Нотариат (пəннің атауы) ПƏннің ОҚУ-Əдістемелік кешені


Дəріс №18. Ортақ бірлескен мүліктегі үлеске меншік құқығы туралы куəліктер беру



Pdf көрінісі
бет28/44
Дата13.02.2023
өлшемі448,1 Kb.
#67504
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   44
Байланысты:
Нотариат-

 
Дəріс №18. Ортақ бірлескен мүліктегі үлеске меншік құқығы туралы куəліктер беру. 
Мүлікті иеліктен алуға тыйым салу мен оны алып тастау. 
Ортақ бірлескен мүіктегі үлеске меншік құқығы туралы куəлік беру. Көзі тірі 
жұбайының өтінішімен ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі үлеске меншік құқығы 
туралы куəлік беру. Мүлікті иеліктен алуға тыйым салу жəне оны алып тастау. 


Нотариус бiрлескен меншiк құқығындағы мүлкi бар адамдардың бiрлескен 
жазбаша өтiнiшi бойынша ортақ мүлiктегi үлесiн алуға тiлек бiлдiрген адамға немесе 
адамдарға осындай үлеске меншiк құқығы туралы куəлiк бередi. Ортақ меншiктегi үлеске 
меншiк құқығы туралы куəлiк осы мүлiк орналасқан жерде берiледi. 
Ерлi-зайыптылардың бiрi қайтыс болған жағдайда, нотариус мұра ашылған жерде көзi тiрi 
жұбайының жазбаша өтiнiшi бойынша мұраны қабылдаған мұрагерлердi хабардар ете 
отырып, ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiндегi үлеске меншiк құқығы туралы куəлiк 
бередi. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiндегi үлеске меншiк құқығы туралы куəлiк көзi 
тiрi жұбайына олардың некеде тұрған кезiнде жинаған ортақ мүлкiнiң жартысына, егер 
неке келiсiм-шартында өзгеше белгiленбесе, берiлуi мүмкiн. Ерлi-зайыптылардың ортақ 
мүлкiндегi өлген жұбайының үлесiне меншiк құқығы туралы куəлiк өлген жұбайдың 
мұрагерлерiне олардың өтiнiшi бойынша берiлуi мүмкiн.
Құрылысқа, күрделi жөндеуге, үй, пəтер сатып алуға немесе басқа да 
жылжымайтын жəне жылжымалы мүлiктi сатып алу үшiн қарыз беру туралы банк 
мекемелерiнiң немесе заңды тұлғаның хабарламасы бойынша, сондай-ақ кепiл беру 
туралы шартты ресiмдеу кезiнде, осы айтылған жылжымалы жəне жылжымайтын мүлiк 
тұрған жердегi нотариус бұл мүлiктi иелiктен айыруға тыйым салады. Мүлiктi иелiктен 
алуға тыйым салынғандығы туралы нотариус жазбаша түрде жылжымалы жəне 
жылжымайтын мүлiктi тiркеу органдарына хабарлайды. Алынған қарыздың қайтарылғаны 
немесе кепiл туралы шарттың тоқтатылғаны туралы банк мекемесiнен немесе заңды 
тұлғадан хабар алғаннан кейiн нотариус иелiктен айыруға тыйым салуды тоқтатады, бұл 
туралы жазбаша түрде жылжымалы жəне жылжымайтын мүлiктi тiркеу органдарына 
хабарлайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет