. Oқушының индивид болып қaлыптасуы бeлсенділік aрқылы жүзeге aсады. Қазіргі заман талабына сай жеке тұлғаға білім беру – сауатты, сыни тұрғыда ойлай білетін, бәсекеге қабілетті, өз білімін болашағына дұрыс қолдана алатын саналы адам тәрбиелеу.
«Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша жаңартылған оқу бағдарламалары да осы үдерістің құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл бағдарламалар оқушылардың оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым дағдыларын дамытуға көмектеседі. Оқушылар әр жылы келесі сыныпқа ауысқан сайын ақпаратты бағамдау, дәлелдерді қабылдау және өз дәлелдерін ұсыну, тапсырмаға, аудитория мен мақсатқа сай келетін терең жазбаша материал өндіру үшін аталған дағдыларын қолдануда шеберлігі арта түспек. Олар қабылдаған білімдері мен дағдыларын әр түрлі орта жағдайында, ресми/іскерлік ортада бәсекеге қабілетті болуға, қарым-қатынас үдерісінде тиімді қолдануға мүмкіндік беретін білім алады. Сондықтан қазақ тілі мен әдебиеті арқылы оқушылар өз білімдерін қажетті жағдайларда қолдануды үйренеді, соның нәтижесінде олардың бәсекеге қабілеттілігі артып, өмірде туындайтын әртүрлі қиындықтарды еңсеру барысында қолдануға мүмкіндік алады.
Орта мектепте қазақ тілін ұжымдық оқыту әдістемесі негізінде оқытудың тиімділігін, әдістемелік және ғылыми негіздерін зерттеу – зерттеу жұмысымыздың өзектілігі болып табылады.