Этиология(грек. аітіа – себеп және логос – ілім) – аурудың пайда болу себептері мен оған қолайлы жағдайларды зерттейтін ілім.
Идеология (гр. идса – ой, пікір, идея + логос – сөз) – ілім, қоғамдық сана. Идеолог – таптың немесе қоғамдық топтастықтың ойын білдіруші, идеялық мүддесін қорғаушы деген түсінік.
Антология(гр. антһологіа – гүл шоғы) – таңдамалы шығармалар, ақындардың таңдамалы өлеңдерінің жинағы.
Гипербола — күшейту деген мағынаны білдіреді. Гипербола қиял бейнелерін жасауға қатысатын әдістердің бірі. Гипербола деп нәрсенің жеке сипаттары, белгілері үлкейтіліп көрсетілуін айтады.
Генетика — бүкіл тірі ағзаларға тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы. Ағзалардың тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі туралы ғылымды генетика деп атайды (грекше “генетікос” — шығу тегіне тән).
БЕЛГІЛЕНУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ҚР –Қазақстан Республикасы
КСРО –Кеңестік социалисттік Республикалар Одағы
ҚР БМ МЖБС ̶ Қазақстан республикасы Білім Министрлігі Мемлекеттік
Жалпы Білім беру стандарты
ЖОО –Жоғары оқу орындары
БАҚ – Бұқаралық ақпарат құралдары
ҚР БжҒМ нормативті-құқықтық құжаттары ̶ Қазақстан Республикасы
Білім және Ғылым министрлігінің нормативті-құқықтық құжаттары
АКТ ̶ ақпараттық-коммуникативтік технологиялар
КІРІСПЕ Жұмыстың жалпы сипаттамасы Зерттеудің өзектілігі: Сыншы жауапкершілігі хақында ой толғаған бір мақаласында Серік Қирабаевтың былай деп жазғаны бар:
«Қөркем әдебиет табиғатын таныр сезімталдық сыншы үшін жеткіліксіз. Оның үстіне, ол жазушы қаламынан туған образдарды өмір құбылыстарымен салыстыра алатын, көркемдік бейнелеудің сырларын түсінетін әдеби білімдар адам болуға тиіс. Сыншы жазушыдан сәл де болса ілгері отыруы қажет.) Өйткені сыншы, белгілі дәрежеде, қалың оқырманның эстетикалық үғымдарын қалыптастырушы, оның тәрбиешісі. Жазушыға ақыл-кеңес беріп, шығармалары жайлы пікір айтып отыратын қаламдас дос».
Әдемі айтылған сөз. Және бұл — сыншы ретінде ең алдымен өзіне қойған биік талабы.
Сыншы парызы тек сынау емес. Жазушының кітабын қолына алғанда, ол оны, бір нәр іздеп, игі үмітпен оқымағы анық. Шығармадан тек жақсыны дәметіп, алдымен шұғылаға көзі түспек. Шын өнерді көргенде жаны сүй-сініп қуанбақ. Кейде оның қолына нәрсіз кітап та түсіп қалар. Сонда да шығармадағы жарық көмескі тартып, алыстан өлеусірей жылтыраған шырақтай әзер-әзер көрініп тұрса да„ оның көзі әуелі сол сәулені байқамақ. Қалтыраған әлсіз шырақтан, кейін өрши жанып, жарығы молаятындай белгі көріне ме? Әлде бар куаты осы ғана ма? Сыншы абайлап қарамақ.
Абырой-атақ қамы үшін емес, алдымен туған әдебиет мүддесін ойлаған, көркемөнерге шын жаны ашыған сыншыға осы қасиеттер тән болмақ керек.
Қазіргі қазақ әдебиет сыны мен әдебиет зерттеу ғылымының көрнекті ірі өкілі Серік Қирабаевтың бүкіл жазған әдеби еңбектерінен біз осы талап үдесінде белсенді қызмет атқарып келе жатқан кең тынысты қаламгер тұлғасын көреміз.
Әр дәуір әдебиетте өз тынысын, өз суретін қалды-рады. Өз заманының шындығын шығармасына арқау ете алмаған қаламгер тарих үшін де татымды нәрсе жасай алмайды, өз замандастарына да қадірлі бола алмайды». Міне, сыншының өз өлшемі. Бұл жерде көркем шы-ғарманың қоғамдық мәні жоғары болуы айрықша айтылып отыр. Ол сапа| шығарманың шындыққа қатысынан танылмақ. Және одан жазушының өмір тану дәрежесі мен позициясы да көрінбек. Сыншы сондықтан да көркем шығармада шындықтың дұрыс бейнелеуі мәселесін әр-дайым партиялық принцип талабымен ұштастырады. Сонымен қатар, шығарманың қоғамдық маңызын оның көркемдік сапасының биік дәрежеде болуына нық байланыстырып айқындайды. Серіктің әдеби-сын еңбектерінде қаламгер табысына баға берілгенде, ұлттық әдебиетіміздің даму ерекшеліктері мен жетістіктері көрсетілгенде, әдеби өсудің айғағы боларлық туындының мазмүн тереңдігі мен көркемдік биіктігі тығыз бірлікте алынып сипатталады.
Серіктің сын-зерттеу еңбектерінің дені қазақ әдебиеті мәселелеріне арналған Сыншының бұл еңбектерінде ұлттық әдебиетіміздің іргетасы қаланған алғашқы жасаң дәуірінен бастап, бүгінгі биіктеп ескен шағына дейінгі өсу кезеңдерінің сан-сала жайына қатысты келелі пікір өрбиді. С.Қирабаевтың шығармашылығына жасалған алғашқы қадам болса да, соншама ауқымды тың мәселелерді көтеруі тақырыптың актуальдылығын тағы бір атап көрсеткендей.