«Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз!» атты мерекелік кеш Мақсаты



бет4/6
Дата05.04.2023
өлшемі31,03 Kb.
#79500
1   2   3   4   5   6
Савердин: Үнді елі: Үндістанда жаңа жыл бір жылда он рет тойлап өткізіледі. Оңтүстік Үндістанда бұл той түрі наурыз айында басталады, үйлер өрілген гүлдермен айшықталады.
3-жүргізуші Райымбек:
Жүріңдер Наурыз тойға басып аяқ
Қалыс адам қалмасын некен – саяқ.
Ән шырқап, би билейік, қауым болып,
Тұрмайтын уақыт келді өнерді аяп.
Хор: «Наурыз көктем». Орындайтындар: 1-топ оқушылары.


4-жүргізуші Мадина:
Біздің тәуелсіз Қазақ елі көп ұлтты мемлекет. Оның дәлелін қазір көресіздер. Қарсы алыңыздар.
Малика (Узбек): Bairamlaringiz bilan tabriklaiman.
Дидар, Мұхаметжан (Грузин): Happy Holidays
Адия (Индия): Haippee chhuttiyan(хәппи шхуттиян)
Нурсултан, Алима (Қытай): Jieri kuaile (жиери куайлө)


Би: «Өзбекше» Болат Малика
Би: «Лезгинка» Ерқанатұлы Дидар, Марат Мұхаметжан
Би: «Үнді биі» Манабасова Адия
Би: «Қытай биі» Лю Дэ Дао, Алиханова Алима


1-жүргізуші Арман:
Наурыз тойы тамаша,
Наурыз тойы жаңаша.
Табиғат та тамаша,
Тамылжып тұр жараса.
Наурыз тойы салтанат,
Наурыз тойы мархабат.
Әр жүректен ән тарап
Шаттанады шартарап. Келесі кезекте 1-топ оқушыларының әдеби монтажы.
Бейбарыс:
Наурыз – шыр айналған жылдың басы,
Адамның өлшенеді өмір жасы.
Қазақтың пейіліне жарасады,
Әр үйде дастарханға толған асы.
Алина:
Мы здесь собрались,
Чтоб встретить праздник – Наурыз!
Улыбки, шутки, звонкий смех,
Пусть радует сегодня всех.
Играй, баян, звени, домбра:
Желаю счастья и добра,
Здоровья и терпения,
Отличного настроения,
Чтобы мечты у всех сбылись
Здравствуй, праздник Наурыз!
Е.Медина:
Наурыз қайтып оралады, аты да аңыз,
Сұрамаймыз алғыста, ақы да біз.
Кең дастархан, даламның, сахнамыз,
Ұлы мейрам – Наурызға шақырамыз.
Бексұлтан:
Ұлыс күні кәрі жас
Құшақтасып көріскен
Жаңа ағытқан қозыдай
Жамырасып өріскен.
Сіздердің әділ істеріңіз
Ғасырлар бойы тынбайды.
Аңыз, дастан жырлардан,
Жастар оқып тынбайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет