Қазақстанның елордасы елдің барлық өңірлеріндегі талапкерлер үшін тартымды орталыққа айналды. Мұнда отандық білім беру ісінің жетекшілері – Назарбаев Университеті, Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Қазақ ұлттық өнер университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің филиалы, Астана медициналық университеті орналасқан.
Климаты
Қала климаты аса континенталды. Жазы ыстық және құрғақ, ал қысы суық, ұзақ. Орташа жылдық температурасы 3,1 °C. Жауын-шашын жылына 300 мм түседі. Жаздың орташа температурасы шамамен 20°С болғанымен, Орта Азияның ыстық ауа массаларына байланысты максималды температурасы 40 °C болуы да мүмкін. Ал қыстың орташа температурасы −15 °C шамасында, кейде Сібір аяздарының қалаға жетуіне байланысты -50°C аязға дейін баруы мүмкін. Нұр-Сұлтан Ұланбатырдан кейінгі әлемдегі ең суық астана болып саналады
Өнеркәсібі
Өндеу өнеркәсібі құрамында ең көп үлес алады:
Метал емес өнімдерді, құрылыс материалдарын өндіру (30,3 %),
Тамақ өнімдерін жасау, сусындарды қоса (20,1 %), ет комбинаты, май зауыты, сүт комбинаты, диірмендер;
Метал өнімдерін жасау (16,2 %), «Металлист», насосты, шойын құю;
Машина жасау (15,6 %), вагондарды жөндеу, сорғы және басқа да кәсіпорындар;
1 % аз тоқыма және тігін өнеркәсібі, ағаш өңдеу және ағаштан жасалған бұйымдарын өндіру.
Экологиясы
Қаланың табиғи ортасы (су көздері, ауа, жер қабаты және т.б.) белсенді антропогендік әсерге ұшырап отырады. Бәрімізге мәлім, кез келген аумақтың экологиялық жағдайы атмосфералық ауаның ластану индексі (АЛИ5) интегралды көрсеткішпен сипатталады. Астана қаласындағы атмосфералық ауа ластануының орташа индексі 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында 3,25 бірлікті құрады, яғни, бұл 2012 жылғы ластану индексімен салыстырғанда (3,78) 0,53 бірлікке аз деген сөз. Астананың атмосфералық ауаның ластаушылардың негізгі үлесін құрайтындар: автокөлік құралдары – 53 %, ЖЭС-1 және ЖЭС-2 – 25%, басқа стационарлық көздері (автономды қазандық, жеке кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер) – 17%»,