Нұсқаулық: Контекстті мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз.
Тыныс алу
Тынысалу- ағза мен қоршаған орта арасындағы газ алмасу.Тынысалу мүшелеріне мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмей, кеңірдек, бронхылар мен өкпе жатады. Ауа өкпеге бронхылар бойынша өтеді. Бронхиолалар өкпе көпіршіктері-альвеолалар арқылы аяқталады. Әрбір альвеола қан капиллярлы торымен шырмалған. Ол оттекпен қанығып, артерия қанына айналады. Тыныс алу типтері. Энергия алу үшін қоректік заттардың оттексіз ыдырау үдерісі анаэробты тыныс алу деп аталады. Оттексіз тіршілік ете алатын тіршілік иелері-аэробты ағзалар деп аталады.
Анаэробты және аэробты тыныс алудың химиялық реакциялары жинақталған түрде мынадай болады:
Анаэробты үдеріс: С6Н12О6---2С3Н6О3+2АТФ Аэробты үдеріс: С6Н12О6 6СО2+Н2О+36 АТФ