Нормативтік сілтемелер



бет3/15
Дата02.06.2023
өлшемі229,61 Kb.
#98221
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Отыншы Айкүміс Нұрланқызы

Зерттеудің мақсаты: Зерттеу жұмысының мақсаты- жазушы С. Қирабаев шығармашылығының көркемдік ізденіс қырларын ашып көрсетіп, идеялық- көркемдік тұрғыдан саралау.
Зерттеудің міндеттері:

  1. С.Қирабаевтың шығармашылығына шолу;

  2. Әдебиеттанушы ғалым С.Қирабаевтың сын әлеміндегі еңбектерін саралау;

  3. С.Қирабаевтың әдебиеттану ғылымының қалыптасуындағы орнын анықтау;

  4. Жазушы стилінің қалыптасуына әсер еткен әдеби заңдылықтарды анықтау.

Ғылыми жаңалығы: С. Қирабаевтың сыршыл сынының ерекшелігі, оның әділ сын айтуында.
С. Қирабаевтың сыни еңбектерін талдаған бұл жұмыстың сыншы тарапына айтылған пікірлерді жинақтап саралау, оның бағалы тұстарына баса назар аударылады. Қазақ әдебиеттану ғылымында әдебиет сыны саласына, оның ішінде С. Қирабаев шығармашылығын зерделеу, оны жақын тану – жұмыстың негізгі жаңалығы болып танылады.
С. Қирабаевтың сын-зерттеулерінде қазақ әдебиетінің мәселелері ұлттық әдебиет ауқымындағы айғақтармен ғана шектелмей, Бүкілодақтық әдебиет мысалдарына байланысты алынып тексеріледі. Зерттеуші салыстыру әдісін, жетістікті сипаттау үшін ғана емес, кемшіліктің сырын ашу үшін де ұтымды қолданып отырады.
Тақырыптың зерттелу тарихы: С.Қирабаевтың шығармашылық еңбек жолы, әдеби-сыни еңбектері жайлы кандидаттық зерттеу еңбектері бар, жалпы әр жылдары шыққан мерейтойлық мақалалар бар. Әсіресе, Ж.Ысмағұловтың «Әдебиет ғылымының ақсақалы»атты мақаласының шоқтығы биік тұр.
Диссертацияның теориялық-әдістемелік негізі: Диссертацияның теориялық- әдістемелік негізін Т.Әлімқұлов, Ә.Оспанұлы, Р.Сыздықова, З.Серікқалиев, А.Ісімақова сынды авторлардың еңбектеріндегі ғылыми тұжырымдар құрайды. Сонымен бірге зерттеу жұмысы барысында В.Шукшин, Д.Исабеков, Г.Орда, А.Қалшабеков сынды авторлардың еңбектеріндегі теориялық тұжырымдар басшылыққа алынды.
Зерттеу әдісі. Зерттеу жұмысында негізінен жүйелі – комплексті, обьективті- аналитикалық әдіс-тәсілдер басшылыққа алынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет