Нұр-сұлтан қаласы әкімідігінің «білім беруді жаңҒырту орталығЫ» мкқк білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі



Pdf көрінісі
бет21/37
Дата16.01.2023
өлшемі1,56 Mb.
#61537
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   37
Байланысты:
ББЖМ-2022 жинағы (1)

 
 


ІІІ нұсқа 
 
Оқу сауаттылығы 
Нұсқаулық: 
Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз

Халық арасында «Отан отбасынан басталады» деген қағидаға 
айналған сөз бар. Отбасы − кез келген адам өмірінің ең маңызды бір бөлігі. 
Отбасы − белгілі бір әлеуметтік институт. Тәрбиенің негізі жанұядан бастау 
алатындықтан, оған немқұрайлылық таныту мүмкін емес.
Қазақта «Ұяда не көрсең ұшқанда, соны ілерсің», «Ата көрген оқ 
жонар, Шеше көрген тон пішер», «Кішіге - ізет, үлкенге - құрмет», «Әкеге 
қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деген көптеген өлшемдер бар. Осы 
өлшемдерге қарайтын болсақ, бар мәселе отбасынан басталатынын ұғуға 
болады. Ұлт болашағында отбасы ең басты тұғырды иеленеді. 
Отбасылық құндылықтардың мәуелі бәйтерегі − ана. Ана өз ұрпағына 
дұрыс жолды меңзеп, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге, рухани бай 
болуға, халық үшін жанын пида етуге септігін тигізеді. Ананы әр үйдің 
шамшырағы, жанған бағы, құндылықтардың негізін салушы деуге болады. 
Бойларымызға 
жақсылықты 
дарытқан, 
мардымды 
істер 
жасауға 
дағдыландырған барша аналарға мың алғыс!
Шаңырақ құндылықтарының екінші бір сатысы жақындарымен 
жалғасын табады. Мәселен, жанұядағы ата мен әженің рөлі де - айрықша. 
Олардың дүниеге деген көзқарастары мен өзіндік талғамдары жасы кіші 
балаға өнеге болары анық. Кішкентай кезінен атасының не болмаса әжесінің 
айтқандарына құлақ түретін ұрпақ болса, оның арты тек жақсылыққа әкеледі. 
Тәлім-тәрбиенің негізі ата-анадан кейін қастарындағы жақын адамдардан 
үлгі алу арқылы қалыптасады, өзіндік жеке ұстанымдарды дамытуға септігін 
тигізеді. Сол бір сәтте баланың жанына демеу бола тұрып, оған тәрбиенің 
дұрыс берілуін қадағалау маңызды рөл атқарады. Ұлы Абай атамыз былай 
деген екен: «Балаға көбіне үш алуан түрлі мінез жұғады: біріншісі − ата-
анадан, екіншісі − ұстаздан, үшіншісі − құрбысынан». Қаншалықты 
шаршап-шалдығып жүрсе де, ата-ана бала тәрбиесіне мән берулері тиіс. 
Ұрпақтар сабақтастығы тек осылайша жалғасын таппақ. 
Тәуелсіздік алған кезде отбасы құндылықтарын нығайту жөнінде 
бірқатар шаруалар атқарылған еді. Ана мен баланы қолдау бойынша 
бағдарламалық құжаттар мен гендерлік теңдікті сақтау стратегиясы 
қабылданып, мемлекеттік деңгейдегі отбасылық саясатта тұтастай жүйе 
қалыптасты. Сонымен қатар, көп балалы отбасыларды әлеуметтік қорғау 
бағытындағы мемлекеттік жәрдемақы түрлерінің әр жыл сайын артып, 
көптараптанып келе жатқанын аңғару қиынға соқпайды. Осындай 
мақсаттарға арналып, 2017 жылғы республикалық бюджет қорынан 149,7 
млрд теңге қаржы қарастырылған, әрі он жыл сайын кемінде 15%-ға артып 
келе жатқаны жасырын емес. Әр жылы тұрақты түрде өткізіліп тұратын 


«Мерейлі Отбасы» байқауында еліміздегі ең үлгілі саналатын отбасылардың 
тағылымға толы өмірлері насихатталып, түрлі айтулы марапатқа ие болуы да 
елімізде дәстүрге айналып кетті. Әлбетте, отбасылық саясаттан бөлек
отбасылық құндылықтарды да ұмытуға болмайды. Ол халқымыздың 
тарихымен бірге сабақтасып келе жатқан отбасылық дәстүрлер, этикасы мен 
мәдениеті болып табылады.
Отбасы құндылықтарына негізделген салт-дәстүрлерді ұлықтау − әр 
шаңырақтың өзіндік міндеті. Ғасырдан-ғасырға, жылдан-жылға дәстүр болып 
жалғасын тауып келе жатқан отбасы құндылықтарының мәнін кетірмей
жаңғыра түсейік, рухани болмысымызды жоғалтпайық!
Ақпарат дереккөзі: 
https://massaget.kz/blogs/25953/
 
1.Мәтіндегі негізгі ой 
А) Ұлы Абайдың ұлағатты сөздері 
В) «Мерейлі отбасы» байқауы 
С) Отбасы − тәрбие бастауы 
Д) Ұлттық салт-дәстүрлер 
Е)Тәрбие бастауы − ұлттық құндылық 
2.Мәтіннің екінші және үшінші азатжолына сәйкес келетін ақпарат 
А) Cалт-дәстүрді ұлықтау – парыз. 
В) Балаға мінез ата-анадан жұғады. 
С) Тәрбиенің берілуін қадағалау қажет. 
Д) Құндылықтарды ұмытуға болмайды. 
Е) Құндылықтарды дәріптеу керек. 
3.Мәтіндегі басты тірек сөздер 
А) отбасы, ұстаз, құрбы, дәстүр 
В) ұлт, болашақ, құндылық, көзқарас 
С) ұлт, бала тәрбиесі, қаржы, этика 
Д) тәрбие, ата-ана, дәстүр, құндылық 
Е) дәстүр, отбасы, құрбы, ұстаз 
4.Мәтіннің стилі 
А) Көркем әдебиет стилі 
В) Ғылыми стиль 
С) Публицистикалық стиль 
Д) Ауызекі сөйлеу стилі 
Е) Ресми іс-қағаздар стилі 


5.Мәтіннің мақсатты аудиториясы 
А) балалар 
В) оқырмандар 
С) ғалымдар 
Д) ұстаздар 
Е)көрші адамдар 
6. Бала тәрбиесіне ата-анадан кейін ықпал етушілер 
А) жақын адамдар 
В) құрбы-достар 
С) көрші-қолаңдар 
Д) туған бауырлар 
Е)Құндылықтарды неше түрге бөлуге болады? 
7. Мәтінде жауабы бар сұрақ 
А) Әр шаңырақтың міндеті қандай? 
В) Отбасылық саясат дегеніміз не? 
С) Құндылықтың неше түрі бар? 
Д) Рухани болмыс дегенді қалай түсінесің? 
Е)Құндылықтарды неше түрге бөлуге болады? 
8. Құрмалас сөйлемді табыңыз. 
А) Ол халқымыздың тарихымен бірге сабақтасып келе жатқан отбасылық 
дәстүрлер, этикасы мен мәдениеті болып табылады. 
В) Әлбетте, отбасылық саясаттан бөлек отбасылық құндылықтарды да 
ұмытуға болмайды. 
С) Кішкентай кезінен атасының не болмаса әжесінің айтқандарына құлақ 
түретін ұрпақ болса, оның арты тек жақсылыққа әкеледі. 
Д) Бойларымызға жақсылықты дарытқан, мардымды істер жасауға 
дағдыландырған барша аналарға мың алғыс!
Е) Ұрпақтар сабақтастығы тек осылайша жалғасын таппақ. 
9. Қаншалықты шаршап-шалдығып жүрсе де, ата-ана бала тәрбиесіне мән 
берулері тиіс. Берілген сөйлем сабақтас құрмаластың қай түрі? 
А) Мезгіл бағыныңқы сабақтас 
В) Қарсылықты бағыныңқы сабақтас 
С) Мақсат бағыныңқы сабақтас 
Д) Себеп бағыныңқы сабақтас 
Е)Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас 


10.Тәрбиенің негізі жанұядан бастау алатындықтан, оған немқұрайлылық 
таныту мүмкін емес. Берілген үзінді сабақтас құрмаластың қай түрі? 
А) Шартты бағыныңқы сабақтас 
В) Мезгіл бағыныңқы сабақтас 
С) Мақсат бағыныңқы сабақтас 
Д) Себеп бағыныңқы сабақтас 
Е)Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет