«Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз!» атты мерекелік кеш Мақсаты



бет2/6
Дата05.04.2023
өлшемі31,03 Kb.
#79500
1   2   3   4   5   6
2-жүргізуші Алина: Армысыздар аяулы тәрбиешілер!
3-жүргізуші Райымбек: Ардақты ата-аналар мен оқушылар!
4-жүргізуші Мадина: 1-сынып оқушыларының «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз!» атты мерекелік кешімізге
Хормен: Қош келдіңіздер!
1-жүргізуші Арман:
Уа, халайық, халайық
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке бұл тойдың
Шашуларын шашайық.
Тәрбиеші:
Наурыз келсе
Құт келгені, халайық!
Есік ашып, шашу шашып
Ел боп қарсы алайық.
Қашанда құт-береке арнасын деп
Тойларда шашу шашу – салты елімнің.
Уа, халайық теріп ал несібеңді
Қабыл қылсын халқымның ақ тілегін.,
2-жүргізуші Алина:
Жарқыраған жас нұрлы,
Жаса, Наурыз дәстүрлі.
Бақытыма шалқыдым,
Ашылады нұрымыз
Осынау байтақ елімде
Айтылады жырымыз – дей келе, алдарыңызда Тұрғанбекова Сымбаттың орындауында «Көктем» әні.
Ән: «Көктем» Тұрғанбекова Сымбат.
3-жүргізуші Райымбек:
Малдар төлдеп, қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған.
Жаңа жылдың сипаты
Молшылыққа аңыз боп
Басталыпты Наурыздан.
Ендеше Наурыз аруымызды қарсы алайық.
Наурыз ару (Меруерт):
Наурыз қызбын,
Нөкерлерім қасымда.
Ұлыс күнге
Жеттім міне, асыға.
Келген жылым,
Жақсылыққа басташы.
Қуанышпен әр үйдің
Босағасын атташы.
Келген жылым
Шуағыңмен, тасып өт.
Адамдарды бір-біріне ғашық ет.
Келген жылым,
Болсын дәйім бақытты.
Тыңдаңыздар енді халқым
Жыл иесі мешінді.
Мешін жылы (Досымхан): Армысыздар құрметті тәрбиешілер, оқушылар және мерекенің қонақтары! Мені осыншалықты қуанышпен қарсы алғандарыңызға көп алғысымды білдіремін. Наурыз мерекесі құтты болсын. Менің жылымда және өмірде әрдайым денсаулықтарыңыз мықты, жастарыңыз ұзақ болсын. Еңбекте жемісті, оқуда озат болуды тілеймін.
4-жүргізуші Мадина:
Қош келдің, мешін жылы
Біз сені көптен күттік.
Келгеніңе қуаныштымыз
Кел қонағымыз бол, төрлет.
Наурыз ару босқа тұрма түрегеп
Мерекені тамашала көңілмен.
Келесі тамашалайтындарыңыз Би «Қамажай» Орындайтындар: 1-топ қыздары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет